«Технологияны түсіну мамандарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік береді»: брондау менеджері Алибек Датбаев еңбек нарығы және жасанды интеллект туралы

3 минуты Жулдыз Актаулова
«Технологияны түсіну мамандарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік береді»: брондау менеджері Алибек Датбаев еңбек нарығы және жасанды интеллект туралы

Жасанды интеллект технологиялары еңбек нарығын айтарлықтай өзгертеді және оның дамуымен қызметкерлер жұмысынан айырылып қаламын деп қорқады. Автоматтандыру белгілі бір жұмыс орындарын ауыстырады деген алаңдаушылыққа қарамастан, білікті жұмысшылар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуда — AI пайдалану өнімділік пен инновацияны арттыруға әкелуі мүмкін. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін роботтар мен алгоритмдер деректерді талдау, тұтынушыларды қолдау және өндіріс процестері сияқты адамдар жасайтын тапсырмаларды орындай алады.

Жасанды интеллекттен қорқу керек пе және технология еңбек нарығына қандай әсер ететінін білу үшін, STEPPE редакциясы әлемдегі ең ірі тұрғын үйлерді брондау қызметі Booking.com компаниясының бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жөніндегі аға менеджері Алибек Датбаевпен сөйлесті.


 Соңғы бірнеше жылда еңбек нарығына қандай технологиялық инновациялар көбірек әсер етті?

— Біз цифрлық инновациялар заманында өмір сүріп, әрбір сегмент дерлік серпінді дамып келе жатқандықтан, мұндай технологиялардың көп екені сөзсіз. Бірақ мен олардың ішінен мыналарды атап өткім келеді: жасанды интеллект, заттар интернеті, робототехника және бұлтты технологиялар.

Жоғарыда аталған технологиялардың әрқайсысы еңбек нарығына өзінше әсер етті, бірақ жалпы алғанда олар: күнделікті және қайталанатын жұмыстарды автоматтандыру, қызметкерлерді дамыту, физикалық еңбегін қажет ететін, оның ішінде қауіпті және ауыр жағдайларда орындалатын жұмыс түрлерін ауыстыру, қашықтан жұмыс пен икемді жұмыс кестесін дамыту — бұлар да жұмыс процестерін ұйымдастыруда көптеген өзгерістерге әкелді. Сонымен қатар, шешім қабылдауға әсер ететін үлкен көлемдегі деректерді жинау және өңдеу арқылы кейбір салаларда тиімділікті арттыру жұмыстары жүргізіде бастады.

— Бақылауыңызға сүйене оырып, қай салалар немесе кәсіптер автоматтандыру мен технологияны ауыстыруға ең осал болып табылатынын айта аласыз ба?

— Менің ойымша, бұл жерде көп нәрсе географияға байланысты және түрлі елдерде бұл өзгерістер түрлі дәрежеде болады.

Автоматтандыру мақсатында дәстүрлі операциялық процестерді соңғы технологиямен немесе автоматтандырумен ауыстырудың бір жерде экономикалық мағынасы болмауы ықтимал, мысалы, оның белгілі бір экономикалық себептері болуы мүмкін.

Бірақ, жалпы алғанда, білім саласын, медицинаны, аграрлық секторды, тұтыну, қаржы халыққа қызмет көрсетуді атап өтер едім. Онымен қоса, шын мәнінде, тереңірек технология интеграциясы айқындық пен тиімділікті қамтамасыз етеді және бұл экономиканың іс жүзінде әрбір секторына қатысты.

— Технологиялық өзгерістерге байланысты еңбек нарығында қандай жаңа кәсіби дағдылар мен құзыреттер сұранысқа ие болып отыр?

— Егер кең ауқым туралы айтатын болсақ, онда цифрлық сауаттылық пен гигиенаны арттыру міндетті болып табылады. Технологияны жақсырақ түсіну мамандарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік береді. Ал бизнес-процестердің цифрлық трансформациясы туралы жалпы білімнің белсенді түрде жоғарылауы барлығына қажет. Мұнда тұтынушылық сектор маңызды рөл атқарды, өйткені бізде мобильді құрылғылар бар және бүгінде танымал қолданбаларды пайдаланамыз. Бірақ әлем бір орында тұрмайды, оның күн өткен сайын жылдамырақ қозғалатынын түсіну маңызды. Қазіргі заманғы технологияларды бір немесе басқа түрде пайдаланбайтын компаниялар жоқ шығар, ал егер бар болса, онда олар жақын арада шеттетілуі мүмкін немесе жаңа ережелерді қабылдайтындармен салыстырғанда өз позицияларын жоғалтып алуы мүмкін.

— Жасанды интеллект белгілі бір мамандықтарды ауыстыру үшін қанша жыл қажет болуы мүмкін деген болжамдарыңыз қандай?

— Белгілі бір мамандықтарды тікелей ауыстыру үшін қанша жыл керек деген сұраққа жауап беру қиынға соғады. Мен AI-ты кез келген кәсіпті толығымен алмастыратын технология ретінде емес, оны жақсарту мүмкіндігі ретінде қарастырар едім. Бізге AI-дан қорқудың қажеті жоқ, бірақ сәтті пайдаланып, алға жылжу жолдарын қарастыруға тырысқан жөн. 

Қазіргі таңда адамдар жаңа құралдарды қолдана отырып, өз жұмысына көмекші құрал ретінде енгізіп, осы технологиялардың көмегімен шығармашылықпен айналысу, жаңа көкжиектер құру және белсенді түрде жаңа идеяларды табу қажет.

Біз Generative AI қарқынды өсіп келе жатқан бірегей уақытта өмір сүріп жатырмыз, былайша айтқанда, жігерлі әрекет ету керек. Сондықтан, цифрлық сауаттылықты арттыру мәселесі осы әңгімеде соншалықты маңызды — адамдар бұл құралдарды қалай пайдалану керектігін түсінуі керек.

Осыған ұқсас концепцияны мысалға алсақ болады, адамзат атом электр станцияларын құрып, оны дұрыс бағытқа бағыттай алған, солай орасан зор әлеуеті бар үлкен жаңалық — атом электростанцияларының пайда болуына алып келді.

Технологияның дамуы мен реттелуін оның зиян келтіру қауіпін қалайша азайтып, ол орнықтырақ болатындай етіп, дұрыс бағытта алға жылжыта аламыз, деген қауіпсіздікке байланысты тағы бір мәселе туындады. Сондықтан қазір EU AI Act сияқты әртүрлі бастамаларға көп инвестиция салынуда. 

Статьи STEPPE

Чем отличаются регионы Казахстана

Чем отличаются регионы Казахстана

Вы когда-нибудь замечали, как сильно отличаются разные уголки одной страны? Взять к примеру, Казахстан, разделенный на 17...

23 минуты
23 минуты
Как рост логистической отрасли даёт заработать Казахстану и казахстанцам

Как рост логистической отрасли даёт заработать Казахстану и казахстанцам

В цифровую эру и бума онлайн покупок мы совершенно не задумываемся, какое расстояние и сколько границ проезжает, проплывает или...

10 минут
10 минут
Важный вопрос: какие страны делают ставку на атомную энергию и почему?

Важный вопрос: какие страны делают ставку на атомную энергию и почему?

Современное строительство атомных электростанций — это сложный, высокотехнологичный процесс, в котором сочетаются передовые...

5 минут
5 минут
По частям: какие автодетали производят в Казахстане

По частям: какие автодетали производят в Казахстане

В последние годы Казахстан стремительно развивает свое автомобильное производство, выпуская детали для таких известных мировых...

6 минут
6 минут