Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Бүгінде ғаламтор ата-аналарға арналған подкастарға толы. Олар жаңа туған нәресте күтімі мен баланың ерте шақта дамуынан бастап, жасөспірімдерді тәрбиелеу мен отбасы динамикасына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Сарапшылардың сұхбаттары, әсерлі әңгімелер мен практикалық кеңестер бар бұл подкастар, ата-аналарға ақпарат алуға, жаңа стратегиялар үйренуге және ата-ана болудың қуаныштары мен қиындықтарын түсінетін пікірлес адамдар қауымдастығымен байланысуға және қолдаумен алмасуға кеңістік береді.
STEPPE редакциясы ата-ана болу және баланы тәрбиелеу жөнінде қызықты және танымдық мазмұнды ұсынатын подкастар және олардың ең қызықты болуы мүмкін деген эпизодтарын таңдап, кішігірім жинақ дайындады.
Үш әкенің бірігіп жасаған подкастында тек олар ғана емес, бірақ келген қонақтары да уайымдарымен, күлкілі оқиғаларымен және ата-ана ретінде өз тәжірибелерімен бөліседі. Александр Борзенко, Владимир Цыбульский және Юрий Сапрыкин өздері ғана емес, сәби үшін де өз мойнына жауапкершілік алған бетте, отбасылық өмір мен балалар оларды қалай өзгерткені туралы айтады.
Ұзақтығы: 30-50 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: «Просто сядь и сделай». У нас проблемы с мотивацией
Жүргізушілер «балалар үлкендердің оларға бірдеңе үйрету әрекетінен зарығып кеткен кезде не істеу керек?» — деген сұраққа жауап іздейді. Әкелер өздерінің бала кезінен қалған естеліктерімен бөлісіп, бірі қиын тапсырмаларға оңай қол сілтей салатындығын, екіншісі ата-анасымен бірге үй тапсырмасын орындау қиынға соққандығын айтады.
Бала тәрбиесіне арналған подкаст, Катя және Аня атты екі ананың бірлестігінен құралған. Олар эксперт ретінде емес, бірақ ана ретінде өз тәжірибелерімен, жеке ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесі жөніндегі көптеген аспектілерге тоқталады. Балаларға арналған кітаптардан бастап, неліктен отбасылық демалыстың қиынға түсетіндігіне дейін, әлемдегі әр отбасына таныс мәселелер жайында сөз қозғайды.
Ұзақтығы: 20-40 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Куда-то делось время
Бұл эпизодта балалы әйел ең жақсы жұмысшы деген стереотиптің қаншалықты рас екенін талқылайды.
Подкаст сериясы әртүрлі тақырыптарды көтеретін эпизодтардан тұрады, оларды біріктіретін бір түйінді сөз — балалар. Жобаның авторы — Қарлығаш Қабатова — Қазақстандағы жыныстық тәрбие тақырыбын зерттеуші. Ол Uyatemes.kz үшін арнайы подкаст жасап, сарапшылармен және қарапайым адамдармен ата-ана тәрбиесі, баламен өзара түсіністік және басқа да отбасылық мәселелерді талқылайды.
Ұзақтығы: 20 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Дети беззащитны, и им нужна внешняя помощь
Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың балалардың мінез-құлқына, психологиялық жағдайына және қалыпты отбасылық қарым-қатынас туралы көзқарастарына қалай әсер ететіні туралы айтылады.
Подкаст осыдан үш жыл бұрын «Маяк» радиосының хабары ретінде басталды. Жүргізуші — денсаулық, махаббат пен достық, конфликтіден шығу, тәрбиелеудің алғашқы жылдары және басқа мәселелерін педагог және жазушы Дима Зицер талқыға салады. Бұл қарым-қатынас негізі құрмет пен сүйіспеншілік болуы үшін балалармен қалай тілдесу керектігі туралы подкаст. Подкаст екі маусымнан тұрады.
Ұзақтығы: 70-90 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Родители-абьюзеры, копирование старших и отказ от спорта
Басқа қалада ата-анасынан жәбір көріп жүрген сіңіліңе қалай көмектесуге болады? Егер ұлыңыз құлақ аспай, көмектесуден бас тартса не істеу керек? Тыңдармандарының хатынан алынған осы және басқа да сұрақтарды жүргізуші ұсынылған эпизодта талқылайды.
Подкастың әр бөлімінде жаңа қонақ өзінің бастан кешірген оқиғасымен бөліседі. Біреу жылдар бойғы сәтсіз жүктілік әрекеттері туралы бөліссе, енді біреуі ана болуды таңдауға қалай келгендігі туралы айтады. Кейбіреулер үшін отбасы мен білім арасында таңдау болды, ал басқалары тек баласына ғана емес, өз ата-анасына да қалай қамқор болғандығы жайлы сөз қозғайды. Бұл подкаста ана болу және баланы тәрбиелеу туралы көптеген сұрақтар көтеріледі.
Ұзақтығы: 20-40 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: «Я боялась смотреть в глаза дочери» — Маша о послеродовом психозе
Бұл эпизодта подкаст кейіпкері босанғаннан кейінгі психозды қалай басынан өткергені және қандай қиындықтарды жеңуге тура келгені туралы әңгімелейді.
Балалы болуға дайын болғанымен, көптеген ата-аналарда сәбиге қандай күтім керектігі, оны қай кезде үлкендердің тағамына үйретуге болатындығы, шет тілін қай уақытта оқытуға болатындығы, күнделікті қанша рет ұйықтату жөн екендігі жайында сұрақтар туындайды. Осыған байланысты, бұл подкаста жеке тәжірибеге емес, бірақ психологтар мен баланың денсаулығымен айналысатын дәрігер мамандардың кеңесіне жүгінеді.
Ұзақтығы: 40-50 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Моя мама успевает всё: тайм менеджмент для родителей
Баланың пайда болуымен бірге уақытты жоспарлау маңызды. Осындай кезде ескеру қажет ерекшеліктер туралы мәселе көтеріліп, баласы бар ана барлық істерге ілесу үшін кеңістікті қалай ұйымдастыру керектігі туралы және бала мен мансап арасындағы таңдауға байланысты сұрақтар талқыланады.
Бала ұйқысы ата-аналар үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл подкаст тәрбиеге емес, бірақ сәбилерге бастапқыда ұйқысын түзетуге қалай көмектесуге болатындығы жайында кеңестер айтылады. Әр шығарылымда балалар ұйқысының маманы мен ақыл-ойды дамыту жөніндегі жаттықтырушы балаларға ғана емес, ата-аналарға да көмектесетін практикалық кеңестер береді.
Ұзақтығы: 20-30 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Самостоятельное засыпание и привязанность
Іңкәрлік дегеніміз не, ол не үшін қажет және ол баланың өз бетінше ұйықтап қалумен қалай байланысты екендігі жайында эпизод.
Подкаст жүргізушілері, психолог Сергей Пархоменко мен мұғалім Ирина Демина заманауи білім берудің қалай жұмыс істейтіні туралы әңгіме өрбітеді. Балаларға нені үйрету шынымен маңызды, қазіргі заманның гаджеттері оқуда қалай көмектесетіні және армандаған білімді қайдан табуға болатыны жайында сөйлеседі. Подкастың негізгі идеясы — ата-анаға баланың білімін өз қолына алған жөн екендігін түсіндіру.
Ұзақтығы: 30-50 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Чему учить для будущего
Эпизод болашақта балаларға қандай негізгі дағдылар пайдалы болатындығы жайында және қазірден бастап балаларға нені үйрету керек деген тақырыпқа арналған.
Бұл ата-аналарға ересек балаларын түсінуге көмектесетін подкаст. Күрделі сұрақтар қоюға дағдыланған балалар кейде ата-аналарын тығырыққа тірейді. Себебі олардың қаптаған сұрақтарына қалай дұрыс жауап беру керектігін бәрі біле бермейді. Егер олар жыныстық қатынас немесе өлім туралы сұрақтар қойса ше? Бала истерияға беріліп жатқанда, жүйкесі жұқарған ата-ана не істеу керек? Жүргізушілер әр шығарылымда өсіп келе жатқан балалардың аңғал және күрделі сұрақтарына жауап беретін сарапшыларды шақырады.
Ұзақтығы: 30-40 минут
Тыңдалымға ұсынылатын эпизод: Родители и дети: ставим личные границы
Бала тыйымдарды бұзған және жоқ дегенді зор қабылдаған жағдайларда, ата-ана жеке шекарасын қалай құра алатыны туралы айтылатын эпизод.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)