Православие өкілдерін түсінуге көмектесетін 12 сөз

7 минут Алуа Досанова
Православие өкілдерін түсінуге көмектесетін 12 сөз

Біз Қазақстанды — қонақжай мемлекет, ал ел азаматтарын толерантты адамдар деп танимыз. Бірақ шын мәнінде, ел ішінде және әлемде ұлтаралық қақтығыстар әлі де болып тұрады.

Көзқарасы мен өмірлік ұстанымы бізден өзгеше адамдар мен қоғамдар туралы шынайы ақпарат таратып, толеранттықты арттыру өте маңызды. Сондықтан Еуропа одағының қаржылай қолдауымен әртүрлі дінде кездесетін негізгі түсініктер туралы материалдар сериясын бастаймыз.

Материалды Қасиетті Вознесенский кафедрал соборының протоиерейі және діни қызметкер Александр Суворов тексеріп, мақұлдады. Бұл веб-сайттағы материал автордың жауапкершілігінде және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.


ҚҰДАЙДЫҢ ҚАСИЕТТІ ҮШ БЕЙНЕСІ

Христиан діні — монотеистік дін екенін, яғни «Құдай — жалғыз» деген сенімге негізделгенін есте ұстау керек. Православиеде Құдайдың үш бейнесін (Әкесі, Баласы және Киелі рух) тең көріп, оларды бірдей мадақтап, құлшылық жасау керек.

Православиеде махаббат — Құдайдың үш бейнесінің бірлескен энергиясы мен әрекеті.

Әкесі, Баласы және Киелі рух — тұлғалар, сондықтан олар бір-бірімен тұлғалық қарым-қатынас арқылы байланысқан. Бірақ Құдай-Әке, Құдай-Бала және Құдай Қасиетті рухтың үшеуі бірігіп, жалғыз Құдайды білдіретінін ұмытпау керек.


МӘСІХ — АДАМҒА АЙНАЛҒАН ҚҰДАЙ

Христиан дініндегі екінші маңызды догма Иса Мәсіхтің тұлғасымен тікелей байланысты. Иса Мәсіх — адамға айналған Құдай образында жер бетінде өмір сүрген, Құдайдың үш бейнесінде екінші тұратын тұлға. «Адамға айналған Құдайдың ұлы туралы уағыз шіркеу ілімінің негізі саналады», — дейді протопресвитер Михаил Помазанский.

Иса Мәсіх Құдай Әкемен бірге, сондықтан бір мезетте көкте де, жерде де жүреді. «Бәрі Әкесін қастерлегендей, Баласын да сыйлауы керек. Баласын құрметтемегендер, оны жіберген Әкесін де құрметтемейді» (Ин.5:23).

Мәсіх — Құдай және ол өмірінің кез келген сәтінде, тіпті өлгеннен кейін де Құдайдың үш бейнесінің бірі болып қалады. «Басқа жағынан алғанда, Мәсіхтің адам бейнесі — жалпы адамзатты білдіреді», — дейді православие дін қызметкері Владимир Лосский.


ҚАСИЕТТІ ЖАЗБА МЕН ҚАСИЕТТІ ӨСИЕТ

Православиеде Ескі өсиет, Евангелия мен апостолдардың 21 жолдауы — бөліп-жаруға болмайтын біртұтас дүние. Евангелияның орны бөлек, өйткені ол Иса Мәсіхтің адамдарға қарата айтқан насихат сөздерінен тұрады. Ескі өсиет христиан дініндегі негізгі ақиқатты қалыптастыруға көмектеседі. Апостолдардың жолдауы — Евангелияның Иса Мәсіх шәкірттерінің сөзіне қарап жасалған тәпсірі.

Дін қызметшісі Игнатий Богоносец филадельфиялықтарға айтқан өсиетінде: «Исаның тәніне ұмтылғандай, апостолдар мен шіркеубасына сүйенгендей, Евангелияға жүгінеміз. Евангелиядағы өсиетті аманат еткен пайғамбарларды сүйеміз. Исаға үміт қылып, Соны күтіп, Соған деген сенім арқасында аман қалдық», — дейді.

Шіркеудің литургиялық өсиеті де ерекше құрметке ие. Маңызы бойынша ол Қасиетті Кітап пен Шіркеулердің сенім ақиқатынан кейін тұрады. Өсиет — танымал дін қызметшілері мен ақындардың үлкен еңбектері, сондай-ақ көп христианның қағазға түскен тарихи тәжірибесі.


