Газлайтинг құрбаны болдым. Психологиялық зорлық-зомбылықпен қалай күресемін?

5 минут Медина Рахмедулла
Газлайтинг құрбаны болдым. Психологиялық зорлық-зомбылықпен қалай күресемін?

Газлайтинг — бұл психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі және манипуляция. Негізгі мақсаты жәбірленушіге оның қалыпты жағдайға және болып жатқан нәрсені қабылдаудың объективтілігіне күмән келтіруге тырысып, өзінің жасаған іс-әрекеттерін жоққа шығару. Бұл бір адамның екінші адамға үстем болуға, ерік-жігерді басуға, өз билігін жүзеге асыруға деген ұмтылысынан туындайды.

Газлайтер жүйелі түрде басқа адамның сөзін, тәжірибесін, ісі мен табысын құнсыздандырады. Ақырында, оның құрбаны өзін дәрменсіз және сенімсіз сезініп, өзінің эмоционалды тұрақтылығы мен адекваттылығы туралы көбірек ойлана бастайды. Манипуляциялық тактика адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тән екенін атап өткен жөн. Тұлғаралық қарым-қатынас туралы айтатын болсақ, екі жұптың арасында, отбасында, жұмыста, тіпті жақын достардың арасында кездеседі.


«Газлайтинг» термині қалай пайда болды?

Газлайтинг терминінің атауы британ драматургы Патрик Гамильтонның Gas Light пьесасы және оны 1944 жылы экранға шығарылуна байланысты берілді. Сюжет күйеуінің психологиялық манипуляцияларының құрбаны болған әйел жайлы. Күйеуі өзінің қылмысын жасыру үшін әйелінің есінен адасып бара жатқанына сендіріп, оны басқа адамдардан, қоғамнан оқшаулайды. Бұл фильмде психологиялық манипуляцияның моделі өте айқын көрсетілген. Мұндай манипуляция  күш пен уақытты қажет етеді.

1960 жылы әйгілі психотерапевт және психиатр Рональд Лэйнг бұл құбылысты егжей-тегжейлі зерттеп, жүйелі түрде газлайтинг ауыр психологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді. Содан бері «газлайтинг» термині психологияда психологиялық қысым тактикасына қатысты қолданылады, манипулятор өзінің құрбаны мен оның шындықты қабылдауының құндылық жүйесін бұрмалауға тырысады. Ал жәбірленушінің жүйкесі сыр беріп, мазасыздық пен депрессия, өзін-өзі төмендету, шешімдерді қабылдай алмау, тіпті шизофрения аурулары байқалады.

Газлайтингтің белгілерін қалай байқаймыз?

Философия докторы және «сіздің өміріңізді басқаруға арналған жасырын манипуляциялар» атты кітабының авторы Робин Стерн газлайтинг кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын айтады. Ол  мынандай кезеңдерден тұрады:

Жәбірленушінің айтқан сөздерін жоққа шығару. Қорлаушының оғаш қылығын қанша байқаса да, ол бұған аса мән бермейді. Ол бұл кездейсоқ орын алған әрекет екеніне әрі мұндай оқиға қайталанбайтынына сенеді.

Өзінің әрекетіне күмәнмен қарау. Жәбірленуші агрессордың шабуылдарынан өзінің көзқарасын дәлелдеу арқыры қорғануға тырысады. Алайда, өзінің іс-әрекеті қаншалықты дұрыс, я бұрыс екендігіне күмінмен қарай бастайды.

Агрессорға сеніммен қарау. Бұл кезеңде жәбірленуші қорлаушыға сөзсіз сеніп, орын алып жатқан оқиғаларға тек өзін кінәлайды. Ол қорлаушының пікірімен келісу себебі оның мақұлдауына үміттеніп, үмітін ақтауға тырысады.

Осы әрекеттердің кесірінен жәбірленуші бірте-бірте өзінің ойын жоғалтады. Ол қандай әрекет істесе де өзін дәрменсіз сезіне бастайды. Өйткені, агрессор оның ақиқатын жоққа шығарып, өзінің манипуляция арқылы іс-әрекеттерін көрсетпейді. Ақыр соңында жәбірленуші шатасады. Агрессордың мінез-құлықына күдіктенудің орнына, ол өзінен күмәнданады. Газлайтинг адамды ақылсыздыққа ғана емес, суицидке де әкелуі мүмкін.

Газлайтер қандай тактикаларды қолданады?

Газалайтер басқа адамдардың не қалайтынына аса мән бермейді. Ол басқаларды өзінің еркіне бағындырғысы келеді. Бірақ, барлығы  мойынұсына бермейтіндіктен, жәбірленушінің жалған шындықты қабылдауына әсер ету үшін әр түрлі әдістерді қолданады. Нәтижесінде біраз уақыттан кейін жәбірленуші агрессорға эмоционалды түрде тәуелді бола бастайды.

Газлайтер барлық шындықты теріске шығарады

Газлайтер көбіне шындықты өтірік деп, өтірікті шындыққа айналдырады. Бұл жағдайдың бір рет емес, бірнеше рет қайталанатынуынан айтқан сөздерінің қайсысы ақиқат, я жалған екенін ұғыну қиынға соғады. Олардың басты мақсаты — өзіңе деген сенімсіздіті тудыру.

Көптеген дәлелдерге қарамастан айтқан сөздерін жоққа шығарады. Бұл жәбірленушіні орын алып жатқан шындыққа оқиғаға күмәндануға мәжбүрлейді. Мысалы, әңгіме барысында.

Айтқан сөздер істеген әрекетке сәйкес келмейді

Егер сізге психологиялық тұрғыдан адамдар тобы әсер етсе, олардың сөзіне емес, іс-әрекетіне еріңіз. Олардың не айтатыны маңызды емес — бұл бос сөз тіркесі. Олардың мақсаты — бәрін жою және сізді үнемі күмәндануға мәжбүрлеу. Адам өзіне тұрақтылық сезімін беретін адамдарға тартылады. Бұл газлайтердің табиғаты.

Жылы лебіз білдіру арқылы алдау

Мұндай адамдар сіздің қадір-қасиетіңізді төмендетіп, еңбегіңіздің түкке тұрмайтынын дәлелдейді. Біраз уақыт өте керсінше еңбегіңізді мақтап, қателескенін айтады. Шынына келгенде бұл адамдарға деген пікір өзгеріп, оларды жақсы адам деп қабылдай бастаймыз. Алайда, олардың сіздің жағдайыңызды тұрақсыздандыруға бағытталған мұқият ойластырған тактиканың бірі. Нәтижесінде қай сөзіне сену керектігін білмей, шындыққа күмәнмен қарауға тура келеді.

Өзіне шаң жуытпайды 

Олар өз қиындықтары үшін үнемі басқаны кінәлап, оны жиі жүзеге асыруға тырысады. Сол себепті газлайтердің де жеке өмір салты соңғы орынға түседі.

Адамдарды барлық жағынан қарсы қоюға тырысады 

Газлайтер  —  манипуляцияның шебері. Олар өздерін қандай кезде болса да қорғайтын адамдарды оңай тауып алады және оларды қарсы қолдануға тырысады. Бұл адамдар: «Бұл адам сенің қателескеніңді біледі» немесе «Бұл адам да сенің жақсылық жасамайтыныңды біледі» деген сияқты пікір айтады. Есіңізде болсын, олардың мәлімдемелері кейде шындыққа еш қатысы жоқ. Газлайтер үнемі өтірік айтады. Ол кімге сенетінін білмей, сізді шатастыру үшін осы тактиканы қолданады. Нәтижесінде, мұндай манипуляция  газлайтердің көмегіне жүгіндіреді.

Қалай күресуге болады?

Көмекке жүгіну

Маманның көмегіне жүгінетін болсаңыз, өзін-өзі бағалауды қалпына келтіруге, өзіңізді қайтадан жақсы көруге және өз сезіміңізді бағалауды қайта үйренуге көмектеседі. Егер сіз психотерапевтпен байланысуға ұялсаңыз, онда отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнайы форумдарда өз тәжірибеңізді бөлісе аласыз. Газлайтингтің құрбаны болған жандар қолдауларын көрсетіп, кеңестерін береді.

Қарым-қатынасты үзу

Газлайтингпен күресудің түбегейлі әрі тиімді әдісі — қарым-қатынасты толығымен үзу. Әрине, жақын адамдармен қарым-қатынасты тоқтату қиын, сондықтан бастапқыда әртүрлі сезім туындайды: махаббат пен ашу, сүйіспеншілік пен реніш. Қарым-қатынас қайта өзгерту үшін сіз де, қорлаушы да өзгеруі керек. Егер агрессор өзінің мінез-құлқының өзгертпей, ісін жалғастыра берсе, қарым-қатынасты үзген дұрыс.

Психологтардың пікірі

Психолог, психотерапевт Вероника Степанова өзінің ютуб каналында керекті және маңызды деген ақпаратты бөліседі.  Әр түрлі психологиялық тақырыптар бойынша кәсіби аналитикалық, ашық және терең бейнелер аптасына үш рет шығып отырады.

Психолог, психотерапевт Евгений Мосеев ер мен әйелдің, ата-ананың арасындағы қарым-қатынас пен өз-өзіңе сенімді болудың жолдары, депрессиядан шығу туралы тақырыпты қозғайды.

Виктория Ермохина — сертификатталған психотерапевттердің бірі. Әр апта сайын менталды денсаулыққа байланысты видеолар каналында шығып отырады.

Антон Махновский — гештальт-терапевт және НЛП тренер. Мәселені эффекті шешу, өзіңе қиындықты туғызаттын заттардан арылу сияқты тақырыптары апта сайын шығарып отырады.

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты