2020 жылы Қытайдың Ухань қаласында басталған коронавирус аз уақытта бүкіл әлемді жалмап кетті. Көп елдерде шұғыл өзгерістер енгізіліп, карантин шаралары қатаңдады. Бірақ, алпауыт кейбір елдерде карантин мүлдем сақталмады. COVID-19-ға қарсы шара қолданбаған елдерге шолу жасадық. 


Швеция 

Елдердің көшін Швеция бастап тұр. Коронавирустың бірінші және екінші толқынында да локдаун қойылмады. 2020 жылы Швецияның королі Карл XVI Густав өз хабарламасында «Менің ойымша, біз пандемиямен күресуде сәтсіздікке тап болдық. Елімізде сұмдық кеселден өлген адамдар көп, және бұл өте қорқынышты. Енді тек іштей азап шегуге тура келеді», — деп теледидардан үндеді. Ақпарат көздеріне сенсек, Швецияда вирустың өршуі көрші Данияға қарағанда 100 мың адамға шаққанда төрт есе, Финляндия мен Норвегиямен салыстырғанда 8-10 есе көп.

Бұл жаңалық шыққаннан кейін, 2020 жылы 18 желтоқсанында Швецияның премьер-министрі социал-демократ Стефан Левен эпидемия басталғаннан бергі ең қатаң шектеулерді жариялады. Орта мектептердегі жоғары сыныптар бір айға карантинге жіберілді, сауда орталықтары мен спортзалдарға кіру шектелді, мейрамханалар мен барларда үстел үстіндегі адам саны төрттен аспауы керек, ал алкоголь өнімдерін сату кешкі 8-ден кейін тоқтаған. Заң бұзушылық мекеменің жабылуына қауіп төндірді. 

Швецияда коронавирусқа қарсы вакцинация 2020 жылдың 27 желтоқсанда басталған. 2022 жылдың қаңтар айындағы статистикаға сүйенсек, вакцина хаттамасында белгіленген барлық дозаларды алған адамдардың жалпы саны 7 млн 500 мыңнан асты. Халық Moderna, Oxford, Pfizer вакциналарын алды.

Швеция 2022 жылдың 26 қаңтарынан бастап, пандемиямен күресудің қатаң шараларын жүргізуді тағы екі аптаға ұзартты. Мейрамханалар мен барлар 23:00 де жабылады. Үлкен жабық залдарда адам саны 500-ден аспауы керек

Бразилия 

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін вирустың салдарынан елде тоғыз жасқа дейінгі 852 бала қайтыс болған. Бір жасқа дейінгі 518 бала өмірден озған. Бірақ, доктор Мариньоның айтуынша, іс жүзінде екі еседен астам бала қайтыс болды. Сонымен бірге, ультра консервативті президент Жаир Болсонару вирустың қауіптілігін ескермеген. Денсаулық сақтау министрлері мемлекет басшысымен келіспегендіктен, жұмыстан шығып кеткен. 

Бір ерекшелігі, Бразилияда қала губернаторлары мен мэрлері өз аудандарында немесе қалаларында карантиндік шаралар туралы шешім қабылдайды. Сондықтан шектеулер әр түрлі болған. Мысалы, елдің солтүстігіндегі Сан-Луис қаласында қатаң карантин енгізілді, онда тұрғындарға үйден шығуға тек азық-түлік, дәрі-дәрмек және қажетті заттар алғанда рұқсат етілді. 

2022 жылдың 26 қаңтар айында статистикаға сүйенсек, вакцина хаттамасында белгіленген барлық дозаларды алған Бразилия тұрғындарының жалпы саны 149 млн асты асады. Халықтың көбі Johnson, Oxford, Pfizer, Sinovac вакциналарын алған.

Рио-де-Жанейро мэрі Эдуардо Паес «Барларға, мейрамханаларда, қонақ үйлерде міндетті түрде вакцинация төлқұжаттарын көрсету керек», —деп еске салды.

Беларусь 

2020 жылы маусым айында Беларусь елінің президенті Лукашенко ресми карантин енгізуден бас тартты. Вирус ушығып жатқанда, ешқандай шектеу шаралары болмаған. Шекараны жаппады және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпады, елде мейрамханалар, мұражайлар мен кинотеатрлар жұмыс істеген. Мектептер мен университеттер оффлайн режимде жұмыс жасаған.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың төмен пайызына қарамастан, Беларусь мемлекетінде жаңа штамм омикронның күрт өршуі болмаған. Себебі, пандемия кезінде ел халқының 50%-да табиғи иммунитет қалыптасқан

Пандемия басталғаннан бері елде 732 104 инфекция және коронавируске байланысты 5 976 өлім тіркелді. Бүгінгі таңда бұл мемлекетте 3 млн 900 мың адам толық вакцина алған. Елдің басым бөлігі Sinopharm және Sputnik V вакцинасын алды.

Түрікменстан

Түрікменстанда ешқандай карантин шаралары енгізілмеді. ДДҰ делегациясы Түрікменстанға 2020 жылдың шілдесінде 10 күндік сапармен барған. Алайда, делегация түрікмен халқының COVID-19 жұқтырғаны жайлы ақпаратты растамады, бірақ жедел респираторлық инфекциялар мен пневмонияның өсуіне алаңдаушылық білдірді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен тәуелсіз ақпарат көздері Түрікменстанда нақты статистиканы жасырады деп белсенді түрде мәлімдейді. DW баспасына түрікмен қоғам қайраткері Фарид Тухбатуллин «Қазір барлық қайтыс болғандардың денелері туыстарына жабық пластик пакеттерде беріліп, ашылмауын ескерткен» — деп ақпарат берген

2021 жылдың 7 шілдесінен бастап, 18 жастан асқан адамдар үшін Түрікменстанда міндетті коронавирустық вакцинация енгізілген. Елде бүгінгі таңда 3,21 млн адам EpiVacCorona, Oxford, Sinopharm, Sputnik V вакциналарын алды.

