Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Балабақша ашу туралы идея жүктілік кезінде пайда болды. 2015 жылы Дубайдан Қазақстанға оралғанда, мерзімінен бұрын ерте босандым. Егіз қыздарымның салмағы салыстырмалы түрде аз болды. Шала туылғандықтан, бар күшіміз бен назарымызды олардың дамуына, қалпына келуіне арнадық. Кейін егіздерім өсе келе, оларды қандай балабақшаға беремін деген ой мазалады.
Негізі өзім мамандық бойынша педагогпын. Бірнеше мемлекеттік, жекеменшік балабақшаларды көрдім, олардың жұмысымен таныспын. Сондықтан балаларымды оларға сеніп тапсыру қиын боларын түсіндім. Жұбайым «Сенің білімің мен тәжірибең бар, балабақшаның жұмысы туралы жақсы білесің. Өзіміздің балабақшаны ашайық» деп ұсынды. Содан біз ешқандай заңды, ережені білмей, бұл істі бастап кеттік.
Өзім еден жуып, тамақ пісірдім.
Бірінші жылы табыс болған жоқ, керісінше шығыс көп болды. Арасында өзім еден жуып, тамақ пісірдім. Басында 5-6 бала болса, жарты жылдан соң бала саны бірден 35-ке жетті. Алғашқыда таныстарым мен туыстарымның балалары келіп жүрді. Кейін балабақша туралы ақпарат таралып, өзге адамдар естіп келе бастады.
Бала саны өсіп 45 болды. Сөйтіп екі жылдан соң дәл осындай концепция бойынша екінші балабақшаны аштық. Бұл балабақшаға қосымша вегетариандық ас мәзірін қостық. Біріншіден, қазір мұндай меню танымал, екіншіден, көптеген балалар диетаға мұқтаж. Мысалы, аллергиясы бар балалар. Үшіншіден, кейбір балалар вегетариан, веган отбасында тәрбиеленуі мүмкін.
40 жыл бұрынғы әдіс-тәсілді қазіргі балаларға қолдана алмаймыз.
Біздің балабақшаның ерекшелігі – әрдайым уақыттан қалмай жаңарып, заманмен ілесе жаңғыру. Заман ауысады, ата-аналар мен балалар өзгереді, олардың дүниетанымы өзгереді. 40 жыл бұрынғы әдіс-тәсілді біз қазіргі балаларға қолдана алмаймыз. Бәрі өзгереді, сол себепті көштен қалмай, уақытқа қарай бейімделе білу қажет.
Балабақша қызметкерлерінің барлығымен өзім сұхбаттасамын. Бір ай сынақ мерзімінде жеке өзім қадағалап, үйретемін. Педагогикалық білімінен бөлек, мен үшін, адамның мейірімді, сабырлы болуы маңызды. Қаншама ата-ана кішкентай балаларын бізге сеніп тапсырады. Сол себепті балабақшаға келген әр бала үйіне аман-есен оралып, бүгінгі күні есте қаларлықтай, ұмытылмастай өтуі тиіс.
Менің тәрбиешілерге берер ақыл-кеңесім: «балабақшаның есігін аттаған сәтте, отбасы не өміріңізде қандай қиын жағдай болмасын бәрін ұмытыңыз».
Ас мәзіріне де аса мән беремін. Балаларға берілетін тамақтың бәрін, өзім ішіп-жеп көремін. Осылайша аспаздың хал-жағдайын, бүгін қандай көңіл-күйде екенін түсінемін. Егер таңертеңнен көңіл-күйі жоқ болса, оны бір күн жұмыстан босатып, үйіне жіберемін. Себебі әр тағам махаббатпен дайындалуы тиіс.
Балаға ет жеуге болмаса, орнына бұршақтан дайындалған асты береміз. Біздің балабақшада ақ нан мүлдем жоқ. Балалар оның не екенін де білмейді. Сорпаны кепкен нанмен ішеді. Ашытқыны пайдаланбаймыз, тұтас дақыл ұнды қолданамыз. Қолымыздан келгенше сүзбені де өзіміз дайындаймыз не сенімді дүкендерден сатып аламыз.
Балабақша ашудағы қиындықтар
Балабақша ашудағы қиындықтарға келер болсам, маған жақсы мамандарды табу қиын болды. Себебі біздің елде неге екенін білмеймін, педагогтарға сұраныс аз, олардың жалақысы да аз, қойылатын талаптар төмен. Әлемде бала тәрбиесіне, дамуына арналған қаншама әдіс-тәсілдер бар. Бірақ біздің педагогтар ол жайлы білмейді.
