Мінсіз «дәстүрлі» отбасынан тұрмыстық зорлық-зомбылықты жариялауға дейін: қазақстандық кинода отбасылық құндылықтарға деген көзқарас қалай өзгерді?

4 минуты Сабина Жандильдина
Мінсіз «дәстүрлі» отбасынан тұрмыстық зорлық-зомбылықты жариялауға дейін: қазақстандық кинода отбасылық құндылықтарға деген көзқарас қалай өзгерді?

Әр елдің кинематографиясында ұсынылған фильмдер уақытына қарай қоғамдағы халықтың көңіл-күйі мен мәдени ерекшеліктерін сипаттаған. Ең маңызды өзгерістердің бірі – экрандағы отбасының көрінісі. Жаңа шолуда біз әр онжылдықта қазақстандық кинематографияда отбасылардың ең айтулы құндылықтарға деген көзқарасы қалай өзгергенін айтып береміз.


Кеңес дәуірі (1936-1985)

Дәл осы заманда қазақстандық фильмдер ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында елеулі үрдіске ие болды. Кеңес дәуіріндегі картиналарда отбасы мықты мемлекеттің метафорасы ретінде көрсетілген. Сюжет желісі бойынша сол кездің басты қаһарманы – әр түрлі мәселелермен күресетін және отбасын құруға ұмтылатын белсенді жас жігіт.

Мәселен, «Тақиялы періште» (1968) фильмінің бас кейіпкері – Тайлақ есімді география пәнінің мұғалімі. Ол ақкөңіл, бірақ жалғыз басты ер азамат. Тайлақтың анасы оның жалғыздығына төзгісі келмей, оған үнемі қалыңдық іздейді. Сюжет желісі бойынша Тайлақ, Айша есімді қызға ғашық болады, бірақ анасы ұлының таңдауын құптамайды. Бұл кедергілерге қарамастан, бас кейіпкер анасының рұқсатын алып, ақыр аяғында сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды.

Мәселен «Тақиялы періште» туындысында көрсетілгендей, кеңес дәуіріндегі фильмдерде ана мен әженің бейнесі отбасы мүшелерінің басын біріктіретін сыйлы тұлғалар болып есептелген. Картинада бас кейіпкердің анасының әйгілі образы әлі күнге дейін отандық кинода маңызды орын алады. Сондай-ақ, дәл осы кейіпкерге туындыда үлкен хрон бөлінген. Халықтың ұлттық санасын бейнелейтін көптеген фильмдерде  көбінесе толық емес отбасылар көрсетілген. Фильмдегі кейіпкерлердің ата-анасының болмауы сол кездегі адамдардың бостандығының көрсеткіші болды. Соның бірі «Балалық шаққа саяхат» (1968) фильміндегі бас кейіпкер Бектас. Оның анасы жоқ, ал әкесі басқа әйелге үйленіп, өз отбасын тастап кеткен.

Соңғы кездегі туындыларда әйелдер негізінен әлсіз және қорғансыз көрсетілген. Бұл дәуірдің маңызды ерекшелігі – қазақстанық фильмдердің көпшілігінде отбасы жалпы қоғамдағы тұрақтылықтың көрсеткіші деген ой тудырады.  

Қайта құру кезеңі (1985-1991)

Қайта құру жылдары жаңа идеялар мен бейнелер әкелді. Осы кезеңде кинода көрсетілген құндылықтар жүйесі айтарлықтай өзгерді. Қайта құру дәуірінде пайда болған кейіпкер кеңестік үгіт-насихат кезеңіндегі күшті және сенімді жас жігіттен ерекшеленді. Ол рефлексивті конформист пен бүлікші болып өзгерді. Енді фильмдердің сюжеттері моральдық тұрғыдан болуы міндетті болмады.

Осы кезеңде кеңестік дәуірдегі бұқаралық сананы қалыптастырған идеялардың ұрып-соғуын алғаш рет көрсеткен режиссерлардың қазақстандық жаңа толқыны пайда болды. Мәселен, Рашид Нұғманов, Абай Қарпықов, Серік Апрымов және тағы басқалары киноға көптен күткен өзгеріс рухын әкеле алды.

Қайта құру кезеңіндегі фильмдерде отбасы бейнесі болған жоқ және ол 90-жылдардың басында әрең қалыптаса бастады. Мысалы кейіпкер «Көгершіннің қоңырауы» (1994)  фильміндегідей босану кезінде қайтыс болады немесе «Стрейнджер» (1993)  картинасындағыдай басты кейіпкер өлтіріледі. Сәйкесінше, анасы мен әкесі бар толыққанды отбасында тұратын бақытты балалар жоқ. Осы арқылы режиссерлар сол кездегі қоғамның болашағы мен тұрақтылығын сезінбеу туралы өз ұстанымдарын көрсеткісі келді.

Режиссер Рашид Нұғмановтың  «Ине» (1988) фильмі және режиссер Серік Апрымовтың «Соңғы аялдама» (1989) картиналары айқын мысал болып табылады, онда қазақстандық қоғамның жай-күйіне қатаң диагноз қойылған.

Сонымен, «Соңғы аялдама» фильмінің басты кейіпкері Ерден әскерде қызмет еткеннен кейін туған ауылына келіп, өскен ортасының түзу жолдан тайып, барлық жастардың маскүнемдікке салынып кеткенін көреді. Адамдарды ұзақ уақыт бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бұрынғыдай қызықтырмайтын болды. Немқұрайлы ұрпаққа қарау оған төзгісіз болғандықтан ол кетуге шешім қабылдайды.

Тәуелсіздік жылдары (1991-2023)

1991 жылдан бастап Қазақстандағы ұлттық киноның дамуы байқалады. Соның арқасында фильмдерде отбасылардың жаңа бейнелері пайда бастады. Үлкен экрандарға батыл, тәуелсіз әрі кеңестік емес шындықты көрсетуге қабілетті жастар келді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қайғылы тағдырдың кесірінен толық емес болып қалған отбасылардың өмірі белсенді көрсетілген. Мәселен, «Ақсуат» (1997) қазақстандық  фильмінде жаңа туған нәресте мен оның анасының бастан кешкен хикаясы баяндалады. Әкесі ұзақ уақытқа жұмыс істеуге кетіп, жанұясын ағасына қалдырған. Сонымен қатар, қазақстандық кино тәуелсіздік алған кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелерді қозғай бастады. 1998 жылдан бастап фильмдерге ана бейнесі Отанның символы ретінде берілген. Жай ғана жас әйел емес, «Заманай» (1998) картинасындағыдай ана-әже образында көрсетілген.

Сол кезеңде, отбасылық құндылықтармен достықты дәріптейтін көңіл-күйді көтеретін комедиялар сұранысқа ие бола бастады. Мысалы, «Менің үлкен отбасым» (2021), «Қазақша Бизнес» (2016), «Сабина келін» (2014) және т.б. Әдетте мұндай фильмдерде қазақ отбасылары туралы стереотиптерді әзілмен астарлап жеткізетін сахналар көбірек кездеседі.

Соңғы жылдары қазақстандық кинода отбасындағы зорлық-зомбылық, өзара түсініспеушілік және басқа да көптеген маңызы бар әлеуметтік мәселерді көтере бастады. Сондағы мақсат заманауи қазақ отбасыларындағы болып жатқан жағдайлардың шынайы көрсетілуі. Жақында үлкен экрандарға жол тартқан қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаев пен Баян Мақсатқызының «Бақыт» картинасы  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың актуалды проблема екендігіне дәлел болды. Авторлық жобада тіпті  берекелі отбасыларда да  осындай мәселелер кездесетінін айқын көрсеткен.

Сонымен, кинематографияда қазақ отбасыларының бейнесінің жаңа қырын елей отырып, елдегі тарихи ерекшеліктермен қоғамдық құндылықтардың өзгеруін байқауға болады. Қазіргі таңда Қазақстан халықты толғандыратын өткір мәселелерді толығымен ашық талқылауға әзір.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты