Соңғы 30 жылдағы қазақстандық 11 үздік альбом

8 минут Гүлбақыт Жанұзақ
Соңғы 30 жылдағы қазақстандық 11 үздік альбом

Музыкалық сыншы Роман Райфельд Қазақстанның Тәуелсіздігінің төңірегінде жарық көрген есте қалған музыкалық альбомдарға шолу жасады.


«Роксонаки» — «Tiл» (1991)

 

«Азия Даусы» тарихында ең алғашқы лауреат атанғандардың бірі. КСРО тарағаннан кейін, Кеңес үкіметіне «Мелодия» жазбасын арнаған ең алғашқы топ.

Бұл топ Руслан Каридің (Карина) жетекшілігімен құрылған, бүгінгі күні ол музыкамен айналыспайды. Ұжымның екінші солисті — Серік Көшкінбаев еді. Ең алғаш 90-жылдардың басында кассетада альбомды тыңдағаннан кейін, мен үш бунақтан тұратын «Бесік жыры» әнтаспасын. Тыңдарман қауым бұл таспаны тыңдай отырып, минор мен туған жерге деген аңсарды сезінеді.

Талғамы биік тыңдарман этникалық рок-әндерді жақсы көреді. Бұл альбом Кеңес Одағы кезінде жарық көргеніне қарамастан, тәуелсіз қазақ халық музыкасының тарихы осы альбомнан басталды деп айтсақ артық болмас. Этникалық музыканы бұл деңгейден асыру қазақ музыканттарына әлі де мүмкін болмай тұр.

A’Studio — «Джулия» (1992)

 

Бұл топтың күйтаспаларын 1990-1993 жылдары әртүрлі ресейлік компаниялар шығарды. Әннің атынан шыққан альбом ең алғаш Азия даусында шырқалған. 1989 жылы аталған әнмен «Тамаша» әзіл-сықақ бағдарламасында өнер көрсетті.

Халық әртісі Роза Рымбаева «Арай» тобының құрамында болғанда, топтың екінші релизі «Джулия» жарық көрген. 1990 жылы Байғали Серкебаевтың жетекшілігімен топ «Алла Пугачеваның ән театрына» көшті, сол жылы «Рождественских встреч» кезінде әнші бұл топты жас әрі стильді топ ретінде дүйім жұртқа таныстырған. Альбомдағы әндерден бөлек басқада әндер Алексей Берковичтің (1993) музыкалық картинасына кірді. Сол бейнежазбаны YouTube-тан тамашалай аласыздар. Джаз және фанк элементтері бар электро-поп стилінде бөлек, күйтабаққа «Мальчик Пинг-Понг», «Сезон дождей», «Белая река» және де «Был мой сон» әндері енген. Бұл әлемдік деңгейдегі поп-музыка болды.

Musicola — «Девочка в платьице белом» (1995)

 

Болат Сыздықов және Карина Абдуллина 90-шы жылдары өзге елдің өкілдеріне өз музыкаларын тыңдата білген жалғыз қазақстандық топ. 1992 жылы құрылған топқа «Утренняя звезда» телебағдарламасында Юрия Николаева 17 жастағы Каринаға гран-при берген. PolyGram музыкалық лейблінде өз альбомдарын шығарған. Күйтабақта «Вспоминай меня», одан бөлек поп-музыканың бағытына келмейтін «Прощай», «Предчувствие», «Розовым рассветом» атты әндері де бар. Бұрын дует әншісі Карина ирландиялық Cranberries тобының вокалисті — Долорес О'Риорданның орындауын көшіреді деп кері пікір жазатын. Қазір екі әншінің тек бір ұқсастығы бар — Долорес те, керемет гитарист Була да жоқ. Гитарадағы әсем әуен, сапалы стиль ерекше сұлулық дуэтті бір-бірімен толықтырып тұратын.

Urker — «Аңсарым» (1997)

Тізімде топтың екі релизі бар. Бұл ең бірінші үнтаспада шыққан дебют. Әннің арқасында топтың алғашқы клипі жарық көрген. Топтың ауыспайтын мүшелері Айдос Сағат және Рустам Мусин, кейбір уақытта ансамбльде вокалистер Дәурен Сыздықов және Нұрлан Албан жұмыс істеді, олардың әрқайсысы топқа дыбыстың реңін беріп, бастаған бағытты соңына дейін апаруға жұмыстанған. Urker-дің алғашқы әндері Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған. Топ қазақ тіліндегі әндердің өзге ұлт өкілдерінің жүрегіне жететіндей шырқауға болатындығын анық көрсетті. Бұл құрам алғашқы жылдары арт-рок стиліне көңіл бөлсе, осы альбом әннің концепциясын бұзбай әдемі біріктіре білген.

JCS — «Жизнь была бы сказкой» (2002)

 

70 жылдарда соул мен фанк стилі мен джазға деген махаббаты көрсете білген алматылық альбом. «Я люблю тебя», «Жизнь была бы сказкой», «Что-то подобное думают дети», «Потому что я тебя одну люблю» бұл шығармаларды тыңдап отырып, сол кездерге ойша саяхаттағандай боласыз. JCS тобы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсеткен. Бұл кездесу A1 жастар телеарнасының алғашқы музыкалық премиясы аясында болды, топты сол кезде Болат Акунов басқарды. Ол біздің және көршілес ресейлік телевидениеге көптеген дүниелер жасады. 2004 жылдың соңында JCS вокалистерінің бірі Данияр Мақашев қаза тапты, оның орындауы топтың өнеріне ерекше сүйкімділік берді. Бұл 90-жылдардың соңында Қазбек Спанов жинаған ұжымның ерекшелігі еді. Осы әндерді жазып алған Виктор Хоменковқа, Ермек Дияровқа, Абай Рахышевке, Валерий Насибуллинге қанша мәрте алғыс айтсақта аз.

Батыр — «Отан Ана» (2002)

 

«Арман» ойын сауық кешенінде таныстырылған альбомның тұсаукесері көрермен қауымның әлі де жүрегінде. Шүкенов өзінің 8 жаңа әнін оркестрмен тек жанды дауыста шырқаған болатын. A’Studio-дан кеткеннен соң әншіге Дин Махаматдинов түсірген клипте тыңдарманның есінен кетпейді.

Қуат Шілдебаев әншінің күйтабағымен жұмыс істеді. Ол кісі әртістке тақырып таңдауға, жеке релизінің концепциясын жасауға көмегін тигізген, әндер жазды. Бүгінгі белгілі композитор Ринат Гайсиннің шығармашылық өсуіне зор ықпалын тигізген. Олар бірге Батырханның джаз бен фанкке деген махаббаты, Шілдебаевтың академиялық бэкграундын және продюсер Гайсиннің талғампаздығын қосып сұлулықтың үлгісін көрсете білді. «Қайран көңіл-ай» әнінің сөзі, Қалдаяқов мирас етіп қалдырған классикалық ән «Бақыт құшағында», есте қалар «Гүл Алматы», және халық әні «Япырай», «Бал сезім» әндерін жаңалап, Батыр леп әкелген сияқты көрінеді.

Әнтабақтың алғашқы тиражы бірнеше рет басылып шықты, ал 2006 жылы ол жаңа дизайн және заманауи тректермен қайта шығарылды. Оның әр әні тыңдарманның жүрегінен орын тапты.

Urker — Made In Kazakhstan (2002)

 

2002 жыл отандық музыкалық альбомдарға бай болды. Қазақ рок-тобының сегіз жолды шығарылымы CD-ге шықты. Менің ойымша, ансамбльдің дискографиясындағы әндердің арасында бұл туынды рок пен драйвты сезуге болады. «Konyr» және «Tugan Elim» (Urker сол күндері латын әліпбиін қолданған) тректерінен бастап, лирикалық «Zhanym» әніне дейін концептуалды түрде естіледі.

Альбомның сыртында асықтар мен штрихкод бейнеленген. Күйтаспаға елімізге белгілі музыканттар Ғазиза Ғабдрахимова (қобыз), Асылбек Еңсепов (домбыра), Евгений Калистратов (бас-гитара), Сергей Литвинов (соқпалы аспаптар) қатысқан. Альбомды қазақстандық әртістерге жақсы таныс мәскеулік композитор әрі дыбыс режиссер Илья Хмыз жасаған.

Ulytau — Jumyr-Kylysh (2006)

Біздің музыканттар этно заманауи поп музыкадан оқ бойы озық тұр. Бұл релиз сол сөзіміздің дәлелі. Риддерден келген гитарист Максим Кичигин, Ержан Әлімбетов (домбыра) пен Аида Аюпова (скрипка) жетекшілік еткен ұжым еді. Моцарт пен Бахтың шығармаларын әнге қосу сол кезге таныс емес дүние болса да, бірақ Ulytau алғашқылардың бірі болды.

Классиканы шебер орындағанынан бөлек, альбом жайлы мәлімет бергіміз келіп тұр. Шетелде «Two Warriors» деген атпен шыққан альбом — екі батыр дегенді білдіреді. Ресейлік сыншы Сергей Соседов өзінің музыкадан алған әсерін «Әнтаспаны тыңдап отырып шабыттанасың. Музыканттар бастапқы музыкалық фактураға өте ұқыпты қараған, әрбір нотаны, әрбір фразаны, әрбір композиторлық штрихты тереңнен жеткізе білген. Техниканың жоғары деңгейін пайдалана білу, шығармашылықты креативті жеткізу өз ісін жетік меңгерендер ғана қолынан келеді» деген еді.

The Magic of Nomads — Bulbul Zaman (2008)

 

Бұл аспаптық әнтаспаны қазақ музыканттары Лондондағы Abbey Road студиясында жазды. Ол жерден әлемге әйгілі Beatles-тен бастап, көптеген әлемдік жұлдыздардың әнтаспалары шықты. Жобада қобызшы Ғазиза Ғабдрахимова JCS-пен жұмыс істеген басист Валерий Насибуллинді және клавиатурист Виктор Хоменковты бірігіп жұмыс жасаған.

Топты мультиинструменталист музыкант Жалғасбай Илес, домбырашы Құрманғазы Қалиев және мультиинструменталист Еділ Құсайынов толықтырып тұратын. Музыканттар шаңқобыз және сыбызғы сияқты көне мен жаңа аспаптарды қосып, музыка тілінде консенсус жасады. Күйтаспада 17 әннің жартысы заманауи композиторлардың туындысы болса, кейбірі халық арасында кең тараған әндер еді.

Galymzhan Moldanazar — «Кеш емес әлі» (2013)

 

Қызылорда облысының ауылынан шыққан 33-жастағы әртіст 10 жыл бұрын өнерге ерекше леп әкелген еді. Дебюттік жазбасы екі жылдан кейін пайда болды. Еліміздің сахна тарихында заманауи, өзекті және бірегей жаңалық еді. Әншінің мәтіндері жақсы синти-поп болып шықты. Молданазардың өлеңдері жастар арасында танымалдыққа тез ие болды.

Тәтті сөздер бояусыз,
Әрбір ісім орынсыз.
Өткен кеткен сұраусыз
Бірі де қалмас жауапсыз

Кеудем жылып әрең,
Қаным жүріп сәлден
Сезіндім тұла бойды

Жаным тәтті неткен,
Өмір ақпен көркем
Қара алдап сулайды.

Бұл өлең жолдары «Ақпен бірге» әнінен алынған. Әншінің «Қош бол» әнінен баяу ырғақты көңіл-күй сезіледі. Шығарылымның сегіз жолы, темпоритмдегі айырмашылықтары мен бағыттарына қарамастан, оқиға — әртістің өзін баяндап тұрғандай сезіледі. Бір кездері үлкен сахнаны бағындыруға келген ауыл баласынын тарихы көрсетіліп тұрғандай. Молданазар мұның бәрін стилистикалық, музыкалық, вокалдық, лирикалық жағынан ғана емес, әндерінен тұтас бір концепция жасай алды.

Масло черного тмина — Kensshi (2019)

Оқырмандар арасында Скриптониттің «Праздник на улице 36» әні емес, неге «Kensshi» деп ойлап отырған боларсыз. Себебі, біріншісі музыкалық концепция жағынан терең. The Limba, Darkhan Juzz, M’Dee, Dequine және ZOLOTO арасынан неге МЧТ таңдалды деген сұрақ сізде де бар шығар. Аталған барлық өнер иелерінің де мақтауға лайық релиздері бар. Соңғы үздік альбомды таңдауда осы себептен біраз қиналдым.

МЧТ— жаңа әртістердің арасында үйреншікті поп емес, трип-хопты таратып жүрген жалғыз әртіст. Оны қазақстандық «Трики» деп атаудың керегі жоқ дер едім. Себебі ол әнінің мағынасын тыңдарманға дәл жеткізіп жүр.

Барлық осы үрмелі секциялар және жалғыз джаз трубасы Армстронга-Фитцджеральдың «Summertime» шығармасы, «Дос-Мукасан» тобының «Sagyndym Seni» (1971) классикасынан алынған үлгілер, ұлттық аспаптар және Хичкокуға сілтемелер («SAJH») секілді көрінеді. Өзге әртістер өзіне де, тыңдарманына да қоймайтын сұрақтар бар. Мысалы, әнде «Бұл жерде кімді шексіз сүюге болады»? деп өзіне сұрақ қояды.

Айсұлтан Сеитовтың МЧТ-ға түсірген клипінің арқасында, көрермен қауым әншіге ерекше ықылас танытқан. Күйтабақ даналыққа негізделгесін, музыканың әні мен сөзі жеткілікті деңгейде бағаланбай қалған секілді. Қаралым саны миллионға жетпесе де, YouTube желісінде әншінің өнерін қолдағандарда көп болып шықты.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты