Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
STEPPE және Zerde Publishing сіздерге Ольга Примаченконың «Өзіңе нәзік түрде» («К себе нежно») кітабының үзіндісін ұсынады. Бұл шығарма адамдарға өздеріне жылылықпен қарауға және өмірдегі қиын кезеңдерде өздеріне көмектесетін дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Автор, белорус журналисті және психологы Ольга Примаченко, өзінің басынан өткерген оқиғаларға сүйенеді. Оның кітабы өмірлік тәжірибеге негізделген және өзін-өзі қабылдау жолындағы кеңестерге толы. Біз ұсынған үзінді өз-өзіңді қабылдау және сезімдеріңді шынайы бағалау туралы. Онда сезімдерді жақсы және жаманға бөлмеу, оларды барынша сезінуге рұқсат беру және өзіңнің шынайы сезімдеріңмен өмір сүрудің маңыздылығы туралы айтылады.
Сезімнің әдемі емесі болмайды. Бұрысы да болмайды
Өзін аялау сіз басқалардың не ойлайтынына қарамай және сезімдерді жақсы мен жаманға бөлмей, сезілгеннің бәрін сезінуге мүмкіндік беруден басталады.
Бір кездері Элизабет Гилберт фейсбукта жазғандай, егер біз қуаныш сезінсек, ол біз үшін шынайы және анық, біздің қайғымыз да, біреуге деген сүйіспеншілігіміз де солай. Өзімізді сезіміміз басқаша екеніне сендіруге тырысуымыздан ешкім пайда көрмейді. Адам өз шындығымен өмір сүруі керек, өз тұтастығын табудың бұдан жақсы жолы жоқ. Азын таңдағанда біз әлдебір өзге нәрсені таңдаймыз. Біз үшін.
Егер сіз мұңға батсаңыз, бұл — сол сәттің шындығы, оны жоққа шығарудың қажеті жоқ.
Сіздің өзіңізді осылай сезінуіңізге себеп бар: сізді бір нәрсе ренжітті, бәлкім, сіз бірдеңе жоғалтқан боларсыз (ақша, қарым-қатынас, зат, шабыт, демалыс күндеріне жоспарлар, өмір бойғы махаббатыңызды) және сізге бұл жоғалтуға шыдап, күйініп, өзгеріске бейімделуге уақыт қажет.
Қайғыру қара жамылу, ағыл-тегіл жылау және бөлмеден шықпау дегенді білдірмейді. Қайғыру — адамның өзіне жоғалтуды мойындауға рұқсат беруі. Бұл қанша уақыт алатынын болжау мүмкін емес. Бірақ егер өзіне уайымдауға тыйым салса, онда алуы мүмкін уақыттан да көп болатыны анық.
Бұл жағдайда өзін аялау — біраз уақыт қайғыға толы қалтамен жүруге тура келетіндігіне көну. Кеудені жіберген кезде босайды. Бұл — қалыпты жағдай, одан өлмейсіз және бұдан жаман күйге түспейтініңіз анық.
Бұл ретте өзіңізді «уайымдау әсерінен уайымдау» тұзағына түсірмеуге тырысыңыз. Бұл — «әлдебір өзгеше» сезімде болсақ, бізде бәрі жақсы ма деп мазасыздана бастайтын жағдай: қызыға қарағанда, достың сәтсіздігіне қуанғанда, қызғанғанда, ренжігенде немесе жай ғана көңілсіз күйге түсіп, әдемі белсенді болудың орнына масқара болып, жылай бастағанда.
Өзімізді шексіз «ақжарқын адам» бола алмайтын және жақсы ойлай алмайтын адам ретінде танып, көңіліміз бұзылады. Әрдайым жанды жерімізге тиетін дүниелердайым бар екенін мойындау бізге ауыр тиеді, демек, біз «қажет» деңгейде немесе өзіміз қалағандай емес, отыра қалып, сол жерде жыламау үшін өз күйіміз бен күш-қуатымызға қарай әрекет етеміз.
