Алисамен тиімді жұмыс істеңіз: қашықтан жұмыс істейтіндерге арналған 5 лайфхак

2 минуты STEPPE
Алисамен тиімді жұмыс істеңіз: қашықтан жұмыс істейтіндерге арналған 5 лайфхак

Қашықтан жұмыс істеу үрдісі қарқынды дамып келеді. Бұл форматқа ауысып жатқандардың мәселесі бір — ол тиімді жұмыс жасауға бағытталған фокусты сақтау. Көбіміз үйде демалуға үйренгенбіз, сондықтан жұмыс тапсырмаларын шешуге керекті жұмыс бабын табу қиын болуы мүмкін. Біз сіздерге үй жағдайында жұмысқа қажетті көңіл бөлуді арттыруға көмектесетін Алиса ассистентінің бес пайдалы функциясын жинадық.

Яндекс құрылғыларындағы виртуалды көмекші Алиса үнемі жаңа нәрселерді үйреніп отырады. Бұл функциялар сізге үйдегі жайлылықты арттырып қана қоймай, қашықтан жұмыс істеуді де айтарлықтай тиімді етеді.


1. Ұйықтап қалмау үшін арнайы оятқыш орнатып қойыңыз

Енді жаңа жұмыс күніне уақытында ояну оңайырақ болады. Ол үшін жай ғана: «Алиса, мені ертең таңғы 7-де оят», — деп айту жеткілікті. Оятқыш әуені ретінде сізге ұнайтын әнді немесе толығымен плейлист орнатуды сұрауға болады. Тек әуендердің қуатты, әрі көңілді екеніне көз жеткізіңіз, сонда ұйқыдан тез, әрі жеңіл оянатын боласыз.

Алисамен тиімді жұмыс істеңіз қашықтан жұмыс істейтіндерге арналған 5 лайфхак - The Steppe

2. Маңызды шаруалар жайлы еске салдыруды Алисадан сұраңыз

Егер сізге маңызды хат жіберуді немесе қоңырауға есеп дайындауды ұмытпау керек болса, Алисадан сізге белгілі бір уақытта еске салуын сұраңыз. Ескертпені арнайы таңдау қажет емес. Виртуалды көмекші қарапайым команданы да түсінеді. Мысалы: «Алиса, 2 сағаттан кейін басшыға есеп жіберуді еске сал».

3. Алиса жұмыс бабымен өтетін қоңырауларды үзбеуі үшін оның микрофонын Mute батырмасы арқылы өшіріңіз

Әріптестерге қоңырау шалу қажет болып, ақылды колонка жалған іске қосылып кетпесін десеңіз, Mute батырмасын қолданыңыз. Батырманы басу арқылы микрофонды толығымен өшіресіз. Түймені қайта басу арқылы микрофонды қайта қосуға болады.

4. Алиса сіздің сұрауыңыз бойынша пайдалы фактілермен бөлісе алады

Мысалы, Қазақстан азаматына Қытайға бару үшін виза қажет пе немесе сіз іссапарға жоспарлаған Шымкенттегі ауа райы қандай екенін біле аласыз.

5. Жұмысқа арналған плейлист таңдаңыз

Алисадан жұмысқа қолайлы музыканы қосуды сұраңыз, сонда көңіл-күйіңіз нәтижелі болады және тапсырмалардан ауытқымайсыз.

Тағы бір ыңғайлысы, Алиса енді екі тіл арасында өздігінен ауыса алады. Барлық командаларды қазақша және орысша тілде жасатуға болады. Бұл функцияны жаңа және бұрын сатып алынған құрылғыларда қосуға болады: баптауларға кіріп, «Ассистент тілі» мәзірін ашып, «Қазақша + Русский» опциясын қосыңыз. Яндексте бұл функцияны әзірлегенде тілдік модельді тек интернеттегі құжаттармен ғана емес, тіл білушілердің қатысуымен жазылған мыңдаған сағаттық сұхбаттарды да қолданған.

Осы қарапайым функциялардың барлығы өзіңізді тиімді қызметкер ретінде көрсетуге және маңызды тапсырмаларға уақыт босатуға көмектеседі.

*Материал Yandex Qazaqstan қолдауымен дайындалған.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

NB — ALPHA тобының басты вокалисі Нұрлыбек Хамитпен өнер, Q-POP және үлкен армандар туралы

NB — ALPHA тобының басты вокалисі Нұрлыбек Хамитпен өнер, Q-POP және үлкен армандар туралы

NB лақапатымен танымал Нұрлыбек Хамит — ALPHA тобының басты вокалисі. Ол бала кезінен музыкаға ғашық болған. STEPPE-ке берген...

3 минуты
3 минуты
Лило, Стич және қазақша дубляж: сүйікті кейіпкерлер қалай қазақ тілінде сөйлей бастады

Лило, Стич және қазақша дубляж: сүйікті кейіпкерлер қалай қазақ тілінде сөйлей бастады

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық айтарлықтай артты. Бұл үрдіс тек әлеуметтік бастамалар мен білім беру...

5 минут
5 минут
Бишімбаев үкіміне 1 жыл: Роза Әшірбаева атышулы істен кейін қоғамда не өзгергенін айтты

Бишімбаев үкіміне 1 жыл: Роза Әшірбаева атышулы істен кейін қоғамда не өзгергенін айтты

2024 жылдың мамырында қоғамда үлкен резонанс тудырған Бишімбаев ісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Бұл тек бір адамның...

8 минут
8 минут
«Шоу-бизнесті өзгерту емес, өз жолымызды салу»: QOZZY ALPHA тобының мақсатын айтты

«Шоу-бизнесті өзгерту емес, өз жолымызды салу»: QOZZY ALPHA тобының мақсатын айтты

Сахнаға шығарда арнайы ритуалы бар, фонограммадан түбегейлі бас тартқан, музыканы бизнес көзі емес, ішкі жан айқайының формасы...

4 минуты
4 минуты