Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Қазақ халқы сан қилы ырым-тиымдарға өте бай — олардың арасында жақсыға да, жаманға да жорылатындары бар. Бұл халықтың салт-дәстүрінің ерекше де ажырамас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа таратылып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі қазақ халықының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінде шынымен кең көрініс береді.
Ырым мен тиымды ажырата білу дұрыс. Этнограф Досымбек Қатранның сөзіне сүйенсек, тыйым деп белгілі бір жағдайда ғана жасалатын әрекеттер мен әдеттерді айтады. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірде жасауға тыйым салынатын дүниелер болып табылады. Ал ырым болса, халықтың сенімінен пайда болған ұлттық ерекшелік. Жаңа шолуда STEPPE редакциясы қазақтың ырымдары мен тиымдары жайлы бөліседі.
Қазақта «Айналмақ» деген ырым бар. Ол өзін-өзі біреудің жолына құрбан еткісі келген адамның жасайтын ырымы екен. Ауырып жатқан науқасты үш айналып шыққан адам өзін солай садақа етеді. Жақсы көретін адамына «айналайын» деп еркелетіп айту да осыдан шыққан.
Оттың киесіне сенген халық аластауды тазарту мақсатында өткізілетін ұшықтаудың бір түрі болып табылады. Бұл көне дәуірден бері келе жатқан, халықтың наным-сеніміне негізделген, бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтайтын әрекеттер. Ырымның атауы «алас», яғни «от» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан, ал рәсімнің өзі оттың көмегімен жасалады. Адамдар отқа табынған кезден бері пайда болған ырым екен. Жаңа үйге көшкен кезде от тұтатып, онымен бесікті, босағаны, бөлмелерді, тағы басқа жерлерді айнала аралап өтіп жүріп, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деп айтады.
Халық арасында жамандық шақырушы әдеттердің бірі — отырған кезде тізе құшақтау болып табылады. Неліктен тізе құшақтауға тиым салынғанын сұрастырған кезде, адамдар әдетте қысқаша «жаман болады» деген жауап қайырады. Бұл қазақтың салтында «жалғыз қалудың белгісі» ретінде кең танылған, бала тәрбиесінде көп қолданылатын тиымдарының бірі.
Отқа қатысты қазақтың белгілі этнографы Шоқан Уәлиханов өзінің мақалаларының бірінде былайша айта кеткен: «От киелі болып саналады, оған түкіруге немесе ошақты басуға болмайды. Қыз бала келін болып түскенде, әкесінің үйіне кіріп, сәлем беріп, "әруақ разы болсын" деген ниетпен, отқа бір қасық май құю керек». Қыз тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді де, сол кезде, енесі немесе үй ішінен әйелдердің бірі май құйылған отқа алақанын қыздырып, келіннің бетін сипайды.
Қазақтың тағы бір тиымдарының бірі — екі қолды төбеге қойып отырмау екен. Бұл әрекетке неліктен тиым салынғанын «басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады» деп түсіндіріледі. Егер адам төбесіне қолын қойып отырса, ол басына жамандық шақырады деген сенім бар, бұл халық арасында кең тараған нанымдардың бірі болып табылады.
Қазақтың үйіне жолы түсіп, шаруамен келген адам тізе бүккенді жөн көрген. Тым асығыс болғанына қарамастан, үй иесімен амандық сұрасып, аз уақыт болсын отыруы керек. Бұл — жолаушының шаңырақ иесіне деген құрметінің бір белгісі.
Бала кезде ойнап жүріп, таңдай қаққан кездері, үлкендерден «таңдайыңды қақпа, жаман болады» деген сөзді көп адам естіген болар. Көбіне өлім-жітім, жаманшылық шақыру белгісі болып табылады.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)