Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар
Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі подкаст индустриясы айтарлықтай жанданып келеді. Көбінесе әлеуметтік желі мен YouTube алаңында...
Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі.
Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде, майдан даласында және тылда көрсетілген ерліктерді еске алып, ардагерлерге алғыс айту дәстүрге айналды. Осы дәстүрді құптай отырып, бүгін біз еліміздің тарихында ерекше орын алатын тұлға — алғашқы қазақ әйел ұшқыш, 588-ші түнгі бомбалаушы полкінің штурман-атқышы Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әмірұлымен әңгіме өрбіттік. Батыр әйелдің күнделікті өмірі мен майдандағы деректері, шындық пен жиі айтылатын аңыздардың айырмашылығы, сондай-ақ отбасы ішінде сақталған шынайы естеліктер туралы сөз қозғадық.
Хиуаз Доспанова — майдангер ғана емес, тұлғалық келбетімен де өз замандастарынан ерекшеленген қайсар әйел. Ерболат мырза бала кезінде анасы туралы ертегілер айтпағанын, тек өзі сұраған кезде ғана қысқаша өлеңдер айтып бергенін еске алады:
«Ертегілер айтпады. Есімде, кішкене жасымда мектептен келіп, ауырғанда оқып берші деп өзім сұрайтынмын. Сол кезде айтып беретін бір-екі шумақ өлеңі әлі есімде», — дейді ол.
Анасының мінезін Ерболат Әмірұлы ата-анасына ұқсатады, әсіресе әкесінің қызуқанды болмысы мен ұшақ апаттарынан салдары әсер еткенін айтады:
«Әкесі өте қызуқанды адам болған, сонымен бірге 2 рет ауыр апатқа ұшарағаны да әсер еткен болуы керек. Біріншісінде басынан соғылып, конфузия болды, екіншісінде сүйектері сынып, қайтадан дұрыс бітпей, оны қайта сындырып дұрыстауға мәжбүр болған. Соның әсері тиген деп ойлаймын», — дейді Ерболат мырза.
Хиуаз 1922 жылы 15 мамырда қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин ауылында дүниеге келген. Мектепті алтын медальмен тәмамдап, Орал аэроклубында ұшқыш куәлігін алған. 1940 жылы Мәскеудегі 1-Медициналық институтқа оқуға түсіп, 1942 жылы өзі сұранып, майданға — әйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы полкіне жіберіледі.
Бұл полкті кейін Кеңес одағы «гвардиялық» мәртебе беріп, халық арасында «Ночные ведьмы» деп атаған. Олар шабуылға түнгі уақытта, моторларын өшіріп, үнсіз ұшып бара жатқанда фашистердің бойына қорқыныш үйірілген.
Хиуаз Доспанова майданда жау тылына 300-ден аса ұшқан. Жауынгерлік ұшу тапсырмаларын орындауда ерекше көзге түскен. Алайда майдан шындығы әрқашан романтикалық сипатта бола бермеген:
«Соғыс туралы аса көп айтпайтын. Жадымда сақталған өлеңдер анамның полкі жойғыштар полкімен кездесіп, сол уақытта жатталған шығар деп ойлаймын», — дейді Ерболат мырза.
Ол анасының айтқан өлең шумақтарын еске түсіреді:
«Эх, крепки!
Ребята — “ястребки”!
С “мессершмидтом” справится любой…»
«Аэрокобра — чудесная машина,
Аэрокобра вся в тумблерах кабина,
Аэрокобра электрика кругом,
Моторчики жужжат как сумасшедший дом.»
Ең ауыр сәттердің бірі – ұшақ апаты еді. Хиуаз соғыс кезінде екі ауыр апатқа ұшыраған. Соның бірінде ұшағы әуеде басқа бір ұшақпен соқтығысқан.
«Сол кезде төрт қыз да қаза тапты деп ойлап, мәйітханаға апарған. Бірақ тексеретін қызметкер “Доспанова әлі жылы” деп, дереу госпитальға жіберген», — дейді ұлы.
Соғыстан кейін медицинаға оралмаған. Майданда жараланғандарды көріп, сол мамандықтан бас тартқан. Оның орнына партия және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолын таңдайды. Атырау мен Алматыда партия мектебін аяқтап, кейінірек Орталық Комитетте, Жоғарғы Кеңесте жұмыс істеді. Бірақ 37 жасында, денсаулығына байланысты зейнетке шығуға мәжбүр болды.
1950-жылдары Орталық Комитеттің жауапты қызметкері ретінде жұмыс істегенімен, қарапайымдығы мен тік мінезін жоғалтпаған.
Соғыс аяқталғанын құрбыларымен Мәскеудегі Үлкен театрға барып қарсы алатын болған. Ұлы Ерболаттың айтуынша, Хиуаз отбасында қамқор әже болған:
«Немерелері жанында өсті, олардан сұрасаң “Әже бізді жақсы көрді” деп айтатын шығар. Олар мақтанып өсті. Ал маған ешкім анамды “батыр” деп айтқан жоқ. Мен 54 жасымда ғана оған “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Ал олар (немерелері) естіп өсті, мақтанышпен қарайтын».
Кейінгі жылдары анасының ерлігіне лайықты құрмет көрсету жайында үнемі айтып жүрген Ерболат мырза биылғы 80 жылдыққа байланысты елге маңызды ұсынысын жеткізді:
«Ешқандай атақ беріп қажет емес. Оның орнына Қазақстанның түкпір-түкпірінде — облыс орталықтарында, ауылдарда — аэроклубтар ашу керек. Жастар авиациямен айналыссын, үйренсін. Жеріміз кең, мүмкіндігіміз бар», — дейді ол.
Хиуаз Доспанова — аңыз адам ғана емес, шынайы тұлға. Оның өмірі — жалған пафостан ада, нақты іспен жазылған ерлік шежіресі. Ең қауіпті майдан жолынан өткеннен кейін де, ол қарапайым өмір сүруді, еңбектенуді, білімге ұмтылуды мақсат етті. Бүгінгі ұрпақ оның тағдырынан үлгі алып, еліміздің болашағына қызмет етуге тиіс.
9 мамыр — Хиуаздай қаһарман әйелдерге тағзым етіп, тек өткенді емес, болашақ үшін де ойланатын күн.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)