Бұл — шындық. Сондықтан сезімдердің «орындылығынан» уайымдай бастағаныңызды байқаған кезде дем алып, дем шығарып, жайлап өз-өзіңізге келіңіз. Сізде барлығы жақсы, сіздің уайымыңыз сол сәтке байланысты, одан ұялудың немесе тым әсірелеудің қажеті жоқ.
Бір күні сүйікті адамға жеккөрінішпен қарау қорқынышты емес, өзіңізге оған деген сүйіспеншіліктен басқаны сезінуге жол бермеу қорқынышты.
Сезім дегенде мінез емес, әрдайым «қазіргі» жағдай ойға келеді. Егер сіз ашулансаңыз, бұл сіздің қандай адам екеніңізді көрсетпейді, бірақ не болып жатқаны жайында көп хабар береді. Бәлкім, сіздің шекараңыз бұзылған болар. Немесе сізге қымбат нәрсе бағаланбай жатқан шығар. Болмаса ұзақ уақыт демалмағаныңыз сонша, денеңіз «жауынгерлік әзірлік» режиміне ауысып, енді тіпті бұтақтың көлеңкесінің кішкене қозғалысына да «Жау!» деген пәрменмен жауап береді.
Қорқынышта да сондай. Егер сіз қорықсаңыз, бұл сіздің қорқақ екеніңізді білдірмейді. Тек ойдан сезім жүйрік , сондықтан да не болғанын өзіңізге түсіндіріп үлгергенше қауіпті тезірек сезінесіз. Бұл туралы жақсы сөз бар: егер сізге бірдеңе дұрыс емес сияқты көрінсе, онда жай солай көрінбеуі әбден мүмкін.
Егер сіз аш болсаңыз, әлсіресеңіз, шаршап-шалдықсаңыз, балалар тудырған бейберекеттікті көргенде өзіңізден буддистік байсалдылықты күтудің мәні жоқ. Ашу сізді ит мінезді деуге дәлел бола алмайды, бұл дәл қазір сіздің әбден титықтағаныңызды білдіреді.
Біз басқаларға олар ақтай алмайтын үмітімізді жүктеген сайын күткен нәтижелер қақтығысы туындайды. Нәресте анасының ұйқысын қандырғысы келетінін түсінбейді. Күйеуі адам ойын оқи алмайды, әйелі не жайында үндей қалғанын білмейді. Сын айтып үйренген құрбыңыздан жанашырлық пен қолдау күтудің пайдасы жоқ. Олардың барлығы өз жасағандарын жасайды, қасақана емес, басқаша істей алмайтындықтан. Бұл жерде оларда бірдеңе дұрыс емес –деуге келмейді, біздің күткен үмітіміз дұрыс емес (баса айтып өтейін: біз емес, үміттеріміз).
Оқиғаларды дамытудың тағы бір нұсқасы — сізге не сезінуіңіз керектігін айтатын немесе сіздің реакцияңызды мінейтін жағдай: «Жұмыстан шыққаныңа қалай қуана аласың? Барлық жөні дұрыс адамдар сияқты үрейден қатты қобалжуың керек!»
Есімде, мен бірінші некеден әдеттегі қайғы немесе мұң сезімдерімен шықпадым (олар болды, бірақ аясында ғана) — мен ажырасуға ашу кернеген күйде бардым. Егер «жай ғана» мінезіміз келіспесе немесе махаббат ұзақ уақыттан кейін шаңға айналса, мен ашулы болар ма едім.
Мен ашуландым, өйткені менің ұзақ уақыт бойы салған, көп жылдар бойы уақыт, күш, ақша және жалпы өткен өмірімді жұмсаған нәрселерім ретімен және тоқтаусыз күйреп жатқанда өзімнің дәрменсіздігімді сезіну маған ауыр тиді.
