Қаңтар айынан бастап елде тараған 15 фейк ақпарат

5 минут Молдир Мухит
Қаңтар айынан бастап елде тараған 15 фейк ақпарат

4-5 қаңтар  күндері ондаған чартерлік рейстер алматыдан ұшып кетті

Желідегі хабарламаларда Тимур Құлыбаев пен Динара Назарбаеваның жеке ұшағы сонымен бірге ондаған рейс Қырғызстанға жіберілді деген хабар тарады. 

Фейк: Қырғыз фактчекерлері соңғы уақытта 9H-AVA бортының Астанадан Алматыға қатынағанын тексерді. Flightradar24.com. деректеріне сүйенсек, сервис 5 қаңтарда соңғы екі рейсті көрсетпеді, ал борт Қырғызстанға емес, қарама-қарсы жаққа қарай бет алған деп хабарлады. 4 және 5 қаңтарда Алматыдан тек төрт чартер ұшып шыққан. Қазақстанн фактчекерлері чартер Балқашқа қарай бет алғанын хабарлады.

Қырғызстандықтар Алматы аумағында бүлікшілік пен тонауға қатысуда 

Instagram және Telegram арналарында Қырғызстан азаматтарының қаңтар айындағы оқиғаларға қатысы бар екендігі туралы ақпарат тарауда. Дәлел ретінде бұл пабликтер ұсталған қырғызстандықтардың төлқұжаттарының фотосуреттерін жариялады. 

Фейк: Бұл суреттерді интернеттен оңай табуға болады. Төлқұжаттың бір суреті Ресейде 2019 жылы қырғызстандықтарды ұстау кезінде түсірілген. Ол суреттердің Қазақстандағы қазіргі оқиғаларға қатысы жоқ. Желідегі  қырғызстандық төлқұжаттар ескі үлгіде тараған,  көрші ел соңғы сегіз жыл ішінде  жаңа үлгідегі төлқұжаттарды (ашық көк) пайдаланады.

Терроризмге қатысы бар деп,  Қырғызстан азаматы ұсталды, ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш тұтқындалды

Жергілікті БАҚ жариялаған видеоға сенсек, онда ұсталған адам митингке қатысу үшін Қырғызстаннан ұшып кеткенін айтады. Оның айтуынша, «белгісіз адамдар» оған 90 мың теңгеге митингке қатысуды ұсынған. 

Фейк: Көп ұзамай бейнежазбадағы адам Алматыға гастрольге келген қырғыз джаз музыканты Викрам Рузахунов екені белгілі болды. Қырғызстан Республикасының  Сыртқы істер министрлігі музыкант қалаға 2 қаңтарда концерт өткізу үшін келгенін мәлімдеді. Осыдан кейін Қазақстанның құқық қорғау органдары видеодағы ер адам Викрам Рузахунов емес, 1990 жылы туған, Қырғызстаннан келген Закир Убуров деп мәлімдеді. Нәтижесінде музыкантты босатты,  қазір таңда ол Бішкекте.

7 қаңтарда Orda порталы Назарбаевтың жиені Самат Әбіш ұсталғаны туралы ақпарат таратты. 

Фейк: Сайттың бас редакторы Гүлнар Бажкенова көп ұзамай өзінің хабарламасын жоққа шығарды.

ҰҚШҰ сарбазы қазақстандықтарды бопсалады

Әлеуметтік желілерде тараған видеоға сенсек, онда бір сарбаз оның межеленген жерде  екенін және «қымыз ішетінін», сондай-ақ қазақстандықтарға қауіп төндіретінін хабарлайды.

Манипуляция: Қазақстанға бітімгерлердің келуі туралы бейне деректер әлі болған жоқ. Видеодағы ҰҚШҰ Күштерінің қатарынанан келген сарбаз деп айтуға нақты негіз жоқ. Кадрда оның әскери қызметші екенін дәлелдей алатын белгілер жоқ. 

ҰҚКД-дан қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланған

Әлеуметтік желілер мен хабарламаларда Алматыдағы ҰҚКД қоймасынан қару мен оқ-дәрілер ұрланғаны туралы ақпарат таралған. 

Фейк: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі оқ-дәрі мен қаруды ұрлау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қорғалатын аймақтан ешқандай мүлік тоналмаған деп айтылады. 