ШІРКЕУ РӘСІМДЕРІ

Шіркеу рәсімдері — шіркеу ішіндегі материалдық жоралғылар көмегімен іске асатын діни рәсім. Осы арқылы діндарлар Құдайдың берекесі мен құтқару күшіне қол жеткізе алады.

Православиеде жеті Рәсім бар: шоқындыру, мира майын жағу, тәубеге келу,  евхаристия, кереметтілік рәсімі, неке рәсімі мен шырша майын жағу. Христиан сенімі үшін маңызды нәрсе — Евхаристия рәсімі. Оны «Иса Мәсіхпен бірігу» деп те атайды.

Рәсімдер өзгермей келеді. Ал материалдық рәсімдер ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл құпияның бәрін дін қызметкерлері арқылы Құдай істейді деген сенім барын ұмытпау керек.


ҰЛЫ ОРАЗА

Бұл православиедегі төрт оразаның негізгісі саналады. Ұлы ораза Пасханы тойлауға дайындық ретінде қарастырылады. Маңызы зор ораза Пасхаға жеті апта қалғанда басталып, Пасха алдындағы аптада аяқталады.

Ұлы оразаға дайындыққа үш апта беріледі. Әуелгі қырық күнде шоқынып, христиан болғысы келген пұтқа табынушылар ораза ұстайды. Ұлы оразаға дайындық діндардың оразаның негізгі мәні мен мақсаты — тәубе етуге рухани әзірлену үшін беріледі.

Ұлы ораза екі бөліктен тұрады — Қасиетті Онтөрттік және Ынтық Жетілік. Ұлы оразаға мұндай атау рухани ықпалы үшін ғана емес, ұзақтығына қарай да берілген. Ол 48 күнге созылады.


ПАСХА

Бұл — христиандардың ең үлкен әрі салтанатты мерекесі. Ол күні Иса Мәсіхтің қайта тірілуі тойланады. Иса ауыр азаптан көз жұмған соң үш күннен соң қайта тірілді деп саналады. Пасха — өмірдің өлімді ойсырата жеңуінің символы.

Төрт Евангелияға сай, «Пасха» атауы Египеттегі еврейлердің құлдықтан босауына орай тойланатын Песах мерекесінен шыққан. Египетте сол кездері үйдің тұңғыштары өлтірілетін болған. Бірақ қозыны пышақтап, қанын есікке жағып қойғандарға тимеген. Жаңа Өсиетте Құрбандық қозысының орнына Иса Мәсіхтің өзі көрсетіледі.

Пасхадан бұрын Ұлы Ораза өтеді. Пасха жыл сайын түрлі уақытта: 4 cәуір мен 8 мамыр аралығында тойланады. Үстелге ең маңызды нәрселер — боялған жұмыртқа мен тәтті нан қойылады. Боялған жұмыртқа — Исаның қанымен белгіленген өмірінің, ал тәтті нан — Оның тәнінің символы.


ОН ЕКІ МЕРЕКЕ

Бұл Пасхадан соң тойланатын, Евангелия және шіркеу тарихына етене байланысты маңызы зор он екі мереке.

Тоғыз күнді тойлау күні өзгермей, жылда бір уақытта атап өтіледі. Қалған үшеуінің мерзімі өзгеріп отырады: Құдайдың Иерусалимге кіруі, Құдайға ғибадат және Қасиетті Үштік күні.

Исаға арналған мерекелерде «Құдай» атауы жүреді, Аса қасиетті Құдай ананың құрметіне орай өтетіндерінің атына Мәриямның «Құдай ана» аты тіркеледі. Он екі мереке алдындағы кеште салтанатты рәсім өтеді. Ол бойынша діндарлар іңірден бастап түні бойы ояу жүреді. 


ӘУЛИЕЛЕР

Сенімін жетістіктер мен ерекше әрекеттері арқылы әйгілеп, канонизация рәсімі арқылы әулиеге теңестірілген тұлғалар. Олардың қатарына әділ, аса мәртебелі, қасиетті адамдар, патриархтар, азап шегушілер, ынтықтар, пайғамбарлар, апостолдар, қайырымды, бақытсыз, уағызшылар және басқалар кіреді.

Канонизация — діндардың өлгеннен кейін қасиетті санала бастауы. Кеңірек мағынасында канонизация — Құдай мен адам қауышуының, сондай-ақ пенденің құтқарылуының дәлелі.

Православиелік христианда діндарлар қасиеттілер қатарына христиандықты ұстанғаны үшін азап шеккен өлімнен соң; лайықты және қасиетті өмір сүріп жүргенде өзінше оңалып, ғажайып жасаған соң; сенімді таратып не халықпен бірге киелі рухты құрметтеген соң жатқызылуы мүмкін.