Бірақ мен бұл сезімдердің «сәйкессіздігінен», олардың орынсыздығынан, кейбіреулер үшін «ұсқынсыздығынан» қорқып, әлдебір сезімдерді сезінуден бас тартуға үзілді-кесілді қарсымын. (– «Мен сені сүйемін». — «Рақмет». — «Бұл мен күткен жауап емес». — «Көп рақмет?»).
Сен: «Маған ауыр тиюде» дейсің, саған: «Жоқ, саған… емес» деп жауап береді. Саған ауыр тимейді. Сен қорықпайсың. Өзіңді нашар сезінбейсің. Сен шаршаған жоқсың. Бұл — даңқойлық, сарбаздай бол, сабыр ет, есіңді жина. Ал сен есіңді жинайсың. Бір рет, екі, үш, төрт, бес, он сегіз рет, қырық үш рет ес жинайсың. Шынымен қалай қатайғаныңды және күштірек бола түскеніңді, терің қатқылданғанын, сауыт-сайман пайда болғанын кезінесің. Бұрын тірі және жылы болған жерде суық бос орын пайда болады.
Бір күні енді өзіңнің де біреуге «саған ауыр тимейді», «сен қорықпайсың» деп тұрғаныңды байқайсың. Сен сенбейсің және өзіңе қарап өлшемейсің, ал бұл өлшем аз, ал сенбеушілік болмашы ғана. Саған бақытсыздықпен келген екінші адам онымен жалғыз және қайғырып қала береді.
Маған адамдардың «Не болды?» деген сұрақтың жауабын естігеннен кейін «Неге сонша қиналасың, қиналатын нәрсені тапқан екенсің!» дейтіні мүлде ұнамайды.
Біріншіден, кез келген адам болған жағдайды өзі бастан өткергісі келгендей өткеруге құқылы, өйткені ол қайғы-қасіретін не жеңілдететінін жақсы біледі. Екіншіден, мұндай сөздер оның оқиғаларды дұрыс қабылдау қабілетіне күмән туғызады, өзінің тұрақты координаттар жүйесі бар ересек адам позициясынан не болып жатқанын объективті бағалау үшін өмірлік тәжірибесі жетіспейтін бала позициясына ауыстырады. Үшіншіден, ешкім дәл сондай дәрежеде қиналмайынша ешкімге «бойыңды еркін ұста» деп айта алмайды. Кім жоғалту сезімін бастан өткерсе, болып жатқан жағдай өзіне қалай ауыр тигенін, қанша күш жұмсағанын біледі. Адамдар көңіл көтергеннен қайғырмайды.
Мелоди Битти өзара тәуелділік туралы өзінің әйгілі «Құтқару немесе өзін құтқару» кітабында былай деп жазған: «Өзіңізден, қажеттіліктеріңізден, қалауыңыздан, сезімдеріңізден, өміріңізден және өзіңізді құрайтын барлық нәрседен бас тартуды тоқтатыңыз. Әрдайым өзіңізге қамқорлық жасау туралы шешім қабылдап, соны ұстаныңыз. Біз өзімізге сене аламыз. Біз өмірімізде кездесетін кез келген оқиғаны, мәселені және сезімді жеңе және соларға бейімделе аламыз. Біз өз сезімдеріміз бен пайымымызға сене аламыз. Біз өз мәселелерімізді шеше аламыз. Біз шешілмеген мәселелерімізбен де өмір сүруді үйрене аламыз. Біз өзіміз сенім артып үйреніп жүрген адамдарға — өзімізге сенуіміз керек».
Кітаптың толық нұсқасын сайттан таба аласыздар
Zerde Publishing — Қазақстандағы заманауи баспа үйі, бизнес, экономика және қаржы, жеке тиімділік салаларындағы кітаптарды, сондай-ақ қолданбалы нон-фикшн және қазақстандық және шетел авторларының көркем әдебиетінің кең ауқымын шығаруға мамандандырылған.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)