Екінші қиындық үйді не ғимаратты жалға алғанда кездеседі. Себебі барлық балабақшалар санитария нормалары мен талаптары туралы маңызды құжатқа сай болуы тиіс. Нормаға сай үйді тапқан күннің өзінде кей бөлмені ауыстырып не қабырғаны бұзуға, кей тұсын қайта салуға тура келеді. Сонымен қатар бұл өзгерістің барлығы үйдің техникалық төлқұжатында да өзгертілуі тиіс.
Балабақша ашу бұл үлкен жауапкершілік. Қажырлы еңбекті, көп жұмысты талап етеді. Тағы да балабақша ашуға менің физикалық тұрғыдан шамам келмейді. Сол себепті осы екі балабақшамен тоқтауды жөн көрдім. Болашақта тек франшиза ашу жоспарда бар. Біздің концепция бойынша балабақша ашқысы келетін адамдардың барлығына көмектесіп, ақылымды айтуға дайынмын.
Бала күнімде бастауыш сыныпта мұғалім болуды армандадым. 8-сыныпта жүргенімде, 4-5-сыныптың оқушыларына қосымша сабақ беріп, репетитор болдым. Олар менің үйреткенімді тез ұғынып, қабылдады. Өйткені мен сабақты қиындатпай, жеңіл ойын арқылы түсіндіретінмін. Кейін оқушыларымның үлгерімі жақсарды. Осы кезде, болашақта неге өзімнің жеке мектебімді ашпасқа деген ой келді. Яғни, оқу орталығын ашу идеясы мектеп кезінде пайда болған.
Жылдам оқу бұл «миф» деп ойладым.
Орталық бірден ашылған жоқ, алғашқы қадам ретінде алдымен өзім курс өткіздім. Негізі өз басым, жылдам оқу ол өтірік, миф деп ойлағанмын. Адам ақпаратты жылдам оқығанда түсінбейді деп сенбедім. Кейін мұның қаншалықты рас не өтірік екенін тексеріп, зерттегім келді. Әр түрлі курстарға қатысып, жылдамдығым артты. Оқуға махаббатым ашылды. Зерттей келе, кітап оқудың алгоритмін, қалай оқу керек екенін түсіндім. Сөйтіп бұл саланы неге көп насихаттай бермейді деген ой туды. Осылайша 2019 жылы жылдам оқу курсы бойынша Sana орталығында жұмысымызды бастадық.
Өзіме «сана» сөзі қатты ұнайды.
Орталықтың атауын да сол 8-сыныпта оқып жүргенімде ойластырдым. Дана халқымыз да адамның саналы болуына мән берген, оның маңызын айтып кеткен. Сол себепті басқа ұсыныстар болған жоқ, бірден орталықтың атауын «сана» қойдық. Өзіме осы сөз қатты ұнайды.
2020 жылы онлайн курстардың көбеюіне байланысты, біз тек оқу орталығы ғана емес, IT-компанияға айналдық. Яғни, Sana бұл әр түрлі курс өтетін арнайы платформа. Құр сайт ғана емес, мұнда адамның жеке логин, паролі бар, өзі кіріп, курстарды ашып қарай алады. Орталығымызда тұлғалық дамудан бастап маркетинг, бағдарламалау, аспаздық, музыка, фитнес, дизайн және т.б. салалар бойынша курстар бар. Кез келген мықты маман не спикер өзінің курсын өткізгісі келсе, бізбен бірге дайындай алады немесе дайын курсы бар болса, платформамыз арқылы сата алады. Біз қазақ тілінде кез келген маманға өз ісімен бөлісуге ыңғайлы мүмкіндік ұсынып отырмыз.
Тез бейімделе білу — ХХІ ғасырдағы маңызды дағды.
Қазір технология, жалпы әлем қарқынды дамып жатыр. Бизнестің бір ерекшелігі – көштен қалмай ілесіп отыру. Әрқашан ізденісте болу маңызды. Егер осы өзгеріске ілесе алмасан, артта қаласын. Сондықтан да біз әрдайым өзімізді тонуста ұстауымыз керек. Орталықтың басты мақсаты бәсекеге қабілетті дағдыларды үйрету – тез оқу, жылдам үйрену, жадыны жақсарту, ойлау қабілетін жақсарту, оратор болу.
Заман талаптары да тез өзгеріп жатыр. Қазіргі қажет мамандықтар ертең өзекті болмауы мүмкін. Сондықтан да біз тез бейімделе білуіміз керек. Бұл ХХІ ғасырдағы ең маңызды дағды. Тез бейімделу үшін, не кез келген ақпаратты жылдам түсініп, жалпы кәсібилікті арттыру үшін миымыздың жұмыс істеу принципін, ақпаратты өңдеп, қалай есте сақтайтынын білуіміз керек. Біз курста адамның жалқаулығын, оқи алмауын қарастырамыз. Мидың жалқау болмауы үшін қандай техниканы қолдану керектігін, қосымша қандай стимул беру керегін айтамыз. Менің ойымша, тез оқу бұл кез келген нәрсені үйренудің алдын алу.
Оқимын, үйренемін деген адамға ешқашан кеш емес.
Орталықта 1,5 жылдан астам уақытта шамамен 3000 мыңға дейін адам оқыды. Оның ішінде шағын марафондар мен арнайы курстар бар. Адамдардың, әсіресе жастардың оқуға деген қызығушылығы бізді аса қуантады.
Ең жас шәкіртім 13-те болды. Ата-анасы ұлының курсқа жазылғаннан кейін, жылдамдығы, оқуға деген қызығушылығы артқанын айтты. Оның бұл жетістігіне қарап, өздерінің де оқуға деген ынтасы ашылған екен.
Орталықта 60 жастан асқан адамдар да оқыды. Бірде Алматыдағы офлайн кездесуде 57 жасар апа курсыма жазылды. Ол кісі балаларын, немерелерін өсірген. Қазір зейнетке шығып, өзіне уақыт бөліп, үйренгісі келетінін айтты. Сөйтіп әжеге жылдам оқуды үйреттім. Маған ұнағаны, кейін ол кісі үйінде немерелері мен балаларынан да жылдам оқимын деп мақтанған болатын.
Айтайын дегенім, көп адамдар 30 жастан асса болды, үйренуге кеш, дым түсінбеймін деп өзін шектеп жатады. Бірақ өсемін, үйренемін деген адамға ешқандай сылтау жоқ. Дамуға адамның жасы кедергі емес.
Бизнесті бастамас бұрын мен тек табысты ғана емес, белгілі бір аудиторияның қажеттілігін қамтамасыз етуді көздедім. Менің жағдайымда бұл жас аналар еді. Өзімнің кішкентай екі балам бар. Сондықтан оларды жақсы түсінемін. Балаларға арналған сапалы, қауіпсіз әрі ыңғайлы киімді табу қиын.
Оның үстіне қызымның аллергиясы болғандықтан, тітіркендірмейтін гиппоаллергендік киімді ұзақ іздедім. Содан осы саланы зерттей келе, қауіпсіз органикалық киім өндіруші Kitikate атты түрік брендімен таныстым. Олардың жұмысын, көзқарасын ұнаттым. Сөйтіп осы брендтің Қазақстандағы өкілі болуға шешім қабылдадым.
2018 жылы жұбайым екеуміздің үй алуға немесе бизнес ашуға жинаған 18 миллион теңге қаражатымыз болатын. Біз ойлана келе, тәуекелге бел буып, бизнесті таңдадық. Қазір Астана, Алматы, Атырау қалаларында орналасқан үш дүкеніміз бар. Мақсатым бес жылда кем дегенде 25 дүкен ашу.
Kitikate жайлы
Мен қоғамға пайдасы бар дүниемен айналысқым келді. Сатылатын тауардың зиянды болмауы мен үшін өте маңызды. Сол себепті балаларға арналған қауіпсіз органикалық Kitikate киімдерін таңдадым. Органикалық дегеніміз мақтаның өсу процессіне, басынан бастап соңына дейін өңделуіне ешқандай зиянды зат қосылмайды. Тіпті бояудың қоспасы – органикалық таза өнім.
Тауар Түркияда өндіріледі. Біз олардың Қазақстандағы эксклюзив серіктесіміз. Тауар GOTS (табиғи тоқыма өнеркәсіптің халықаралық стандарты) қауымдастығының талаптарына сай әрі сертификатталған. Киімдердің адам өміріне зияны жоқтығына кепілдік береді.
Дүкеннің қызығы мен шыжығы
Қызықты оқиғалар көп болды. Мәселен, бізге шетелдік азаматтар келеді. Егер олар ағылшын тілінде сөйлей алса, қиындық болмайды. Бірақ араб тілінде не вьетнам тілінде ғана сөйлейтін сатушылар болды. Осындай сәттерде ым-ишарамен болсын, қолмен көрсетіп барынша түсіндіреміз. Кейде қолға қалам мен парақ алып сурет арқылы көрсеткен кездеріміз болды.
Қиыншылықтарына келер болсақ, дүкен ашуда қаржы жағынан қиындықтар болады. Дүкенді басқару, сату ісі, еден жуу болсын, барлығына өзім жауап беремін. Қолымнан келген жұмысты өзім атқарып, осылайша ақшаны үнемдеймін.
Жалпы бизнес — жауапкершілік. Ол ата-ана болу секілді. Бұрынғыдай ештеңе болмайды, балаға жауапты болуын тиіс. Бизнесте сол сияқты. Мұнда да қиындықтар бар, болады да. Онсыз ол бизнес емес. Себебі, бизнес бұл қандай да бір қиындықтарды жеңуге, мәселені шешуге мүмкіндік.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)