«Шоу-бизнесті өзгерту емес, өз жолымызды салу»: QOZZY ALPHA тобының мақсатын айтты

4 минуты Ардақ Құлтай
«Шоу-бизнесті өзгерту емес, өз жолымызды салу»: QOZZY ALPHA тобының мақсатын айтты

Сахнаға шығарда арнайы ритуалы бар, фонограммадан түбегейлі бас тартқан, музыканы бизнес көзі емес, ішкі жан айқайының формасы деп білетін жас талант — Тлеужан Уали. ALPHA тобының әншісі QOZZY бұл сұхбатында өзінің кәсіби жолы, шабыт берген тұлғалар және Қазақстандық шоу-бизнеске қандай өзгерістер қажет екенін шынайы әрі батыл түрде айтты.


— Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

Есімім — Тлеужан Уали. Аягөз қаласының маңындағы Таскескен ауылында дүниеге келдім. Бір жасымда отбасымызбен Алматыға көшіп келдік. Бала күнімде өте белсенді болдым, тіпті гипербелсенді десем де болады. Өзіме деген сенімім өте жоғары болатын.

Басқа балалардан ерекше ештеңем жоқ еді, тек өз-өзіме сенім жағынан ерекшеленетінмін. Бала кезімде өзімнің кім болатынымды нақты білмедім. Музыкант боламын, сахнаға шығамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Мен үшін жалғыз жол — жетістікке жету болатын.

Менде арнайы мақсат немесе бағыт болған жоқ. Қай салада жүрсем де, бастысы — жетістікке жету деген сенім болды.

— Арманыңыз қандай еді? Өнерге қалай келдіңіз? Әу бастан ән айтып, сахнада өнер көрсетіп жүрдіңіз бе? Музыкамен нақты қашан айналыса бастадыңыз?

Жоқ. Бұл салаға келуім кейінірек болды. 15 жасымда. Сол кезде мен басқа адамдардың музыкасын тыңдап, сол үшін ақша төлейтінімді түсіндім. Сол сәтте ой келді: «Неге мен де өзім музыка жазып, басқаларға тыңдатпасқа? Ең болмағанда өзім жазсам, ақша төлемеймін ғой». Сол ой маған шабыт берді. «Өзім де осы іспен табыс таба аламын» деген сенім туды. Мектептің 10-сыныбында оқып жүргенде бұл жолды нақты таңдадым.

Кейін мектептен шығып кеттім. Бұл шешім үлкен тәуекел болды. Әр ай сайын жеке-жеке қиын сәттер болды, үлкен тәуекелдерге баруға тура келді. Бірақ сол тәуекелдердің арқасында бүгінгідей деңгейге жеттік.

— Консерваторияға немесе университетке түсу туралы ой бар ма?

Қазіргі таңда кәсіби музыкалық білімім жоқ, оны мойындаймын. Бірақ шетелдегі университеттерге, әсіресе бизнес саласына қатысты оқу орындарын қарап жүрмін.

— «Музыка» деген сөзді бір сөйлеммен сипаттасаңыз?

Музыка — көзге көрінбейтін, бірақ өзіңді және ішкі дүниеңді өзгелерге жеткізудің формасы.

— Болашақта жеке әнші немесе рэп орындаушы болу сияқты амбицияңыз бар ма?

Иә, жеке орындаушы болу — табиғи процесс. Қазірден бастап өзімнің жеке әндерімді жазып жүрмін. Бұл — өзіндік бренд қалыптастыру және жеке тұлға ретінде өзіңді көрсету. Жеке шығармашылығым арқылы өзімді ашқым келеді. Алғашқы жеке әнімді де шығардым.

— Қазақстанда фонограмма жайлы көп айтылады. Бұл туралы пікіріңіз қандай?

Әркім қалай ойласа, солай орындай берсін. Бірақ мен үшін сахнадағы басты нәрсе — көрерменге энергияны жеткізу. Ал фонограмма арқылы оны толық сезіндіре алмайсың. Сондықтан ешқашан фонограммамен айтқан емеспін.

— Яғни топ ешқашан фонограммамен айтпай ма?

Иә. Тек кейде тележобаларда техникалық қажеттіліктерге байланысты фонограмма болуы мүмкін. Бірақ жеке концерттерде біз тек тірі дауыспен орындаймыз. Кейде телевизиялық жобаларда таңдау бізге берілмейді.

Тілеужан Уәли. ALPHA. Музыка. Альфа. қазақша ән

— Қазақстан шоу-бизнесіне қандай өзгеріс әкелгіңіз келеді?

Шынымды айтсам, бүкіл шоу-бизнесті өзгерткім келмейді. Ондай амбициямыз жоқ. Біз тек өз жолымызбен жүріп, сапалы жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ уақыт өте келе еліміздің музыка саласына өз ізімізді қалдырамыз деп сенемін. Мүмкін, бізге қарап жаңа буын шабыт алатын шығар. Егер жолымыз болып жатса — тек алға!

— Қандай әншілер немесе топтар сізге шабыт береді — шетелдік болсын, отандық болсын?

Шетелдік әртістерден ең бірінші шабыт берген — XXXTENTACION. Жас кезімде, шығармашылық жолымды енді бастағанда, ол маған үлкен мотивация болды. Сондай-ақ Mötley Crüe тобының фильмі қатты әсер етті. Майкл Джексон да — аңыз адам. Оның жолы маған көп нәрсені көрсетті.
Элвис Преслидің өмірі мен фильмі де ерекше әсер қалдырды. Жыл сайын екі рет қайталап қарап тұрамын.

— Көптеген әншілер мен спортшылардың сахнаға шығар алдында өзіндік «талисманы», дәстүрі болады. Сізде ондай бар ма?

Иә, бар. Жеке талисманым бар, оны ешкім білмейді. Ол — сахнаға шығар алдында киімімнің ішінен тағып шығатын зат. Ешқашан көрсеткен емеспін. Сондай-ақ, топтың өз ішінде де дәстүрлеріміз бар. Сахнаға шығар алдында бір-бірімізге қарап, энергиямызды сезінуге тырысамыз.

Тағы бір қызық — бізде сахнаға шығар алдында ұстайтын «түйрегішіміз» бар. Ол бізге күш пен сенімділік береді.

Тілеужан Уәли. ALPHA. Музыка. Альфа. қазақша ән

— Түйрегіш? Яғни, сахнаға шығарда энергияны тұрақтандыру үшін қолданасыздар ғой?

Дәл солай. Бұл бізге ішкі сенімділік береді.

— Сахнамен байланыс — ерекше нәрсе ғой. Энергетика қалай жүреді?

Бұл жерде бәрі шынайы болуы керек. Артық ойсыз, тек сол сәтте болу керек. Сонда ғана шын байланыс, шынайы химия пайда болады. Сол кезде ғана өзіңнің бар екеніңді, көрерменнің бар екенін, арадағы байланысты шын сезінесің.

— Көпшілік танымал ер адамдар өздерінің жеке өмірі, қарым-қатынасы жайлы ашылып айтпай жатады. Бұл туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?

Егер өмірімде сондай адам болса, мен оны жасырмай айтамын. Бірақ, негізі, көпшілік неге айтпай жатады? Себебі сен қасыңдағы адамға толық сенімді болу керексің. Ол үшін уақыт қажет. Сол сенім қалыптаспайынша, ашылып айту қиын. Бірақ бізде ондай «жасырын саясат» жоқ. Егер шын сүйген адам болса, мен міндетті түрде бөлісемін.

— Әңгімеңізге алғыс!

Оқи отырыңыз: Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Статьи STEPPE

«Әйел — адам. Тек қоғам ұмытып кетті»: Дина Төлепбергеннің трансформациясы

«Әйел — адам. Тек қоғам ұмытып кетті»: Дина Төлепбергеннің трансформациясы

Дина Төлепберген — «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қоғамның ең өзекті және ауыр тақырыптарын көтеріп, халыққа танылған...

9 минут
9 минут
ALPHA әншісі i: «Құлазып жүргенімде бір ән құтқарды»

ALPHA әншісі i: «Құлазып жүргенімде бір ән құтқарды»

ALPHA тобының әншісі Ақжол Серікжанұлы — i Қазақстанға 10 жасында көшіп келген. Өнер жолына кездейсоқ келіп, бүгінде жас...

3 минуты
3 минуты
«Бокстан — музыкаға»: A.boo — Абулхайыр Мадеш ALPHA тобына қалай келді?

«Бокстан — музыкаға»: A.boo — Абулхайыр Мадеш ALPHA тобына қалай келді?

Бүгін біз ALPHA тобының әншісі Абулхайыр Мадешпен (A.boo) сұхбаттасамыз. Ол сахнаға қалай келді? Бокс пен ән арасындағы таңдау...

3 минуты
3 минуты
Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты

Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты

Бүкіл әлемнің назары биыл 13-24 мамырда өтетін 78-ші Канн кинофестиваліне ауғанымен, осы аптада Миланда шығармашылық...

7 минут
7 минут