Жаңа жылға сыйлық ретінде қандай ноутбук алған дұрыс?

8 минут STEPPE
Альтернативный текст
Партнерский

Мейрамға дайындалам деп кредит картасындағы ақшаны сарқығанша маркетплейстерге «шапқылап», әбден титықтап қалмау үшін сыйлық алатын адамыңыздың әдеті мен қажетіне қарай таңдауды ұсынамыз. Ноутбук таңдағанда барлық жағдайда графикалық процессор маңызды критерий болып саналады. Ол жақсылап ойнау, графика өңдеу немесе шығармашылық міндеттерді шешу мүмкіндігіне жауап береді.


Күндіз белсенді жұмыс атқарып, іскерлік кездесулерде жүретін, ал кешке CS:GO, GTA V немесе LoL ойнайтындарға Lenovo Legion Slim 7 моделіне назар аударуды ұсынамыз. Алюминий-магний қоспасынан жасалған жұқа корпусы бар, салмағы 2 келіге жетпейтін машина рюкзакқа оңай сыяды, қуаттайтын ауыр блогын тасып жүрудің қажеті жоқ, себебі күні бойы автономды жұмыс істей алады, қажет болса USB Type-C арқылы да қуаттана алады.

цццц

«Капотының астында» күшті процессор мен рейтрейсингті үдете алатын 30-сериядағы NVIDIA® GeForce RTX™ видеокартасы бар. NVIDIA DLSS технологиясы жоғары FPS қамтамасыз етеді – бұл ойында жеңіске жету мүмкіндігін арттыратын және кадрды бір қалыпты беру арқылы әсерді жақсартатын аса маңызды параметр, ал NVIDIA Reflex технологиясы басқаруды қағілез қыла түседі. Моделдер қатарында ойынға арналған, жаңарту жиілігі 144 Гц болатын FHD-матрицасы бар 15,6 дюймдік дисплей немесе Dolby Vision® HDR технологиясын қолдайтын 4K дисплей таныстырылған – қандай да бір өнімге жиі видеопрезентация жасайтіндар үшін таптырмас дүние. Әдемі 18 мм корпусы бар Lenovo Legion Slim 7 қазіргі кездегі ең жеңіл ойын компьютері, оның экранды 180 градусқа бұратын механизмі, қорғау пердешесі бар уеб-камера және екі Harman® динамиктен тұратын күшті аудиожүйесі бар.

Күнделікті өмірі кәсіби киберспорт турнирлерінің виртуал әлемімен байланысты жандар үшін Lenovo Legion 7 жұмыс орнының басты бұйымы бола алады. Бұл су жаңа AMD мобилді процессоры және NVIDIA® GeForce RTX™ графикалық картасы бар күшті ноутбук. Оның 16 дюймдік экраны екі шетінің арақатынасы16:10 дейін үлкейтілген және жаңару жиілігі 165 Гц дейін, жарық деңгейі 500 нит жәнеsRGB түс кеңістігін қамту 100%, Dolby Vision™ және NVIDIA® G-SYNC™технологиясын қолдайды, сондай-ақ жауап беру уақыты тез – 3 мс.

ссссссссссс

Тиісті міндеттерді шешуге сай келетін графикалық процессоры бар ноутбук моделін таңдауды ұсынамыз. Мысалы студентке немесе 2D-дизайн немесе 4К-мен видео-жобалар жасайтын, фотосуреттер өңдейтін креатив ортада жұмыс істейтін фрилансерге RTX 3060, RTX 3070 немесе RTX 3070 Ti видеокартасы бар құрылғылар жарайды. Ұзақ ойын стримін өткізетін немесе 3D-рендерингпен, 8К видеожобалармен айналысатындар үшін RTX 3080 немесе RTX 3080 Ti сияқты күштірек видеокартасы бар девайсқа назар аударған дұрыс. Мұндай ноутбуктердің артықшылықтарының бірі – GeForce RTX 110-нан астам танымал графикалық қолданбаны үдетеді және жасанды интеллект базасындағы саймандардың үдеуі мен фотоны, видеоны, дизайнды, анимацияны, моделдеуді түзетуге және контент жасауға арналған ондаған пакетке рейтрейсингті қамтамасыз етеді.

Lenovo Legion 7-нің Coldfront 4.0 деген инновациялық салқындату жүйесі бар, онда ауа соруға арналған 10 500-ден астам желдету және пернетақтаның әр батырмасының астында қосымша тесігі, екі желдеткіш және буландыру камерасымен бірге төрт арналы жылуды әкету жүйесі бар. Осының арқасында ноутбуктың барлық компоненті максимал жиілікпен қызбай жұмыс істей береді.

Егер компьютер тек ойын үшін емес, «жұмысқа жегілетін» сенімді құрылғы ретінде де қажет болса, бұндай атаққа Lenovo Legion 5 Pro лайық. Бұл ноутбуктың бойынан жоғары өнімділік те, ұзақ уақытқа шыдайтын автономдылық та табылады. Нарықта RTX архитектурасының екінші буын NVIDIA® видеокарталары орнатылған бірнеше моделі кездеседі. Солардың арқасында жасанды интеллект базасындағы бірегей саймандар мен технологиялар үдетіледі,  сөйтіп жұмысы жеңілдеп, ойыннан алатын әсер жақсарады. Мысалы NVIDIA DLSS өнімділікті 2 есеге дейін арттыруға және батарея жұмысының уақытын 230-дан асатын ойында визуал сапасын жоғалтпастан 20-30%-ға ұзартуға мүмкіндік береді.

фффффффффффф

Lenovo Legion 5-тің екі шетінің арақатынасы 16:10, үлкенжарық WQXGA дисплейі бар – бұл экранның жұмысқа арналған пайдалы ауданы өз санатындағы өзге құрылғыларға қарағанда көбірек деген сөз. Жаңарту жиілігінің 165 Гц дейін жетуі бәсекелестерінен виртуал шайқас алаңында озуға мүмкіндік береді. Ноутбуктың барлық компоненттерінің үйлесімді жұмысына Lenovo Legion AI Engine жасанды интеллект базасындағы автоматты оңтайландыру режимі жауап береді. Ноутбук экстерьері жинақы-брутал ойын дизайнында жасалған, корпустың сыртқы жағында фирмалық интерфейс белгісі бар. Lenovo Legion 5 екі түс нұсқасымен сатылады: дауылды сұр және мұздай ақ. Пернетақтаның бапталатын RGB жарығы ноутбук дизайнын сыйлайтын адамыңыздың ерекшелігіне қарай кастомдауға мүмкіндік береді.

Lenovo ноутбуктерінің техникалық сипаттамасын толығырақ сайттан білуге болады. Қажет моделдің бар-жоғын, арнайы ұсыныстарды серіктестердің сайтында нақтылаңыз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Профессия, которая передается из «рук в руки»: интервью с реставратором Анной Степенко

О разрушенных картинах, обучении и правилах реставрации.

11 минут
11 минут
Партнерский

Точка роста или тренд: что такое ESG-принципы и зачем компаниям их соблюдать

Понятие устойчивого развития в Казахстане перестает быть просто трендом, занимая прочное место в планах по дальнейшему росту бизнеса как крупных, так и малых компаний.

14 минут
14 минут

«Им приходилось отправлять домашние задания по Казпочте»: интервью с социологом Камилой Ковязиной об особенностях системы казахстанского образования

Как дистанционное обучение во время пандемии вскрыло копившиеся много лет проблемы в системе образования, почему учителя уходят из профессии после первых лет работы в школе и как могут помочь подушевое финансирование, повышение заработных плат и строительство новых школ.

22 минут
22 минут
Партнерский

Какой ноутбук выбрать в качестве подарка на Новый год

Гаджеты и компьютерные устройства традиционно входят в топ желаемых подарков к Новому году. Рассказываем, какой компьютер выбрать в качестве подарка, чтобы он радовал владельца не только в этот сезон, но и на многие годы вперед.

8 минут
8 минут