Стокгольм+50: БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясының жарты ғасырдан кейінгі нәтижелері

1 минута Бауыржан Биахметов
Стокгольм+50: БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясының жарты ғасырдан кейінгі нәтижелері
Партнерский

2021 жылғы 25 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарардың арқасында Стокгольмде (Швеция) 2022 жылғы 2-3 маусымда, яғни дүниежүзілік Қоршаған орта күні аптасы аясында «Стокгольм+50: барша адамзат өркендейтін сау планета – біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз» деген кездесу өтті. Қоршаған ортаға қатысты бұл кездесу 1972 жылы Стокгольмде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының адамзаттың қоршаған орта мәселелерін шешу жөніндегі конференциясының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған.


«Стокгольм+50» конференциясының негізгі мақсаттарының бірі – өткен 50 жылда жаһандағы экологияға қатысты атқарылған жұмыстарды саралап, келешекке бағыт-бағдарды айқындау. Сондай-ақ дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген белсенділерге пікірталас платформасын ұсыну. Сол мақсатта жастарға арналған сессиялар мен вебинарлар ұйымдастырылып, аймақтық көпжақты консультациялар және тағы басқа көптеген ірілі-ұсақты іс-шара өткізілді.

 

облако

Бұл жиында ұйымдастырушылар планетамызға қатысты 3 негізгі дағдарысты, яғни климат өзгеруі, қоршаған орта ластануы және тұмса табиғат жойылуын тоқтатуға адамзаттың бар күш-жігерін жұмсауға үндеді. Оның үстіне бұл үш дағдарысты еңсеруді көздейтін адамзаттың күш-жігері БҰҰ белгілеген орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, климат өзгеруі жөніндегі Париж келісімін орындауға және COVID-19 пандемиясынан кейінгі адамзаттың орнықты оңалуына оң септігін тигізеді. 

Бірнеше күн болған кездесуде бірқатар өзекті мәселе көтерілді және оларды шешуге септігін тигізетін көп ұсыныс айтылды. Солардың арасындағы ең маңыздылары: адамзаттың таза, салауатты және тұрақты қоршаған ортада өмір сүруге құқығын мойындау және оны ары қарай дамыту; адамзаттың әл-ауқатын сау планетаның маңызды бір бөлшегі ретінде қарастыру; қоршаған ортаға қатысты құқықты зерттеуге көңіл бөлу.

 

облако2

«Стокгольм+50» іс-шарасының негізгі қорытынды нәтижесі – адамзатты жаһандық экология мәселелерінің шешімін шұғыл табуға және орнықты экономикаға тепе-тең, әділ түрде көшуге міндеттеді, яғни ешкімді шетте қалдырмай, барша адамзат өркендей алатындай сау планетаға жету жолында орнықты дамуға толық жағдай жасау.