Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать
В преддверии Дня независимости собрали подборку, которая поможет погрузиться в культуру и историю страны через книги, фильмы и...
Біз Қазақстанды — қонақжай мемлекет, ал ел азаматтарын толерантты адамдар деп танимыз. Бірақ шын мәнінде, ел ішінде және әлемде ұлтаралық қақтығыстар әлі де болып тұрады.
Көзқарасы мен өмірлік ұстанымы бізден өзгеше адамдар мен қоғамдар туралы шынайы ақпарат таратып, толеранттықты арттыру өте маңызды. Сондықтан Еуропа одағының қаржылай қолдауымен әртүрлі дінде кездесетін негізгі түсініктер туралы материалдар сериясын бастаймыз.
Материалды Қасиетті Мария бике Архиепархиясының эпископы Атаназиус Шнайдер тексеріп, мақұлдады. Бұл веб-сайттағы материал автордың жауапкершілігінде және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.
Христиан дінінде «құпиялар» туралы ілім бар. Ол дегеніміз — Иса Мәсіх орнатып, Шіркеуге сеніп тапсырылған, көрінетін және пәрменді құттың белгілері. Солар арқылы христианға құдайшыл өмір беріледі. Құпиялардың саны жетеу: шоқындыру, мира майын жағу (конфирмация), тәубеге келу, тазару (евхаристия), науқастарды шыршамен сылау, шарапат, неке.
Адамды діндар христиан ететін ең алғашқы құпия — шоқыну. Католиктер балаларын алғашқы күнәсінен тазарту үшін шоқындырады. Ол осыдан кейін ғана Құдайдың қасиетті үш бейнесінің өміріне қатысы бар адам саналады. Шоқынған адам мәңгілік Иса Мәсіхке тиесілі, өйткені оның ешқашан өшірілмейтін мөрімен белгіленеді.
Мира майын жағуды кейде «конфирмация» деп те атайды. Бұл — шоқындырудан кейін орындалып, оны әрмен қарай толықтыратын маңызды құпия. Католиктерде мира майын жағу рәсімін адам оған дайындықтан өтуге әзір болатын кез — жеті-сегіз жасында өткізсе, православие өкілдері бұл рәсімді бала өмірге келгеннен кейін көп ұзамай жасайды.
Бұл құпия адам жанына өшірілмейтін мөр басып, Киелі рухтың ерекше сырын ағытады. Ол адамды Иса Мәсіхпен және шіркеумен берік байланыстырады.
Аталған рәсімді епископ немесе өлім қаупі болған жағдайда оның өкілі саналатын дін қызметкері орындайды. Епископ қолын шоқынған адамның маңдайына тигізіп, мира майымен сылайды, құпия формуласы бар, ерекше сөздерді айтады.
Христиан өмірінің шыңы мен негізгі көзі деп евхаристия құпиясын айтады. Ол дегеніміз — Иса Құдайдың тәні мен қанының құрбандығы. Апостолдарды қонақ бөлмеге жинаған Иса қолына нанды алып, үзіп, отырғандарға таратып берген. Содан соң «Мынаны қабыл алыңдар, ауыз тиіңдер. Бұл — сендер үшін құрбан болатын менің тәнім», — деген. Одан кейін қолына шарап құйылған тостағанды алып, «Мынаны қабыл алыңдар, тауысып ішіңдер, бұл — сендердің және көпшіліктің күнәсін тазарту үшін төгілетін жаңа және мәңгілік өсиетіме толы тостаған қаным. Мұны мені еске алу үшін орындаңдар», — деген.
Евхаристияда бидайдан жасалған тұщы немесе ашыған нан мен таза жүзім шарабын Иса Мәсіхтің денесі мен қанына тигізу рәсімі жасалады. Бұл құлшылық Евхаристік дұға, Иса Мәсіх сөзінің пәрмені мен Киелі рухтың амалының арқасында жүзеге асады. Нан мен шараптың сезім мүшелеріне білінетін «Евхаристік түрлер» деп аталатын қасиеті өзгеріссіз қалады.
Құпияның қадір-қасиеті үшін Иса Мәсіх некені шығарған. Құдай ер мен әйелдің Жаратылысына ерлі-зайыпты болуды жазған. Адамды жаратқан кезде Құдай оған адамға деген махаббатты қоса беріп, барлық адамды солай етуге шақырған.
Некенің құпиясы Иса Мәсіх пен шіркеудің біртұтас екенін білдіреді. Ол ерлі-зайыптыларға Иса Мәсіхтің шіркеуді жақсы көргеніндей бір-бірін сүйетін құт дарытады. Бұл құпияның берекесі жұбайлардың махаббатын арттырып, олардың мызғымас бірлігін нығайтып, мәңгілік өмірге барар жолын жарық етеді.
Ерлі-зайыпты деп ер мен әйел өз еркімен неке одағын құрғысы келген кезде айтылады. Бастысы шіркеу ережелеріне қайшы ештеңе болмауы тиіс. Жұбайлар бір-бірімен жақын туыс болса, не бірінің психикалық ауруы болса, іс-әрекетке қабілетсіз болса, қазіргі уақытта бұзылмаған, екінші тараптың жасырып тұрған некесі болса қосыла алмайды.