2022 жылдың 15 қаңтардан бастап, Түрікменстанның астанасы Ашхабадта киім-кешек базарлары, сауда орталықтары, театрлар, концерт залдары, мейрамханалар, шаштараздар және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындары жабылды. Тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді.

Мексика

Мексикада бүгінге дейін 304 мың астам адам қайтыс болды. Бірақ, қатаң талаптар мүлдем қолданбаған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадорға коронавирус туралы сұрақтар қойылған кезде тек Құдайға үміт артуға кеңес берген

129 млн халқы бар Мексиканың ел басшысы экономикалық белсенділікті сақтауды көздеген. Соның дәлелі, «Егер сізде экономикалық мүмкіндік болса, отбасыларыңызды мейрамханаларға апаруды жалғастырыңыз, өйткені осылайша сіз отбасыңыз бен экономикаңызды нығайта түсесіз» — деп жолдаған. Ел астанасы Мехико қаласында қалалық билік 2020 жылы 23 наурыздан 19 сәуірге дейін шектеулі жұмыс режиміне көшті. Пандемия Мексика экономикасының 8%-ын құрайтын туристік секторға қатты әсер еткен. 2020 жылы сәуірде Герреро штатының губернаторы Эктор Астудилло туристер арасында танымал Акапулько жағажайлары төтенше жағдай аяқталғанға дейін жабылатынын айтқан.

Мексикада COVID-19 вакцинациясы науқаны 2020 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Бүгін халықтың 76 млн-ы толық CanSino, Johnson, Moderna, Oxford, Pfizer, Sinovac, Sputnik V вакциналарын алды. Бүкіл халыққа жетуі үшін, 250 миллионнан астам доза қажет болады деп есептелініп отыр.

2022 жылы Мексикаға халықаралық сапарлар рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта туристтерге карантин немесе денсаулықты тексеру сияқты талаптар қоймайды

Танзания

Африканың шығыс бөлігінде орналасқан Танзанияда локдаун болмаған. Елдің президенті вакцинацияны мазақ етіп, бетперде кимеген тұрғындарды мақтаған. Үкімет билігі коронавируспен ауыратындардың саны туралы статистика жарияламады. Танзанияның басшысы өзінің ұстанымын «Батыс ғылымына» сенбейтіндігімен байланыстырған

Танзания мемлекетінің бесінші президенті Джон Магуфули халқына коронавирусті емдеудің жалғыз жолы дұға тілеу десе, кеңестеріне үй жағдайында дайындалатын шөп ингаляциясында қосқан. COVID-19 өршіп тұрғанда Джон Магуфули көпшілік алдына көрінуді тоқтатқаннан кейін,Танзания оппозициясының жетекшілері Джон Магуфулиді Кенияда COVID-19-мен ауруханаға түсті деп мәлімдеген. COVID-19 болуын жоққа шығарған президент Джон Магуфули 2021 жылы наурызда қайтыс болды

2021 жылдың шілдесінде Танзанияда COVID-19 дың 32 393 жағдайы тіркелгені туралы хабарлады. 2021 жылдың бірінші қарашасында 250 мың адамды толық вакцинациялау үшін 500 000 доза пайдаланған. 2022 жылдың 27 қаңтарында Танзания үкіметі Қытайдан 800 мың дозада Sinopharm COVID-19 вакциналарының екінші партиясын алған. Танзанияда осы күні бір млн 300 мыңнан астам адам толық Johnson, Pfizer, Sinopharm вакциналарын алды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап, Ресейден Танзаниядағы Занзибар аралына халықаралық рейстер қайта басталды. Бүгін ол ел басқа да шетелдік туристер үшін шекарасын ашты. Бірақ, 2022 жылдың 15 сәуір мен 31 қаңтарына дейін Ресей мен Танзания арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылады.

АҚШ

2020 жылы АҚШ-тың президенті Дональд Трамп «Коронавирустық инфекциямен күресудің шектеулі шаралары қоғамға COVID-19-дан гөрі көп зиян келтіреді» — деп мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. Демократтар басқаратын Штаттардағы карантин көптеген адамдардың өмірін толығымен бұзады. Бұл Қытай вирусының келтірген зиянынан әлдеқайда нашар. 

Трамп Америка бойынша шектеулерді алып Шектеулер АҚШ экономикасына үлкен зиян келтіруі мүмкін деп өз ойын жеткізген.

Алайда Джонс Хопкинс американдық университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 56 миллионнан астам COVID- 19 инфекциясы тіркеліп, 820 мыңнан астам адам қайтыс болған.

2022 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша Америка Құрама Штаттарында COVID-19 ға қарсы Pfizer, Moderna, Johnson вакцинасының 210 миллионнан астам адам алды.


Читайте также: 

Глобальная вспышка неизвестного гепатита начала распространяться в Азии и Канаде

Казахстанцы больше не должны предоставлять ПЦР-тест по приезде в Россию

Казахстан и Россия планируют взаимно признать паспорта вакцинации


Читай нас в  Инстаграм и Телеграм