Елбасы елден кетті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елден кетті. Мұндай ақпаратты қазақстандық Orda басылымы таратты. Сондай-ақ, Қазақстаннан Елбасының қыздары да отбасыларымен бірге кеткен делінеді. Басылымның бас редакторы Гүлнар Бажкенова Қазақстанда тұңғыш президенттің үлкен ағасы Болат Назарбаевтың ғана қалғанын айтады.

Фейк: Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың елде жоқ екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол Елбасының елордада бірқатар консультативтік кездесулер өткізіп, Тоқаевпен байланыста екенін жеткізді. Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанға достас мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. 

Қазақстанда тәртіпсіздік кезінде 164 адам қаза тапты

Қазақстанда тәртіпсіздік кезінде 164 адам қаза тапты деп хабарлады. 9 қаңтар күні таңертең республиканың жедел штабының телеграмм каналы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, ақпарат таратты. 

Фейк: Кейін Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты техникалық қате деп атады. Сoronavirus2020 ресми арнасы зардап шеккендер туралы ақпаратты жойды. Зардап шеккендердің нақты саны әлі аталмаған. 

Ресей Мемлекеттік Думасында Қазақстанның тарихи Отаны — Ресеймен қайта қауышуы туралы референдум өткізу ұсынылды 

Мұндай жазбаны Ресей Мемлекеттік думаның депутаты Сұлтан Хамзаев өзінің Facebook желісінде жариялады.

Манипуляция: бұл ресми мәлімдеме емес. Сондай-ақ, Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары арасында Ресейді АҚШ отары деп атайтындар да бар. Сіз жеке адамдардың мәлімдемелерін Ресей Федерациясының ресми ұстанымының өкілдері ретінде, ал Facebook — тегі постты үкіметтің ресми бастамасы ретінде қабылдай алмайсыз.

Шетелдік азаматтардың елге кіруі тоқтатылды

Кейбір БАҚ Ташкенттегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасай отырып, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Қазақстан шетелдіктердің елге кіруін тоқтатты деген жаңалықты жариялады.

Фейк: Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, «ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайды» . 

Еліміздің астанасында суық суды өшіреді 

Бесінші және алтыншы қаңтарда қаладағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстан астанасында су мен жарықтың өшіп қалуы туралы ақпарат тарады.

Фейк: Қалалық әкімдік әлеуметтік желілердегі қаладағы судың өшірілгені туралы хабарламаны жоққа шығарды. Әкімдікте хабарлағандай, тіршілікті қамтамасыз ететін барлық нысандар, соның ішінде коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді.

Белгісіз біреулер Алматы маңындағы әскери биозертхананы басып алды

Әлеуметтік желілерде, орталық анықтамалық зертхананың жанында мамандар химиялық қорғаныс костюмдерін киіп алып жұмыс істейді және қауіпті заттардың ағып кету ықтималдығы бар деп жазған. 

Фейк: Таралған қауесетті  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды, нысанның қорғауда екенін мәлімдеді

Қазақстан астанасына 2000 талибан келеді

9 қаңтарда желіде Елордаға бара жатқан Талибан әскерлері туралы бірнеше хабар пайда болды.

Фейк: Елорда комендатурасының баспасөз қызметі бұл ақпарат жалған деп хабарлайды және тұрғындардан арандатушылық пен дүрбелеңге бой алдырмауды сұрайды. Қазіргі уақытта елордадағы жағдай бақылауда. 

Белгісіз біреулер Елордадағы пәтерлерді тонап жатыр

WhatsApp хабарларында белгісіз біреулер құжаттарды тексеру сылтауымен қала тұрғындарын тонап жатқаны хабарланған.

Фейк: полиция департаментінің хабарлауынша, Елордадағы криминогендік жағдай бір қалыпты әрі толық бақылауда. Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, құжаттарды тексеріп жүр. Бұл ретте тәртіп сақшылары қызметтік куәліктерін  көрсетуде. 

Полиция департаменті Азаматтарға ҚК-нің 274-бабына сәйкес төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін  үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеді. 

15 желтоқсанға дейін өтініш берген қазақстандықтарға барлық несиелер толық беріледі 

Интернетте  банктік қарыздарды жоятыны туралы ескі хабарлама таратылуда.

Фейк: Кредиттік рақымшылық туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі жоққа шығарды. Агенттік азаматтар мен БАҚ өкілдерінің тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты