Конничива: неліктен аниме қарқынды дамып келе жатыр?

6 минут Медина Рахмедулла
Конничива: неліктен аниме қарқынды дамып келе жатыр?

Аниме — бұл Жапонияда пайда болған жеке анимациялық стиль. Жапондық «аниме» сөзі «анимация» деген мағынаны білдіреді. Анименің батыстық анимациядан басты айырмашылығы балаларға арналған сюжетпен шектеліп қоймауында. Керсінше басым бөлігі жасөспірімдер мен ересектерге арналады. Кез-келген жастағы аудиторияға түрлі қызықты оқиғаларды көрсету арқылы танымалдығы артты. 

Аниме тарихы

1917 жылы Жапонияда ұзақтығы бір минуттан бес минутқа дейінгі шағын жапондық анимациялық фильмдер пайда болды. Американдық және еуропалық аниматорлардың алғашқы тәжірибелерін көрсетуге тырысты. Жапондық алғашқы анимациялық фильм Декотен Шимокаваның «Жаңа эскиздік альбом» болып саналады. Ол анимация қара тақтаға бормен сурет салып, суреттерін түсіру арқылы жарық көрді.

1920 жылдары Жапонияда анимациялық фильмнің ұзақтығы 15 минуттан аспады. Сол кезде аз уақыт ішінде жасалынған анимацияның барлығы дерлік жеке суретшілердің кішкентай студиясында жасалып, прокатқа құқық алу үшін кинематография мен кинопрокат компаниялар арқылы қаржыландырып отырды. Әдетте, аниматорлар батыстың әңгімелерін, мысалы, әйгілі американдық комикс пен көбінесе классикалық қытай және жапон ертегілерін дәстүрлі жапон графикасы стилінде де, еуропалық стилінде де қолданды. 

1945 жылы капитуляциядан кейін Жапонияда оккупация кезеңі басталды. Дәл осы қиын кезеңде халық кинотеатрда көңілдерін көтерді, себебі басқа ойын-сауық түрі болмады. Жапондық аниматорлар да фильмдердің техникалық артықшылығына таң қалып, олар үшін коммерциялық анимацияның болашағы бұрынғыдай суретшілердің жеке жұмыстарында емес, үлкен анимациялық студияларда екендігі айқын болды.

1946 жылы Кэндзо Масаока мен Санаэ Ямамото «Ниппон Дога» деп аталатын үлкен студияны құрғандардың алғашқысы болады. 1947 жылы Масаокидің алғашқы түсірген мультфильмі «Тора-тян мысығы» жарық болды. Осы тұста аниме аудиториясы өзгерді, егер бұрын 10-12 жастағы кішкентай балалар мен жасөспірімдерге негізделген болса, қазір алғашқы аниме көрушілерінің буыны өсіп үлгерді. 

1970-ші жылдағы аниме техникалық-эстетикалық тұрғыдан 1960-шы жылдардағы анимеден жоғары болды. Себебі, аниматорлар кескіндерді салуды қолға алса, ал продюсерлер пайдалы салаға көбірек ақша бөлді. 

1990 жылдың басы аниме стилистикалық қайта құру уақыты болды. Ол күн санап қымбаттап, сонымен бірге аудиторияның социологиялық құрамында да өзгерістер болды. Анимедегі «үлкен көздер» — бұл стиль әдетте анименің ажырамас атрибуты деп саналғанымен, тек сол кезеңде ғана сәнге айналды. «Каваи» (сұлулық) стилі айтарлықтай танымал болып, кейіпкердің «үлкен көздері» оның элементі болып табылды. Нәтижесінде аниме кейіпкерлерінің сүйкімділігі мен сексуалдылығы күрт артты. Бұл дегеніміз бір немесе басқа кейіпкерге деген сүйіспеншілік жанкүйерлер әлемінде қалыпты жағдай.

2005 жылдың қыркүйегінде Синдзо Абэ поп-мәдениет Жапонияның сыртқы саяси ықпалының негізгі күштерінің бірі екенін жариялады. Отаку деп аталатын манга мен аниме мәдени дипломатияның жаңа тұжырымдамасынан туындайтын басқа елдердегі жапон мәдениетінің дирижерлеріне айналады: шығармашылық тұлғаларға, әсіресе жастарға, Жапонияға оның мәдениетімен танысу үшін келуге мүмкіндік беру оның әсерін адептер отандарына беру перспективасы.

Жапонияның бренд күші поп-мәдениеттің арқасында өсуде. Аниме мен манга Жапонияның жас буынына әсер етіп қана қоймай, бүкіл әлемдегі жастарға бағытталған. 2010 жылы өткізілген Animania фестивалі кезінде жапон анимациясына деген қызығушылық біздің елде де байқалды. 

Аниме ерекшіліктері 

Аниме ерекшеліктеріне — негізгі сюжеттік желіден басқа, ерекше стиль қалыптастыратын эстетикалық көрініс пен әртүрлі идеялар мен кеңестерді қамтитын жан-жақтылық. Анимеге әрбір қызығушылық танытқан адам ойды, идеяны сіңіруге тырысады, көргеннен кейін алған әсерін талдайды, осылайша аниме дүниетанымға да әсер ете бастайды.

Сонымен қоса, жас пен жынысқа байланысты кіші жанрларға кодомо, сёнэн, сёдзё, сэйнэн, дзёсёй аниме болып бөлінеді. Әрі мынандай түрлері де бар: телехикаялық, телевизиялық , толық метражды, қысқа метражды фильм. Толық метражды 50 минуттан аз, әдеттегі ұзындығы 60-тан 90 минутқа дейінгі фильм болса, қысқа метражды фильм 30 минуттан қысқа, сондықтан ол әрдайым басқа ұқсас фильмдермен бірге көрсетіледі. 

Толық метражды топ 5 аниме

Елес ерткен («Sen to Chihiro no Kamikakushi»), 2001

«Елес ерткен» — бұл Хаяо Миядзакидің шығармашылығын еске түсіретін алғашқы таспалардың бірі. Елес ерткен — ата-анасымен бірге жұмбақ қалашыққа түскен Тихиро есімді қыздың қателіктері туралы баяндайтын әдемі ертегі. Сиқырдың әсерінен ата-анасы шошқаға айналса, ал қыз өзі ата-анасын зұлым сиқыршы сиқырынан құтқару үшін жергілікті моншаға жұмысқа тұруы керек болады. Мақсатына жету жолында кейіпкер достықтың, өзара көмек пен сүйіспеншіліктің күшін үйренуі керек. 

Сонымен қатар, фильмнің басында Тихироны қыңыр мінезді, өзіне сенімсіз кейіпкер ретінде көрсек, соңына қарай батыл, ештеңе қараматсан қиындыққа төтеп беретін бойжеткеннің бейнесі анық көрінеді. 

Сенің есімің («Kimi no Na wa»), 2016

«Сенің есімің» — Макото Синкайдің толықметражды аниме-фильмі. Токио қаласындағы жігіт Таки мен Мицуха провинциясынан келген қыздың арасында таңқаларлық байланыс бар болып шығады. Түсінде олардың жандары ауысып, бір-бірінің денелерінде өмір сүреді. Бірақ бір күні бұл қабілет қалай пайда болса, дәл солай кенеттен жоғалып кетеді. Таки барлық жолдармен Мицуханы табуға шешім қабылдады. Бірақ, оның қаласының атын, орналасқан жерін де білмейді, тек бұрынғы салған эскиздерге сүйене отырып достарымен бірге Жапонияны аралап қызды табуға тырысады. Тек оның естеліктерінен таудағы жерасты ғибадатханасы Такидің соңғы үміті болып қалады. Әрең дегенде бір-бірін сол жерде кездестіріп, ұмытпау үшін қолдарына есімдерін жазбақшы болғанда күн батып, кездесу аяқталып, әркім өз уақытына оралады.

Біраз жылдар өткенен кейін Токиода қаласында Мицуханы баспалдақтан өтіп бара жатқан кезде Такимен кездейсоқ кездесіп, болған барлық оқиғалар есіне түседі. Ал кейіпкерлер бір-біріне «Сіздің атыңыз кім?», — деген жалғыз сұрағын қойып үлгереді.

Болашақтан келген Мирай («Mirai no Mirai»), 2018

Төрт жасар Кун кішкентай әпкесі Мирай туылғанға дейін алаңсыз балалық шағынан рахат алады. Нәресте анасы мен әкесінің барлық назарын аударатын болғандықтан, бала ата-анасын кішкентай сіңлісіне қатты қызғанады және көбінесе сиқырлы отбасылық ағаш өсетін артқы аулада жасырынады. Кенеттен Кун қазіргі, өткен мен болашақ бір-бірімен байланысты қиял әлеміне түседі. Ол бірінен соң бірі әр уақыттағы туыстарымен кездеседі: анасын кішкентай қыз, үлкен атасын мықты бала, ал сіңілісін жасөспірім шағында көреді. Осы керемет шытырман оқиғалар арқылы Кун өзіне жаңа әлемді ашады.

Уақытты жаулаған қыз («Toki wo Kakeru Shoujo»), 2006

Он жеті жастағы Макото Конно мектепке үнемі кешігіп келеді, күнделікті сабағын жақсы оқымайды және мектеп бітіргеннен кейін кім болғысы келетінін де білмейді. Ол кешке достарымен бейсбол ойнап, күн сайын таңертең велосипедпен мектепке асығады. Бірақ кенеттен оның әдеттегі өлшенген өмірінде таңқаларлық оқиға орын алып, Макото уақытында саяхаттау мүмкіндігіне ие болады.

Керсінше Патэма («Sakasama no Patema»), 2013

Бұрын болған апаттың салдарынан халық екіге бөлінді. Бірінші адамдар үшін гравитация керісінше жұмыс істейді. Олар тек жер астында тұрады, сондықтан бұл ерекшелік оларға үлкен қауіп төндірмейді. Екінші адамдардар жер бетінде өмір сүреді. Бұл екі халықтың өмірі іс жүзінде қиылыспайды және олардың көпшілігі бір-бірінің тіршілігі туралы білмейді. Бұрын күнәхарлардың қалай аспанға ұшқандығы жайлы оқиғадан кейін жер бетіндегі адамдардың аспанға қарауға батылы бармайтын. Себебі, қоғамда көзқарастарын тек жерге бағыттап ұстау қалыптасқан.

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты