Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

3 минуты Ардақ Құлтай
Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі подкаст индустриясы айтарлықтай жанданып келеді. Көбінесе әлеуметтік желі мен YouTube алаңында басталған бұл үрдіс бүгінде өзіндік аудиториясын қалыптастырып, сапалы әрі мазмұнды жобалармен толықты. Жаңашыл podcaster-лер заманауи тақырыптарды қозғап, тыңдармандармен терең әрі ашық диалог орнатып жатыр. Бұл мақалада YouTube-тегі қазақ тіліндегі жаңашыл әрі пайдалы подкаст жобаларымен танысып шығамыз.


Kozqaras podcast

Оның авторы — Роза Әшірбаева жобаны «жай ғана подкаст емес, түрлі пікір мен көзқарас айтылатын ой-талқы алаңы» деп таныстырады. Мақсаты — көп жағдайда көлеңкеде қалып қоятын тақырыптарды айту, қоғам үшін маңызды мәселелерді көтеру.

Бір жыл бұрын басталған жобаның қазіргі таңда YouTube-тегі арнасында 28,2 мың адам жазылған. Осы уақыт ішінде 19 шығарылым шыққан. Жобаның көтеретін тақырыптары әйелдер мәселесі, ер мен әйелдің қарым-қатынасы, теңдік пен кәсіп.

OncoTalk

Толыққанды аудитория жинай алмаған жобаларды да таныстыруды жөн санадық. Мәселен ең маңызды тақырыптарды көтеретін OncoTalk жобасы жырты жылға жуық уақыт өтсе де, 255 қана жазылушысы бар. Алайда көтерер жүгі көп, мәселен жоюа қонақтары қатерлі ісік туралы ақпараттану деңгейін көтеру, алдын алу және диагностикалау мәселелерін түсіндіреді.

Бүгінге дейін 6 шығарылымы бар.

AiKerim Yessenali

Журналист Айгерім Есенәлінің жобасы — AiKerim Yessenali, YouTube желісінде 10 мыңға жуық адам жазылған. Жоба 1 жыл бұрын басталып, бүгінге дейін 16 шығарылым дайындаған.

Подкаста қоғамдық өзекті әрі маңызды тақырыптар қозғалады, мәселен, экономика, психология, кәсіп, тіл білу, феминизм тақырыптары көтеріледі.

Narikbi LIVE

Арна авторларының берген сипаттамасы бойынша, бұл жоба — кәсіби және рухани даму жайлы подкаст. Үш жыл бұрын басталған жобада бүгінге дейін 120 шығарылым әзірленген. Подкаст қонақтары әртүрлі тақырыпты көтереді, мәселен, дін, білім алу, саяхат, кәсіп, технология. Бүгінде 82,8 көрермені бар.  

«Әдеби терапия»

«Әдеби терапия» — қазақ әдебиеті мен кино туындыларға ғылыми тұрғыда талдау жасауға бағытталған жоба. «Ата-бабамыздан келе жатқан қоғамдық «травманы» әдеби терапиямен емдейік», — деп таныстырады жобаны авторлар. Youtube-тегі арнасында мыңға жуық адам жазылған.

Подкаст жүргізушілері қонақтармен бірге әдеби шығармалар мен кинофильмдерді талқылап, талдау жүргізеді. Мәселен, жазушы, драматург Дулат Исабековтің танымал «Гауһар тас» повесіне әдеби талдау жасалған. Сондай-ақ қонақтар ақын Мағжан Жұмабаевтың бізге жеткен жалғыз прозалық туындысы — «Шолпанның күнәсі» әңгімесіне әдеби талдау жасайды.

Kitapal

YouTube-те 50 мыңнан аса фолловер жинаған жоба — Kitapal. Кітап дүкенінің өкілдері жасаған подкаст көрерменге адамның жан-жақты дамуына бағытталуымен ұнайды. Мәселен жоба қонақтары жастайынан кәсіппен шұғылдану, тіл меңгеру, жиһангездік, пайдалы кітаптар туралы әңгіме өрбітеді.

OY-DETOX (Ainel Amirkhan)

Бұл арнада тек подкаст емес, Әйнел Әмірханның шығармашылығына арналған. Оның ішінде көрерменге дамытатын, жаңашыл әрі пайдалы подкаст айдары бар. Қазіргі таңда 2,85 мың адам жазылған подкастта қонақтарымен елдегі ядролық сынақтар, елдегі жемқорлық проблемасы, тәуелсіз журналистика, феминизм сияқты тақырыптарда сөйлейді.   

Әрине, біз келтірген подкастар қандай да бір рейтингпен немесе көрермен санымен топталған жоқ. Қазіргі таңда көрерменге берері бар, өзекті әрі маңызды тақырып көтеретін алаңдарды ұсынуға тырыстық.


Қазақ тіліндегі подкасттар — ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар, қоғамның санасын өзгертуге ықпал ететін күшке айналып келеді. Жас авторлар мен жүргізушілер жаңашыл идеялар ұсынып, аудиторияны тәрбиелеуге және дамуға бағыттайды. Егер сіз де қазақ тіліндегі заманауи, сапалы контентті іздесеңіз, аталған подкасттарды міндетті түрде тыңдап көріңіз.

Статьи STEPPE

Тахир Халимназаров: Шерзат ісінде көпшілік түсінбей отырған мәселелер бар

Тахир Халимназаров: Шерзат ісінде көпшілік түсінбей отырған мәселелер бар

Тахир Халимназаров — ел Тәуелсіздік алған жылдан бері, 34 жыл бойынша сот-медицина сараптамасы саласында жұмыс істеп келеді...

6 минут
6 минут
NB — ALPHA тобының басты вокалисі Нұрлыбек Хамитпен өнер, Q-POP және үлкен армандар туралы

NB — ALPHA тобының басты вокалисі Нұрлыбек Хамитпен өнер, Q-POP және үлкен армандар туралы

NB лақапатымен танымал Нұрлыбек Хамит — ALPHA тобының басты вокалисі. Ол бала кезінен музыкаға ғашық болған. STEPPE-ке берген...

3 минуты
3 минуты
Лило, Стич және қазақша дубляж: сүйікті кейіпкерлер қалай қазақ тілінде сөйлей бастады

Лило, Стич және қазақша дубляж: сүйікті кейіпкерлер қалай қазақ тілінде сөйлей бастады

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық айтарлықтай артты. Бұл үрдіс тек әлеуметтік бастамалар мен білім беру...

5 минут
5 минут
Бишімбаев үкіміне 1 жыл: Роза Әшірбаева атышулы істен кейін қоғамда не өзгергенін айтты

Бишімбаев үкіміне 1 жыл: Роза Әшірбаева атышулы істен кейін қоғамда не өзгергенін айтты

2024 жылдың мамырында қоғамда үлкен резонанс тудырған Бишімбаев ісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Бұл тек бір адамның...

8 минут
8 минут