Католиктер шіркеуі ажырасуға қарсы. Өйткені некенің қасиеті мен бұзылмайтыны туралы өсиетті сақтайды: «Әйелімен ажырасып, өзге әйелге үйленіп жатқанның қай-қайсы болсын — зинақор» (Лк 16, 18).
Тазару — Құдаймен достасқан күйде өмірден өтіп бара жатқан адамның күйі. Бірақ көктегі шаттыққа қосылу үшін ол әлі де тазаруы тиіс. Бірақ ол бәрібір мәңгілікке құтқарылғандардың қатарына кіреді. Жұмаққа бару үшін өлген адамның жаны тазару жолынан өтеді. Тазаруды жаза деп емес, Құдайдың рақымы деп қарау керек. Себебі Құдай жанды күнәнің салдарынан ада етіп жатыр. Көктегі рақатқа бөленіп, толық қасиетке ие болу үшін тазару керек.
Тазару туралы ілімге көз салсақ, Құдаймен достасқан, бірақ өмірінде жуып-шайылмаған бірнеше кішігірім күнәсі бар христианға тазаруға жол ашылады делінген.
Барлық күнәсінен арылмаған, ол үшін өмірде жазасын алмаған христиан жұмаққа бару үшін алдымен тазаруы тиіс. Сонымен қатар өлгендер тірі жандардың дұғасының көмегімен тыныштық таба алады.
Иса күнәні жердегі өмірінен кейін кешірілетін және қазір де, болашақта да кешірілмейтін күнәлар деп екіге бөледі. Өлерінің алдында жасаған күнәсі үшін өкінгісі келмегендердің жасаған ауыр күнәсі кешірілмейтін түрге жатады.
Филиокве — Католик шіркеуінің Киелі Рухтың Әке мен Ұлдан таралатыны туралы ілімі. Осы дін оқуы Грек шіркеуінің Константинополь Патриархатының Римдегі Киелі Престолдан бөлінуінің басты болмаса да, бір себебі деп айтылады. Филиокве туралы ілімнің мәні — католиктердің қабылдаған Сенім символында. Яғни Киелі рух тек Әкеден емес, Ұлдан да тарайды деседі. 1995 жылы Киелі Престол «Киелі рухтың грек және латын дәстүрінде көрініс табуы» деген құжат жариялаған. Соған көз жүгірту арқылы осыған қатысты діни келіспеушіліктерді саралауға болады.
Католик шіркеуінің сеніміне сай, Киелі рух алдымен тұңғыш таратушы ретінде Әкеден шығып, оның мәңгілік сыйы арқылы Ұлына, одан барып Әке мен Ұлдан Құдайдың қасиетті үш бейнесінің өміріне дариды.
Католик шіркеуінің басшысы болады. Ол — Рим папасы. Ал шығыс христиан дінінде бірнеше православ патриарх бар. Католиктердің сенімі бойынша, Рим папасы — Римнің Епископы, Киелі Петрдің мұрагері. Шіркеу бірлігінің тұрақты және көрінетін бастауы әрі негізі. Ол — Иса Мәсіхтің орынбасары, епископтар коллегиясының басшысы және түгел Шіркеудің діндар басшысы. Сонымен бірге Құдайдың бекітуімен Рим папасының қолында толық, жоғарғы және тікелей билік бар.
Канондық құқық кодексінде мынадай бар: «Рим шіркеуінің епископы қызметіндегі адам алғашқы Апостол — Петрге ерекше түрде берілген және оның мұрагерлеріне де өтетін қабілетіне сәйкес, епископтар коллегиясының басшысы, Иса Мәсіхтің орынбасары және әлемдегі бүкіл шіркеудің басшысы саналады. Ол өзіне берілген қызметке сәйкес, ол Шіркеуде жоғарғы, толық, тікелей, әмбебап және негізгі билік иесі болады. Ол қызметін әрдайым еркін атқара алады. Рим Понтифигінің шешімі не декретіне қатысты шағым да, апелляция да беруге болмайды».
Папа кардиналдар жиналысының барысында өмір бойына сайланады. Ол жиналыс «конклав» деп аталады. Папаның Понтифигі сайлаудан кейін ол Рим Епископының және бүкіл шіркеудің Жоғарғы пасторы қызметін қабылдайтыны туралы жариялаған соң басталады. Жаңадан сайланған Папа әдетте өзіне жаңа есім таңдайды.
Рим папасы Епископтар коллегиясының басшысы қызметін атқарады. Епископтар коллегиясы Римнің алғашқы дін қызметкерімен бірлескеннен кем емес билікке ие.
Папаның толық титулы былай аталады: Рим Епископы, Иса Мәсіхтің орынбасары, апостолдар князінің ізбасары, Жаһан шіркеуінің жоғарғы тұңғыш дін қызметкері, Ұлы понтифик, Италия Примасы, архиепископ және Рим провинциясының митрополиті, Ватикан мемлекет-қаласының жоғарғы билік иесі, Құдайлар құлының құлы.
