Lenovo диджитал өнермен айналысатын креаторларға арналған поп-ап кеңістігін ұсынды

1 минута STEPPE
Lenovo диджитал өнермен айналысатын креаторларға арналған поп-ап кеңістігін ұсынды
Партнерский

Lenovo: Just Be You кеңістігі жобасын Lenz Architects сәулет бюросының дизайнерлері жүзеге асырды. Бұл жерде креатордың диджитал өнер ортасында шабыты сарқылмай, қарым-қабілетін еркін танытуына ыңғай туғызатын құрылғылармен жабдықталған заманауи жұмыс орны жасақталған.


Just Be You кеңістігінің негізінде жатқан өзін-өзі таныту концепциясы YOGA сериясымен шығатын Lenovo ноутбуктерінің әсем қалпы мен жеңіл трансформациясына лайықтап жасалған, соның нәтижесінде негізгі элементі ретінде YOGA Slim 7 Pro флагман моделі алынған креатив жұмыс орны дүниеге келді.

Кеш қонақтарының қатарынан технология мен сән сүйермендері, суретшілер, сәулетшілер, крипто-энтузиастар және диджитал өнер табынушылары табылды.

Поп-ап кеңістіктің таныстырылуы дизайн және сәулет саласындағы технологияның маңызы, жасанды интеллект заманауи өнер синониміне айналып келе жатқандығының себебі жайлы ойларын бөліскен креатив индустриясы кәсіпқойларының public talk-інен басталды. Олар қазіргі таңда креаторларға, NFT энтузиастар мен суретшілерге арналған инновациялық технологиялық құралдар туралы әңгімеледі. Кеш барысында қонақтар Lenovo YOGA Slim 7 Pro ноутбуктерінде жасанды интеллект көмегімен өз диджитал туындысын жасауға мүмкіндік алды.

Lenovo YOGA құрылғыларының түрлерімен танысып, Elements бутигінде (Esentai Mall, 2-қабат) орналасқан жаңа Just Be You креатив кеңістігінде 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істеп көруге болады. Одан бөлек pop-up кеңістікке келушілердің барлығы конкурсқа қатысып, креаторларға арналған премиум Yoga Slim 7 Pro ултражұқа ноутбугін ұтып ала алады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Бүгінде фриланс — еркіндік пен икемділікке негізделген жұмыс формасы. Алайда тұрақты табыс көзі мен әлеуметтік кепілдіктердің...

12 минут
12 минут
Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Альфа — грек әліпбиінің алғашқы әрпі. Альфа болу бүкіл саладан бәрінен мықты болып шығу деген сөз емес, бұл өз өміріңде өзің...

9 минут
9 минут
Форум CAMCA: как лидеры Евразии проектируют будущее региона

Форум CAMCA: как лидеры Евразии проектируют будущее региона

19 и 20 июня 2025 года в Улан-Баторе, столице Монголии, в бальном зале отеля Shangri-La состоится Региональный форум CAMCA...

2 минуты
2 минуты
Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі. Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде,...

3 минуты
3 минуты