Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
24 ақпан күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаны қарусыздандыру үшін арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Телеарнадан ресейліктерге арнайы үндеуінде жағдай «батыл және шұғыл әрекет етуді талап етеді» деді. Соңғы күні болған деректерді жинадық.
Ресейде соғысқа қарсы әрекеттер кезінде 1500-ден астам адам ұсталды. Мәскеу мен Санкт-Петербургте үлкен митингілер, Иркутск, Омбы, Астрахань, Тольятти, Саратов және Владивосток қалаларында ереуілдер өтті.
«Интернет нашар жұмыс істейді. Азаматтарды ұстап, кезекпен машинаға отырғызып жатыр».
«Мен сыртқа шығуға қорқамын, бірақ бұны тұтқынға алу немесе өлім жазасына кескенмен салыстыруға келмейді», — деді. BBC арнасына сұхбат берген қыздың қолында «Нет войне» деп жазылған қағаз болды.
Ресейдің Тергеу комитеті ереуілді ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Мемлекетте мобилизация 90 күн ішінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ Владимир Зеленский Жоғары Бас қолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
Сонымен бірге, Ресей президенті украин әскеріне биліктік қылмыстық бұйрығын орындамауға, қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.
Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қалаларына зымырандық, әуе немесе артиллериялық соққылар жасамайтынын атап өтті.
Олардың айтуынша, әскери инфрақұрылым, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, аэродромдар мен авиация жарамсыз. Министрлік бейбіт тұрғындарды қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді.
Украинадағы 100 мыңға жуық адам үйлерін тастап, тағы бірнеше мың адам халықаралық рейспен шетел асып кеткен.
АҚШ-тың жаңадан шығарған айыппұл шаралары ресейлік банктерге, олигархтарға және жоғары технологиялық индустрияға қарсы бағытталған. Сонымен бірге, Байден Ресейді әзірге SWIFT-тен ажыратпау және Ресей Федерациясының энергетикалық секторына қарсы санкциялар қолданбау туралы шешім қабылдады.
ВТБ, Совкомбанк, Новикомбанк, Откритие, Промсвязбанк, Ресей Банкі және Сбербанк шетел мемлекеттерінің санкцияларына ұшырады. Дегенмен, ресми деректерге қарағанда, санкцияға ұшыраған ресейлік банктер тұрақты түрде жұмыс жасайды.
«Банктер барынша сабырлық сақтауда және Ресей экономикасын несиелеуде бизнесті дамыту үшін айтарлықтай қауқарға ие».
Сондай-ақ Ресей Банкінің хабарлауынша ресейлік банктердің мұндай жағдайға дайын болғанын және жұмысты тоқтатпас үшін алдын ала іс-қимыл жоспарын ойластырғанын айтты.
«Венесуэла қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды, адам құқығын таптамауға шақырады. Ресей халқына қарсы заңсыз санкциялар мен экономикалық шабуылдарды айыптайды. Сондай-ақ, Венесуэла Украинадағы дағдарыстың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді және АҚШ бастаған НАТО-ның Минск келісімдерін бұзғанына өкініш білдірді».
Осыған қарамастан, Венесуэла қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін келіссөз жүргізу арқылы дипломатияға шақырады.
Премьер-министр Фумио Кишиданың айтуынша, ресей азаматтарының капиталын пайдалануға шек қояды. Сондай-ақ Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салынады.
«Қаржы ұйымдарының активтері бұғатталып, әскери мақсатта пайдалануға болатын тауарлар тізімін экспорттауға тыйым салуда».
Президенттің айтуынша, Украина Франциядан 300 миллион еуро көлемінде қаржылай көмек алады. Сондай-ақ Румынияға әскери армия жіберіледі.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, бір күнде 137 украин қаза тапты, оның ішінде 10-ы офицер. Сондай-ақ 300-ден астам адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Украина президенті Instagram желісінде актер Шон Пеннмен кездесуі туралы айтты. Шон Пенн — американдық актер, сценарист және режиссер.
Өткен жылдың қараша айында Пенн Донбасстағы қауіпсіздік күштері бақылауындағы аумаққа барған болатын. Оның Украина туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғаны да белгілі.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)