Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Триатлон тарихы өз бастауын Франциядан алады. 1920 жылы Франция жерінде заманауи триатлонға ұқсас бірінші сайыстар өткен. «Les Trois Sports» деп аталған сайыс: үш км жүгіру, 12 км веложарыс пен Марна арнасын кесіп жүзіп өтуден тұрған болатын. Сайыскерлер барлық үш кезеңді еш үзіліссіз бағындырған болатын.
Заманауи триатлонның пайда болған уақыты – 25 қыркүйек 1974 жыл. Жүгірудің, жүзудің және велосайыстың шеберлері бірлесіп клуб құрып,жаттыға бастады. Триатлон бойынша бірінші чемпионатты Джек Джонстоун мен Дон Санаан ұйымдастырды. Бірінішілікке 46 спортшы қатысқан.
Классикалық триатлон бойынша алғашқы сайыстар 1977 жылы, ал бірінші еуропалық сайыстар 1981 жылы Чехославакияда өткізілді. 1989 жылы Халықаралық Триатлон Одағы International Triathlon Union, қазір – World Triathlon құрылып, триатлонды олимпиаданың бағдарламасына енгізуді мақсат тұтты. Осы жылы алғаш рет әлем чемпионаты өтті.
Бүгінде әлемнің түрлі елдерінде түрлі қашықтықтағы триатлон сайыстары өткізіледі. Стандартты олимпиадалық қашықтық 1500 м жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіруден құралады. Оны 1980 жылдары Джим Керл жүзеге асырған. Триатлон 2000 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп, олимпиадалық спорт түріне айналды.
Қазақстанда 1992 жылы спорттың жаңа түрі – триатлон пайда болды. Отандық спортшылар жаңа спорт түріне қызуғышылық танытып, өз күштерін сынап бастады. Дмитрий Гааг заманауи және теңіз бессайысынан кетіп, триатлоншы болып қайта даярланды. Дмитрийдың Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі үздік спортшылардың қатарынан шығатының ешкім болжаған жоқ.
2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Дмитрий Гааг
жүлделі орынға бір қадам жетпей, 4-орынды иеленді. Сиднейде Қазақстан намысын тек Гааг қана емес, Шымкент триатлон мектебінің шәкірті Михаил Кузнецовте қорғады. Михаил күншығыс елінде өткен құрлықтық біріншілікте Гаагпен бірлесе алғаш болып жүлделі екінші орынды иеленді.
Дмитрий Гааг – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық триатлон спорт шебері. 1971 жылы 20 наурызда Қарағандыда дүниеге келді. Қазақстанның үздік триатлоншысы. Ол 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қатысуышысы — 4-орын, 2004 жылы Афинада өткен ойындарда 25-орын иеленушісі. Көптеген чемпионаттардың, Әлем кубогы, кезеңдік, аймақтық чемпионаттардың жеңімпазы мен жүлдегері. 2000 және 2004 жылдардағы Әлем кубогының иегері.
Халықаралық аренада 2005-2010 жылдар аралығында қазақстандық триатлоншылар Азиялық және әлемдік чемпионаттарға қатысып, 65 медаль — 27 алтын, 22 күміс пен 16 қола жеңіп алды.
Александр Винокуров – қазақстанлық кәсіби велоспортшы, 2012 жылғы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Pro Team Astana велокомандасының басшысы, әуесқой триатлоншы. Ниццада өткен Ironman 70.3 және Каилуа-Конада өткен Ironman 140.6 чемпионаттарында өз жас тобында бірінші орын алып, чемпион атануымен қазақстандық әуесқой триатлонның дамуы мен танымал болуына ерекше үлес қосты.
2015 жылы Алматыда қазақстандық триатлон тарихында алғаш рет кәсіби спортшылар және әуесқойлар да қатысқан Almaty Triathlon чемпионаты өтті. Әуесқой спортшылардың көбі алғаш рет спорттық велосипедтерге отырып, алғаш рет ашық суда жүзіп, өзара сайысты. Мұның барлығы триатлонды елде танымал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында атқарылған жұмыс болатын. Сайысқа еліміздің түрлі аймақтары мен алыс-жақын шетелден келген 150 спортшы қатысты.
Екатерина Шатная – Афинада өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, I Love Supersport Running бапкері. Колумбияда өткен триатлоннан Панамерика кубогының жеңімпазы. Қазақстанның абсолютті чемпионы. АҚШ-та өткен IRONMAN 70.3 әлем чемпионаты, Берлин, Амстердам мен Гонконг марафондарына құрлықтық біріншілікке қатысқан.
2015 жылы Қазақстан триатлон федерациясының (ҚФТ) қолдауымен тоғыз спорттық іс-шара өткізілді. Осылайша, ҚФТ ең серпінді дамып келе жатқан қоғамдық ұйым мәртебесін растады.2016 жылы 12 сайыс, 2017 жылы 13 іс-шара, оның ішінде 1 халықаралық сайыс өткізілді.
2018 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Көкшетау, Тараз, Қостанай, Павлодар, Қарағанды мен Ақтауда 13 сайыс ұйымдастырылды. Сайыстардың ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы еліміздегі триатлонның дамуына үлкен септігін тигізді.
2019 жылы сайыстар картасында бұрын соңды триатлон сайыстары өткізілмеген жаңа аймақтар пайда болды. Қазақстандық Триатлон Федерациясы Нұрс-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Кентау, Тараз, Қапшағай, Ақтөбе, Бурабай, Қарағанды, Орал, Өскемен, Павлодар мен Ақтауда 15 ірі додалар өткізді.
Триатлонды танымал ету жолында ұлттық құрама мүшелері де қызмет атқарды. Спортшылар Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Темірлан Теміров, Мейрлан Ысқақов, Семен Пивоваров пен Александр Тен Орта Азия және құрлықтық Азия чемпионаттарында үздік болды. Арина Шульгина болса қазақстандық әйелдер триатлоны тарихында алғаш рет Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Арина Шульгина — триатлонның ұлттық құрама мүшесі, көптеген қазақстандық және халықаралық сайыстарда топ жарған спортшы. Қазақстандық әйелдер триатлоны тарихында алғаш рет 2019 жылы Оітүстік Кореяда өткен құрлықтық Азия чемпионатында қола жүлде ұтып алған спортшы.
Триатлонның дамуы мен танымал болуына ерекше үлес қосқан — Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров. Ол Ниццада өткен Ironman 70.3 және Каилуа-Конада өткен Ironman 140.6 чемпионаттарында өз жас тобында үздік болып, әлем чемпионы атанды.
2019 жылдың атаулы оқиғасы деп Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының Central Asian Triathlon Association – CATA құрылуын атауға болады. Бүгінгі таңда жаңадан құрылған халықаралық ұйым құрамына Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстан кіреді. САТА Орта Азиядағы триатлонның деңгейін арттыруға белсене кірісіп кетті.
Аян Бейсенбаев — триатлоннан ұлттық құрама мүшесі, көптеген қазақстандық және халықаралық сайыстарда топ жарған спортшы. 2018 жылы Палембангта өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.
2020 жылғы коронавирус себебінен ешқандай сайыстар өткізілмеді. 2021 жылы Қазақстандық Триатлон Федерациясы Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкент, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Ташкент, Ыстық көл және Душанбе қалаларында он үш іс-шара жоспарлап отыр.
Бұл материал «Қазақстан спортының 30 тұлғасы» жаңа сериясының бір бөлігі болып табылады. Егемендік алғалы бері, 30 жыл ішінде отандық спортты дамытып келе жатқан тұлғалармен танысамыз.
Көбірек танысу үшін
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)