Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты
Бүкіл әлемнің назары биыл 13-24 мамырда өтетін 78-ші Канн кинофестиваліне ауғанымен, осы аптада Миланда шығармашылық...
Бүгінгі кейіпкеріміз — DARK — Амангелді Дарын Сабыржанұлы — ALPHA тобының мүшесі. 2002 жылы туған. Шымкент қаласында дүниеге келген, Қызылорданың Шиелі ауданында ауылда өскен. Топта мәтінге жауапты. Өнерпазбен музыкаға қалай келгені, шығармашылығы, жоспарлары туралы әңгіме өрбіттік.
«Менің музыкалық білімім жоқ, бала кезімде әртіс боламын деген ой болмаған», — деп бастады әңгімесін DARK. Өйткені отбасында ешкім өнерге қатысы болмаған.
«Өзім де жабық, қатты ұялшақ бала болдым. Тіпті жасөспірім шағымда да жақын болмағанмын. Музыканы қатты ұната бермейтінмін. Бірақ Ninety One сияқты топтар музыкаға деген қызығушылығымды туғызды десем болады», — дейді бүгінгі кейіпкеріміз.
ALPHA тобының мүшесі бұдан кейін музыкаға деген көзқарасын айтты.
«Музыка мен үшін тілсіз құрал сияқты көрінеді. Ішкі жан дүниеңді музыка арқылы жеткізе аласың және мұнда сенің тіліңді тек қазақ емес, бүкіл әлем сенің күйіңді сезіне алады. Өзім топта мәтінге жауаптымын. Өйткені әннің мәтініне өзім сыншыл қараймын. Сөзі жеңіл жазылса да, мағынасы әдемі болып, ойды нық жеткізгені дұрыс. Тыңдаушыға wow әсерін беретін панчтар берілуі маңызды. Біздің топтың әндері де осындай болғанын қалаймын. Сол үшін де композицияда мәтінге қатал қараймын. Топта, әрине, өзім ғана сөз жазбаймын, бірақ соңында қарайтын өзім», — дейді Дарын Амангелді.
Дарынның жеке шығармашылықпен айналысуға да ниеті бар. Қазірдің өзінде бөлек жазған екі әні бар.
«Биыл шығарған екі әнім бар. Бірақ оның жанрлық шектеуі жоқ, эксперимент жасағым келді. Әндетіп те айттым, hip hop та болды. Мен үшін музыкада ешқандай шектеу жоқ. Эксперимент әртүрлі бағытта бола береді», — дейді ол.
Топ мүшесі қазіргі уақытта танымал хитмейкерлердің немесе жаңа жанрлардағы музыкаларға қызығушылығы басылып, керісінше ескі әндерге ден қоя бастағанын айтады.
«Кейінгі кездері музыкадан алыстап кеттім десем болады. Себебі мен үшін дәл қазір музыкада wow деп қабылдайтын өнерпаздар азайып кеткен сияқты. Қазір көбіне ескі заманның әндеріне назар аударып жүрмін. Мәселен Майкл Джексонның The Jackson 5 деген тобы болды. Сол кездегі музыканы зерттеп, қарап жүрмін. Ал өз еліміздегі әнге келсек, поп-музыка жасаған «Мюзикола» тобын тыңдаймын. Бұл топтың шығармашылығы туралы жақыннан танысып, терең зерттей бастадым. Өзіме ұнағаны осылар», — дейді DARK.
Оның сөзінше, қазіргі таңда фонограмма мәселесінде әртістер екіге бөлінеді. Біріншісі жанды дауыста айта алса, басқасы студияда тамаша өнімдер жасай алады. Мұндай адамдар дауысын, ерекшеліктерін студияда көрсетіп, аша алады.
Эффекттерді қоса отырып, сүйсініп тыңдайтын әндер жаздыра алады. Салыстырмалы түрде тіпті жанды дауыста айта алатын адамнан да керемет туынды әкелуі мүмкін.
«Осындай фонограмманы айтсақ, оны қолдауға болады деп есептеймін. Бірақ, әрине, әртіс сол еңбегін студияда ғана емес, сахнада да атқарып, жанды дауыста айтқанын қалайсың», — дейді ол.
Айтпақшы, топтың тыңдарманын өнерпаздар L&P деп атайды. Яғни — Love and Peace (Махаббат пен бейбітшілік). Дарын топтың жанкүйерлері туралы да сөз қозғады.
«Сахнаға шығарда әрқашан қысылу немесе энергетиканың аздығы сияқты болмайды. Біздің L&Р әрқашан қолдау білдіріп, энергетика береді. Соншалықты үлкен қолдауды көргенде сахнаға шығар алдындағы бүкіл қобалжуың өзінен-өзі басылады. Өзіңді бақытты сезініп, сол алған қуатыңмен енді тыңдарманға қуат бере бастайсың», — дейді DARK.
Сөз соңында ең үлкенін арманын сұрадық.
«Ең үлкен арманым — осы топ аясында айтсақ, әлемдік деңгейге шығу. Трейни болып жүрген кездегі айтқан арманымыз осы еді. Соған жетсек, мен үшін үлкен бақыт», — деді Дарын.
Оқи отырыңыз: Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)