Жасыл энергетика ма, пайдалы қазбалар ма? Қайсын таңдаймыз?

6 минут Бауыржан Биахметов
Жасыл энергетика ма, пайдалы қазбалар ма? Қайсын таңдаймыз?
Партнерский

Жасыл энергетиканың әлеуметтік әділетке және елдер мен адамдар арасындағы экономикалық теңсіздікке байланысы – өте күрделі және толыққанды талдауды қажет ететін тақырыптардың бірі. Атмосферадағы парник газдар концентрациясы артып кеткені салдарынан климат өзгергедіктен, дүниежүзі елдері жасыл энергетикаға көшіп жатыр.

Париж келісімі аясында әлем елдері мен коммерциялық ұйымдардың біразына шығарылатын парник газдар мөлшерін азайтсын деген міндет жүктелді. Бірақ бірқатар кедей немесе дамушы елдердің қазба отын түрлерінен алынатын энергиядан бас тартып, жасыл энергия көздеріне көшуге мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі болып отыр. Сондай-ақ бұл елдердің қазба отынға тәуелділігі қоғамда бар теңсіздікті одан бетер ұлғайта түседі.


Жасыл энергетикаға көшу неге керек?

Тарихқа көз жүгіртсек, осы уақытта индустриясы және экономикасы дамыған елдердің көбі кезінде орманды алқаптарды отап, алып су бөгеттерін салып және қазба отыннан энергия өндіру арқылы қоршаған ортаға алапат зиян келтірді. Бұл дамудың сатысына кеш келген көптеген қазіргі дамушы немесе кедей ел пайдалы қазба отынынан бас тартып, сарқылмайтын энергия көздеріне көшуі олардың ары қарай дамуына бөгет болады деген ой қалыптасқан. Бұл мемлекеттердің көбінде көмір, мұнай және газ секілді арзан энергия өндіруге мүмкіндік беретін қоры бар. Бұл мемлекеттер неліктен қымбат сарқылмайтын энергия көзіне көшуі керек деген сұрақ туады. Cұрақтың жауабы климат өзгеруінің адамдарға немесе қоғамға әсерінде жатыр. 

Планета жылынса, өрт,1 топан су, қуаңшылық, таза су тапшылығы секілді табиғи апаттар жиілеп, ауқымы ұлғаяды. БҰҰ БЖКБ мәліметіне сәйкес, климат өзгеруінің салдарынан болған табиғи апаттардан жылына 20 миллион адам үйін тастап, басқа аймақтарға немесе елдерге көшуге мәжбүр2 және олардың көбі – кедей елдердің азаматтары. Яғни климат өзгеруі кедей және дамушы елдердің орнықты дамуына тосқауыл болып, оларда онсыз да бар экономикалық теңсіздікті одан бетер ушықтырып жатыр. Дүниежүзілік Банктің болжамына сүйенсек, 2030 жылға қарай климат өзгеруінің әсерінен қосымша 68–135 миллиондай адам кедейленуі мүмкін.

Климат өзгеруін және оның әсерінен туындайтын экономикалық теңсіздікті немесе басқа да мәселелердің одан әрі ушығуын тоқтатудың негізгі жолы – жасыл энергетикаға көшу, алайда кедей немесе дамушы елдердің өздігінен қолда бар пайдалы қазбасынан бас тартып, жасыл энергетикаға көшуге шамасы жете бермейді. Экономикасы дамып кеткен мемлекеттер кезінде атмосфераға шығарылған парник газдардың басым бөлігінің иесі ретінде кедей немесе дамушы мемлекеттерге климат өзгеруінің салдарына бейімделуге немесе жасыл энергетикаға көшуге жан-жақты қолдау көрсетуі керек.

Кедейшілік циклі

Жалпы кедейшілік өсуіне көптеген фактор ықпал етеді және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Елдердің энергия тұтынудағы ерекшеліктерін және адам капиталын мысал ретінде қарастырсақ, мемлекеттің экономикасы әлсіз болса, адам капиталын дамытуға керек заман талабына сай білім мен ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Адамдардың білімі таяз болса, энергия қалай өндірілетінін, оның қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қаншалықты зиян екенін аңғармайды және жалпы өмірді жақсартатын басқа да  көптеген мүмкіндіктен бейхабар болады. Ал бұл, өз кезегінде, адамның денсаулығы нашарлауы мен табысы азаюына әсер етеді және жасыл энергияға көшуге керек төлемпаздықты төмендетеді. Ақыр аяғында, бұл елдің қарызы үсті-үстіне жинала береді, ал цикл тоқтамайды.


Кедейшілік циклін үзіп, шынайы және толыққанды тұрақты даму жолына түсу және басқа да теңсіздіктерді жою үшін әр салада оң өзгерістер болуы керек, соның ішінде энергетика саласының да рөлі маңызды. Қазір пайдалы қазбаларды энергия көзі ретінде қолдану тұрақты даму траекториясымен ұштаспайды, сондықтан бұл жалпы алғанда әлемде бар экономикалық және басқа да теңсіздікті одан бетер ұлғайтады. Пайдалы қазбалар өндіруші аз ғана компаниялар немесе тұлғалар тобы пайда табу мақсатында көп адамның мүддесін ескерусіз қалдыратыны жасырын емес. Негізгі түсінетін жайт: экономиканың дамуы, адамзаттың әл-ауқаты жақсаруы, қоғамда әлеуметтік әділет орнауы, жасыл энергетикаға көшу – бәрі бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Бұлардың біреуі өзгесінен тәуелсіз жүзеге асады деу мүмкін емес.

Экономикалық тұрғыдан жасыл энергетика қазба отынға қарағанда сенімді және орнықты

Адамзат дамуына қарай адам өмірінде электр және жылу энергиясы маңызды нәрселердің біріне айналған. Мысалы, кез келген адам қолданатын немесе оған керек затты алсақ, сол затты қолданғанда немесе өндіргенде белгілі бір энергия жұмсалады. Жұрттың қолы жететін энергия болуы – адамзаттың орнықты дамуына оң әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Қазір энергияның басым бөлігі көмір, мұнай, газ секілді пайдалы қазбалардан алынатыны белгілі. Осы пайдалы қазбалар бағасы қалай өзгергеніне көз жүгіртсек, біршама күмән туады. Шикі мұнай бағасының 70 жылдық тарихи диаграммасына назар аударсақ, мұнай бағасы түрлі оқиғаларға қарай өзгеріп отырғанын көреміз. Кей мемлекет мұнай немесе газ секілді энергетика ресурстарын саяси амбициясы үшін немесе өзге елдерге қысым көрсету тетігі ретінде пайдаланып келеді. Бұл, әрине, миллиондаған қарапайым адамның өміріне кері әсер етеді, жалпы қоғамның орнықты дамуын тежейді.

Ақпарат дереккөзі

Қазір болып жатқан көптеген саяси немесе басқа да жаһандық өзгеріс салдарынан адамзат турбулент заманға аяқ басты. Осы өтіп жатқан көптеген жаһандық өзгеріс энергия бағасына кері әсер етіп, жалпы бірқатар елде экономика құлдырауына, инфляция артуына, қоғамда бар экономикалық және әлеуметтік теңсіздік белең алуына ықпал етті.

Пандемия кезінде мұнай өнімдерін тұтыну күрт азайғаны салдарынан тек мұнай экспорттайтын елдердің экономикасы тұралап қалды. Батыс Техас аралық (WTI) мұнайының биржадағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге түсті. Бұл, әрине, адамзаттың орнықты дамуына кері әсер етері анық. Қазір пандамиядан бөлек түрлі себептерден мұнай немесе газ секілді отынның бағасы, керісінше, шарықтап кеткен. Еуропа елдері Украинадағы соғыс салдарынан жанармай және электр энергиясы бағасы өсуіне тап болып отыр, ал бұл, өз кезегінде, миллиондаған адамның энергетикалық кедейшілікке шалдығуына алып келді. Энергетикалық кедейшілік дегеніміз – тұтынушылар табысының басым бөлігін энергия төлемдеріне жұмсап, өзге шығынын өтеу мүмкіндігіне кері әсер еткенде туатын күй. Қыс түскенде жылу және электр энергиясына сұраныс артады, бұл, әрине, энергетикалық кедейшілікте күн кешіп жатқан адамдар санын одан бетер көбейтеді.

Дүниежүзіндегі пандемияға, күрделі экономикалық ахуалға, дүниежүзілік инфляцияға немесе болып жатқан саяси қақтығыстарға қарамастан, сарқылмайтын энергия көздерінен алынатын энергия құны төмендеп отыр және болжам бойынша келешекте де арзандай беруі ықтимал. Қазірдің өзінде 2020 жылғымен салыстырғанда құрлықтағы желден алынатын электр қуатының құны 15%, теңіздегі жел энергиясы 13% және фотоэлектр күн панелі беретін энергия 13% арзандады.4 2021 жылы орнатылған сарқылмайтын энергия көздерінің үштен екісі G20 елдерінде салынған ең арзан көмірмен жұмыс істейтін электржылуорталықтарынан әлдеқайда арзан түскен. Бұл, әрине, электр немесе жылу энергиясының бағасына оң әсер ету арқылы көп адамды электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Бұған қоса жалпы барлық заттың құны төмендеуіне, экономиканың орнықты дамуына пайдалы болып отыр. Әсіресе, қоғамның осал топтарына тура және жанама әсер ететіні айқын. 

Қорыта келе, мемлекеттер пайдалы қазбаға тәуелді болса, қоғамдағы экономикалық теңсіздік ұлғая береді, ал жасыл энергетика, керісінше, бұл теңсіздікті азайтады деп нық сеніммен айта аламыз.

Бұл материалдар сериясы Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының бастамасы мен қолдауымен жарық көріп отыр.

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты