Қазақстанда Qantar трагедиясын жазу арқылы қайта қарастырғысы келетін авторларға open-call ашылды

8 минут Алуа Досанова
Альтернативный текст

Qantar.Jazylu — қаңтар оқиғасынан кейінгі сезімін, жай-күйін хат арқылы талқылап, пайымдауға дайын авторларға арналған open-call. Жоба «Семейная этнография, или как деколонизировать свое письмо» және STEPPE онлайн басылымы бірлесуімен, тәуелсіз жазушылар мен редакторлардың бастамасымен ұйымдастырылған.


Қатысушылар-авторлардың жазушылық тәжірибесі маңызды емес. Қатысуға Qantar оқиғасынан кейінгі ауыр естеліктерімен әңгіме, эссе немесе өлең жүзінде бөлісуге дайын кез келген адам шақырылады. Таңдалып алынған мәтіндер арнайы жобада STEPPE сайтында жарияланады.

Тәуелсіз редакция сөзі:

Қазіргі Қазақстан тарихындағы кез келген наразылықпен салыстырғанда Qandy Qantar оқиғасы көптеген азаматтарымыздың өмірін үзді. Qantar қазіргі Қазақстанның проблемаларын өзектендіріп қана қоймай, бізге бұрынғы жарақаттар жайлы еске салды.

Дегенмен, араға бір жыл салсақ та, елімізде «қаңтар оқиғасы» жайлы ой біріктіретін бір ортақ сөз жоқ. Қаңтар айында не болды? «Бейбіт наразылық па»? «Билікті өзгерту әрекеті ме»? «Ескертусіз ату ше»? Біз әлі күнге дейін өз ойымызбен, сезімімізбен жалғыз күресудеміз. Біреуі өзін осал сезінсе, екіншісі ашуға беріліп, ал басқасы болған оқиғадан кейін әлі де қорқынышта өмір сүруде. Назарымыз басқа оқиғаларға ауып, қаңтар айындағы тәжірибеміз түсіндірмесіз қалды.

Qantar. Jazylu жарақатымызды сөз арқылы сезіп, болған жайыттар жайлы әңгіме қозғауға шақырады. Біз өзімізге болған оқиғаны жеңуге қалай көмектесе аламыз? 2022 жылдың қаңтарында өзіміз жайлы не білдік? Емделудің қандай жолдары бар? Бар ма?

Біз, тәуелсіз редакторлар мен жазушылар «Семейная этнография, или как деколонизировать свое письмо» және STEPPE онлайн басылымы бірлесуімен 2022 жылдың қаңтарынан кейінгі жеке тәжірибені көрсететін мәтіндер, әңгімелер, эсселер, өлеңдерімен бөлісуге дайын авторларды қатысуға шақырамыз. Қаңтар — ортақ тақырып. Біз хат арқылы ұжымдық емделуге, Jazylu-ға жақындауға болады деп сенеміз.

Авторларға қойылатын талаптар:

  • Қазақ және орыс тіліндегі проза — 3000 сөзге дейін (шамамен алты бет), поэзия — 1000 сөз мөлшерінде қабылданады.
  • Жобаға бір автордың бір ғана мәтіні/өлеңі қатыса алады.
  • Мәтіндер doc, docx форматында қабылданады.

Мерзімі — 15 ақпан 2023 жыл. Дайын материалдар мен сұрақтарыңызды пошта арқылы жіберуге болады — [email protected]

Редакция:

эльмираЭльмира Какабаева

Жазушы, журналист, әлеуметтік антрополог, «Семейная этнография, или как деколонизировать свое письмо» курсының негізін қалаушы. Эльмира өз хатында әйелдердің жеке тәжірибесі, сексуалдылық, ұлттық бірегейлік пен естелік тақырыптарын қозғайды. Шығармалары «Без Разрешения», «Маленькая книга историй о женской сексуальности» (No Kidding Press, Россия) Апполинарий (Қазақстан), Mumbermag (АҚШ) журналдарында жарық көрді. Таус Махачеваның Seismic Jitters (Lahore Biennale 2020, Пәкістан) инсталляциясына арналған мәтіндер жазды.

