Таңдайыңды қақпа, тізеңді құшақтама, қолыңды төбеңе қойма: қазақтың ырым-тиымдары не мағына береді

2 минуты Жулдыз Актаулова
Таңдайыңды қақпа, тізеңді құшақтама, қолыңды төбеңе қойма: қазақтың ырым-тиымдары не мағына береді

Қазақ халқы сан қилы ырым-тиымдарға өте бай — олардың арасында жақсыға да, жаманға да жорылатындары бар. Бұл халықтың салт-дәстүрінің ерекше де ажырамас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа таратылып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі қазақ халықының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінде шынымен кең көрініс береді.

Ырым мен тиымды ажырата білу дұрыс. Этнограф Досымбек Қатранның сөзіне сүйенсек, тыйым деп белгілі бір жағдайда ғана жасалатын әрекеттер мен әдеттерді айтады. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірде жасауға тыйым салынатын дүниелер болып табылады. Ал ырым болса, халықтың сенімінен пайда болған ұлттық ерекшелік. Жаңа шолуда STEPPE редакциясы қазақтың ырымдары мен тиымдары жайлы бөліседі.


Айналмақ

Қазақта «Айналмақ» деген ырым бар. Ол өзін-өзі біреудің жолына құрбан еткісі келген адамның жасайтын ырымы екен. Ауырып жатқан науқасты үш айналып шыққан адам өзін солай садақа етеді. Жақсы көретін адамына «айналайын» деп еркелетіп айту да осыдан шыққан. 

Аластау

Оттың киесіне сенген халық аластауды тазарту мақсатында өткізілетін ұшықтаудың бір түрі болып табылады. Бұл көне дәуірден бері келе жатқан, халықтың наным-сеніміне негізделген, бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтайтын әрекеттер. Ырымның атауы «алас», яғни «от» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан, ал рәсімнің өзі оттың көмегімен жасалады. Адамдар отқа табынған кезден бері пайда болған ырым екен. Жаңа үйге көшкен кезде от тұтатып, онымен бесікті, босағаны, бөлмелерді, тағы басқа жерлерді айнала аралап өтіп жүріп, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деп айтады.

Тізеңді құшақтама

Халық арасында жамандық шақырушы әдеттердің бірі — отырған кезде тізе құшақтау болып табылады. Неліктен тізе құшақтауға тиым салынғанын сұрастырған кезде, адамдар әдетте қысқаша «жаман болады» деген жауап қайырады. Бұл қазақтың салтында «жалғыз қалудың белгісі» ретінде кең танылған, бала тәрбиесінде көп қолданылатын тиымдарының бірі.

Отқа май құю

Отқа қатысты қазақтың белгілі этнографы Шоқан Уәлиханов өзінің мақалаларының бірінде былайша айта кеткен: «От киелі болып саналады, оған түкіруге немесе ошақты басуға болмайды. Қыз бала келін болып түскенде, әкесінің үйіне кіріп, сәлем беріп, "әруақ разы болсын" деген ниетпен, отқа бір қасық май құю керек». Қыз тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді де, сол кезде, енесі немесе үй ішінен әйелдердің бірі май құйылған отқа алақанын қыздырып, келіннің бетін сипайды. 

Екі қолды төбеге қойып отырма

Қазақтың тағы бір тиымдарының бірі — екі қолды төбеге қойып отырмау екен. Бұл әрекетке неліктен тиым салынғанын «басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады» деп түсіндіріледі. Егер адам төбесіне қолын қойып отырса, ол басына жамандық шақырады деген сенім бар, бұл халық арасында кең тараған нанымдардың бірі болып табылады.

Тізе бүгу

Қазақтың үйіне жолы түсіп, шаруамен келген адам тізе бүккенді жөн көрген. Тым асығыс болғанына қарамастан, үй иесімен амандық сұрасып, аз уақыт болсын отыруы керек. Бұл — жолаушының шаңырақ иесіне деген құрметінің бір белгісі.

Таңдайыңды қақпа

Бала кезде ойнап жүріп, таңдай қаққан кездері, үлкендерден «таңдайыңды қақпа, жаман болады» деген сөзді көп адам естіген болар. Көбіне өлім-жітім, жаманшылық шақыру белгісі болып табылады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Оскар премиясы: саяси ойын, әлде кинематография салтанаты ма?

Оскар премиясы: саяси ойын, әлде кинематография салтанаты ма?

Жылдар бойы «Оскар» әртістердің шоқтығы биік ойынын және сюжетті әңгімелеу өнерін салтанатты марапаттау рәсімі болып саналатын...

3 минуты
3 минуты
Кәріс шоулары қазақстандықтарға несімен қызықты

Кәріс шоулары қазақстандықтарға несімен қызықты

Кәріс шоулары соңғы жылдары әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие болып, Қазақстанда да жастар арасында ерекше қызығушылық...

5 минут
5 минут
6 заманауи қазақ ақыны: täuel[x]sız арт-жоба аясында өзекті мәселелерді поэзия арқылы көтеру

6 заманауи қазақ ақыны: täuel[x]sız арт-жоба аясында өзекті мәселелерді поэзия арқылы көтеру

täuel[x]sız — поэзия мен заманауи өнерді ұштастыратын арт-жоба аясында өткен JERGE TABYN ADAM ENDI қорытынды кешінде...

3 минуты
3 минуты
ҚҚС-тың 12%-дан 20%-ға өсуі: бизнес пен қоғамға әсері қандай?

ҚҚС-тың 12%-дан 20%-ға өсуі: бизнес пен қоғамға әсері қандай?

Сарапшылар дабыл қағуда STEPPE Finance негізін қалаушысы Арман Құсайынов пен қаржы сарапшылары бұл шешімнің пайдасынан гөрі...

2 минуты
2 минуты