Епископтар Шіркеулерде пастор болып тағайындалады. Бұл епископтардың діни білім беруде ұстаз, Құдайдың қасиетті культін орындаушы дін қызметкері және басқарма өкілі болуы үшін жасалған.
Епископтар ағартушы қызметпен қатар ұстаздық және билікке араласатын қызметті қоса алады. Олар бұл қызметті Рим Папасымен, Шіркеудің Жоғарғы пасторымен және Епископтар коллегиясының басшысы және мүшелерімен бірге жүзеге асырады.
Епархиялық епископтар дегеніміз — мойнына қандай да бір епархияны қамқорлыққа алу міндеті жүктелген епископтар. Ал епархия — Құдай халқының бір бөлігі. Епархия дін қызметкерлері мен епископтың пасторлық қамқорлығына берілген. Бұл епархияның Иса Мәсіхтің бірыңғай қасиетті католиктік және апостолдық шіркеуінің күші болатын жеке шіркеу құруы үшін жасалған.
Тағы бір құпия — науқастарды шыршамен сылау. Бұл рәсім бойынша Шіркеу адал, бірақ қауіпті дертке шалдыққандарды Құдайға табыстайды. Қалай жүргізіледі десеңіз, латын ғұрпында науқастың маңдайы мен алақанын, басқа ғұрыптарда дененің өзге де мүшелерін шыршамен сылап-сипайды. Мұны діндар адам, мүмкін болса епископ жасайды. Сылаған кезде дін қызметкері дұға оқиды, осы құпияға тән ерекше береке сұрайды.
Бұл құпияда ерекше береке бар. Ол науқасты Иса Мәсіхке барынша жақындатады. Бұл науқасқа және бүкіл шіркеуге қажет. Осы арқылы ауырған адамға жан тыныштығы, ерлік пен тіпті науқас тәубеге келе алмаса күнәсінің кешірімі берілуі мүмкін. Сонымен қатар бұл құпия денсаулықтың физикалық тұрғыдан қалыпқа келуіне көмектеседі.
Тәубеге келу құпиясын «үндеу, кешірім және татуласу» құпиясы деп те атайды. Бірде Иса адамдарды тәубеге шақырып, былай дейді: «Құдайға жақындайтын уақыт келді. Тәубеге келіңдер, Евангелиеге сеніңдер». Діндар адам өкінген сәтте оның ішінде өмір мен құндылыққа қатысты тұжырымдар өзгереді.
Христиан дініндегі адам Құдайдың мейірімінен үміт етеді. Жасаған күнәсі үшін шынайы кешірім тілейді. Тәубеге келу құпиясында ең маңыздысы — діндар адамның күнәсін мойындауы.
Ол ғибадат шіркеуде өтеді. Күнәсін мойындап, өкінген адам тәубесін қабылдайтын дін қызметкерінің көзінше Құдайға тәубе қылады. Тәубеге келген соң, діндардың бойы жеңілдеп, жаны ар-ұятының алдында тыныштық тауып, рухы беки түседі.
Дін қызметкерін қатыстырмай да тәубеге келуге болады. Ол үшін кешірім туралы дұға оқу қажет. Бірақ бұған міндетті түрде маңызды себеп керек. Яғни физикалық және моральдық тұрғыдан шіркеуге бара алмайтын болсаңыз, өлім қаупі туып тұрса немесе дін қызметкері болмаса ғана солай етуге рұқсат.
Құдай алдындағы сот — Құдайдан ажал келген адамға сенімі мен амалдарына қарай берілетін үкім. Бұл үкімге сәйкес, адам не күнәсінен тазарып, рақатқа бөленеді, не мәңгілікке тозаққа түседі.
«Бәріміз тірі кезде жасаған амалдарымызға қарай, жақсы не жаман әрекеттерімізге сай сый алу үшін Иса Мәсіхтің алдында сотқа тартыламыз» (2 Кор 5,10).
Христиан өмірі мен сенімінің орталық құпиясы — Құдайдың қасиетті үш бейнесі туралы сыр. Христиандар шоқынғанда Әке, Ұл және Киелі рухты қатар атайды.
Құдай тек әлем мен Адамды жаратқаны үшін ғана «Әке» емес. Ол бәрінен бұрын Ұлды жаратқаны үшін «Әке» саналады.
Киелі рух — Құдайдың қасиетті үш бейнесіндегі үшінші тұлға. Ол — Құдай, бірыңғай және Әке мен Ұлға пара-пар. Ол бүкіл тринитар өмірдің бастауы жоқ басы ретінде «Әкеден тарайды» (Ин 15,26).
Шіркеу өзінің тринитар сенімін Құдайға ғибадат қыла отырып, үш тұлғаның біріккен бейнесі: Әке, Ұл және Киелі рух сипатында көрсетеді. Құдайдың үш теңдессіз бейнесінің әрқайсысы Құдай табиғатының бірыңғай және бөлінбейтін толықтығын көрсетеді. Бір-бірімен қарым-қатынасына қарай олар шынында әртүрлі: Әке Ұлды жаратады, Ұл әкеден туған, Киелі рух Әке мен Ұлдан тарайды.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)