данДанель Ходжаева

STEPPE редакциясында жұмыс істеген. Онда гендерлік және әлеуметтік сезімтал тақырыптарында жазған. 2021 жылы Қазақстандағы ым-ишара тілі жайлы материалмен MediaCamp Орталық Азия байқауының жеңімпазы атанды. Материалдарының негізгі бағыты — феминизм, мәдениет және Орталық Азия тәжірибесінің көрінісі. Журналистік және редакторлық қызметтен басқа Данель әлеуметтік жобаларда коммуникациялық менеджер қызметін атқарады.

аидаАида Әділбек

Суретші және куратор. Оның шығармашылығы өзінің және жалпы әйелдік қасиеттерді мәдени кодтар арқылы қарастыру мен күнделікті өмірдің қарапайым элементтерін зерттеу айналасында дамып келеді. Оның басты айналысатын медиумдары перформанс және видео. Аида Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын «өнертану» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы Goldsmiths, University of London MFA in Fine Art бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды. Оқудан оралған соң, әріптестерімен бірге олар MATA көркемөнер ұжымын құрды, 2021 жылдан бастап Орта азиялық DAVRA зерттеу тобының мүшесі болып келеді.

айсаАйсана Нұрқадыр

Продюсер, журналист, диджей, Tazqara қоғамдық бағдарламасының ұйымдастырушысы. Айсана қазақ тілі мен әдебиетін зерттеумен айналысады, кітап жазады. Өз жобалары аясында қазақ халқының ежелгі тарихы мен дәстүрлерін зерттеуге арналған жабық поэтикалық оқылымдарға, білім беру дәрістеріне, көрмелерге жетекшілік етеді. Шығармашылығының негізгі бағыты — феминизм, отаршылдық, шежіре, әдебиет және өнер.

айсАйсұлу Тойшыбекова

Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан Қаскелен шағын қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел университетін 2016 жылы «журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Vlast.kz және Holanews.kz редакцияларында жұмыс істеген. Айсұлу публицистикалық және журналистік мәтіндер жазады, оның назарындағы тақырыптар — феминизм мен әйел тәжірибесі, отарсыздық, кино және мәдениет. Журналистік қызметтен басқа, подкасттар шығарады.

гуоьГульдана Тауасар

Леттеринг әртіс, графикалық дизайнер. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) «Бренд-менеджмент» мамандығы бойынша оқыған. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт БАҚ-та, оның ішінде BLVD X, BURO. Kazakhstan — да жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Гүлдана қаріп әзірлеумен айналысады. Ол әріптермен жұмыс істеуге маманданған, коммерциялық және жеке жобаларда жұмыс істейді. Соңғыларының бірі — Signs of Almaty. Жоба қаланың сыртқы келбетіне байланысты мәселелерге арналған.

Статьи STEPPE

Казахстанский проект Cerebra вошел в топ-5 мировых стартапов по диагностике заболеваний мозга

Cerebra — это искусственный интеллект в области нейрорадиологии для автоматизированной диагностики ишемического и геморрагического инсульта.

2 минуты
2 минуты

Письмо главреда читателям Степи

Вспоминаем важное и настраиваемся на хорошее.

5 минут
5 минут

Правительство Казахстана подготовило предложения по искоренению насилия и домогательств на рабочем месте

В рамках исследования министерством труда и социальной защиты населения было опрошено 1340 женщин и 208 руководителей организаций. Порядка 13% опрошенных женщин сообщили, что сталкивались с насилием и домогательствами на рабочем месте, а в адрес 10% работодателей поступали обращения от пострадавших женщин.

2 минуты
2 минуты

В Астане начался суд по делу Кайрата Боранбаева

Кайрат Боранбаев — казахстанский бизнесмен, является владельцем сети ресторанов McDonald’s в Казахстане, компании «Алекс-Сарыагаш», мажоритарной доли футбольного клуба «Кайрат».

2 минуты
2 минуты