ӘУЛИЕЛЕР ӨМІРІ

Бұл — шіркеу әдебиетінің жанры, дәлірек айтқанда, әулиелердің өмірі, іс-әрекеттері мен ғажайыптары сипатталатын шіркеу тарихы бойынша деректер. Олар ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін — әр түрлі дәуірдегі адамның өркениеті мен болмысы туралы түсінік береді. Мысалы, сондай жазбалар бірінде XX ғасырдағы Жаңа азап шегушілер өмірі баяндалады.

Әулиелер өмірі — тарихи құжат қана емес, әдеби туынды деп те саналады. Алғаш қалыптасу кезеңінен-ақ Христиан шіркеуі өз жақтастары мен ықпалды тұлғаларының өмір деректерін мұқият жинақтаумен келеді. Өмір сүрудің әулиені ұлықтау және ол жасаған ғажайыптарды сипаттау сияқты екі басты міндеті болды.


ШІРКЕУ ӘКЕЛЕРІ

Бұл христиан догматикасының дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл ойнаған, шіркеудің құрметті де маңызды қайраткерлеріне берілетін атақ. Рухани тәлімгерге «әке» деп қайырылу Ескі өсиетте де, Жаңа Өсиетте де кездеседі.

Шіркеу әкелері, дәстүр бойынша, оқуда консервативті болып, әулиелік өмір кешуі керек. Оларды шіркеу мойындауы тиіс. Христиан дәуірінде шіркеу әкелері аптостолдар беделі мен рухының мұрагері саналды. Олардың ілімі патристика деп аталады, ал олардың ілімін зерттеумен айналысатын ғылым — патрология.

Православиелік теология шіркеудің әкелерінің нақты ғасырын бөліп көрсетпейді және «Құдайдың аян беруі нақты бір уақытқа байланбаған деп үйретеді» (прот. Иоанн Мейендорф). Шіркеудің таңдаулы әкелері — александриялық Афанасий, әулие Ұлы Василий (Кесарий), әулие Григорий Богослов (Назианзин) және қасиетті Иоанн Златоуст (Константинополь).


ПРАВОСЛАВИЕЛІК ДІНБАСЫЛАР

Бұл — православие шіркеуіндегі діни қызметкерлердің ерекше иерархиялық тобы. Ол I ғасырдан бастау алады. Бұл кезең Таяу Шығыстағы алғашқы христиан қауымдарының пайда болған уақытына тура келеді. IV ғасырдан бастау алатын монахия жоғары мәртебе мен құрметке ие және ол Қасиетті Кітапқа негізделеді. Монахтар өмір сүруде аскетизмді уағыздап, қоғам өміріне маңызды саяси ықпалын тигізді.

Православие шіркеуінде дін өкілдері әуелде ақ және қара болып бөлінді. Ақ діншілерге үйленген немесе целибат (некеден безу) қабылдаған діни қызметкерлер жатады. Бірақ некеден саналы түрде бас тартқандар қазір көп емес. Қара дінбасылар монахтың өмір салтын ұстанады. Бұл — олардың басты айырмашылығы.


XI ҒАСЫРДАҒЫ БӨЛІНУ

XI ғасырға дейін Бірыңғай Христиан Дүниежүзілік шіркеуі болды, бірақ 1054 жылы жікке бөлінуден соң шіркеулер бір-бірінен ажырады. Рим — Батыс шіркеуінің (рим-католиктер), Константинополь Шығыс (православие) шіркеуінің орталығы болды. Бұлай бөлінуде саяси астар жатыр еді, бірақ ажырау процесін догматикалық, канондық, этикалық және басқа да көптеген мәселе бойынша келіспеушілік жеделдетті.

1965 жылы Дүниежүзілік Патриарх Афинагор мен Рим Папасы VI Павелдің салтанатты түрде анафтан бас тартуына қарамастан, шіркеулер әлі толықтай бөлінген жоқ.

Бүгінде православие мен католиктер ортақ бейбітшілік пен дәстүрлі құндылықтарға қол жеткізудегі бірлікті ескеріп, татулық сақтап отыр. Бірақ толықтай қолдай кетпеудің басты себебі — Рим Папасының Константинополь, Александрия, Антиохия және иерусалимдік сияқты ежелгі Патриархаттардан бірінші тұратынына қатысты сенім. Бұл көзқарас — екі христиан шіркеуі арасындағы қарым-қатынасты біржола қалпына келтіру мен дамытуға негізгі кедергі.

 

 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут
Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Партнерский

Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать

Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...

5 минут
5 минут
«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...

5 минут
5 минут