Ұйғыр халқының сіз білуіңіз тиіс 5 дәстүрі

3 минуты STEPPE
Ұйғыр халқының сіз білуіңіз тиіс 5 дәстүрі

RUS|UZB

Қазақстан қонақжай әрі көпұлтты мемлекет саналғанымен, бізбен біте қайнасып өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті жайлы аса көп біле бермейміз.

Пандемия олардың салт-дәстүрлерін түбегейлі өзгертіп жібермей тұрғанда Еуропалық одақтың қолдауымен отандастарымыз — казактар, өзбек, кәріс, ұйғыр және түрік халқының дәстүрлерімен таныстырғанды жөн көріп отырмыз.


Ұйғыр халқы Қазақстанға 1860-1880 жылдары, Қытайдағы ұлттық көтерілісте басып-жаншылғаннан кейін қоныс аудара бастады. Бүгінде олар еліміздегі ұлттардың ішінде ең көп таралған бестіктің ішінде. Көбіне Алматы облысынан қоныс тепкен.

Биыл пандемия ұйғыр халқының әдеттегі өміріне көп өзгеріс енгізді. Халық боп тойланатын мейрамдардың орнын отбасылық рәсімдер басып, этномәдени ұйымдар қашықтан жұмыс істеуге көшті.

«Уйгур авази» республикалық қоғамдық-саяси газеті де осындай қалыпқа ауысты. Бас редактор Ершат Асматовтың айтуынша, қазір жұмыс істеу қиындау, дегенмен ұжым қоғамдық өмірден тысқары қалмауға тырысып, Қазақстан халқы ассемблеясының онлайн іс-шараларына белсене қатысып жатыр екен.   

Карантин кезінде редакция елдегі пандемия туралы барынша көп ақпарат бере бастаған. Ал әр аймақтағы тілшілер блокбекеттерден репортаждар жасап, газеттің әр нөміріне беріп отырған. 

  1. Жут

    Қайда барса да, ұйғыр халқы жергілікті жамағат — жут құрып алады. Оны кейде «махалла» деп те атайды. Әр жамағаттың ішінен басшы сайланады. Ол қауымдағы барлық іс-шараны ұйымдастырады.

    Оның ішінде, той, сүндеттеу, ас беру сынды рәсімдерді де жасайды. Басшыны «йигит-беши» — жігіт басы дейді. Ол жамағат ішіндегі ең абыройлы, сөзге шешен, ұйымдастыру қабілеті мықты адам болуы керек.

    Қазақстанда ақысы төленбейтін қоғамдық қызметтің белгілі бір иерархиялық құрылымы бар. Жігіт басын Қазақстандағы ұйғырлардың этномәдени орталығының құрамына кіретін йигит-беши кеңесі сайлайды.

  2. Машрабтар

    Бұл дегеніміз — көңіл-көтеру мақсатында ерлер арасында ұйымдастырылатын отырыс. Дәстүрлі қоғамда егін жиналған соң, айына бір рет өткізіледі.

    Машрабтардың байланыс, ағарту, тәрбиелік функциялар атқаратынын айта кету керек. Ел арасында «балаңды алдымен — мектепке, кейін машрабқа бер» деген сөз бар. Салт-дәстүрден мақұрым адамды «машраб көрмеген» деп атайды екен.

    Ерлер жиналысында түрлі топ бас қосады: қатарластар, туыстар, жұмыстастар, көршілер және т.б. Машраб үш кезеңде өтеді: 

    — Біріншісінде ән мен әзіл айтылып, от ауыз, орақ тілділер сайысады;

    — Екіншісі театрландырылған сипатқа ие. Ол «дава дастур», яғни «датыңды айту» деп аталады;

    — Машрабтың үшінші кезеңінде еркін әңгіме, мәдени-ағарту іс-шаралары өтеді. Бұрынырақта көркем шығармалар мен ақындар жинағы оқылып, қасиетті мұсылмандар өмірі өнеге етілетін болған.

  3. Доппа

    Мұндай бас киім көп халықта бар. Бірақ ұйғыр халқының тақиясы басқаларынан ерекше. Ерлердің бадам доппасында қара матаның үстіне бадамның суреті сәнделіп, өрнекпен кестеленеді.

    Бұл өзбек және тәжік халқының тақияларына ұқсас келеді. Жалпы доппаның 50-ге жуық түрі бар. Ал бұдан бөлек, ұйғыр ерлердің тақиялары түрлі-түсті өрнегі бар, ашық түсті түрлері де болады.

    Олардың түрі тұратын жеріне байланысты. Бұрын доппаны күнделікті өмірде киіп жүре беретін болса, қазір мерекелерде киеді.

  4. Ұйғыр лағманы

    Қолдан созылған ұйғыр кеспесі ет пен көкөністен жасалған тұздықпен қоса беріледі. Бұл тағамның шығу төркіні Қытаймен байланысты деген пікір бар. Бірақ қытай кеспесі мүлдем басқаша әзірленеді. Түрлі ұлттың асханасындағы кеспе түрлерінен ұйғыр лағманы айрықша ерекшеленеді.

    Орта Азияда аспаздардың алдыңғы шебінде ұйғыр халқы тұратын болса, ұлттық асханасында төрден орын алатыны — лағман. Бұл тағамның түрі де, оған байланысты ырым да көп.

    Мысалы кісісі өлген үйде 40 күн бойы лағман жасалмайды. Олай етпесе, мына өмірден ана өмірге дейінгі жол ұзарып кетеді деген сенім бар. Дегенмен отбасы мүшелерінен бөлек, үйден тыс жерде әзірленген лағманды жеуге болады.

  5. Әткеншәй

    Бұл — сүт пен тұз қосылған шәй. Оны демдеу үшін өте қою, қара шәй керек. Сүт міндетті түрде кілегейлі болады. Осыған ұқсас шәй моңғолдар мен түріктілді тывалықтар мен құмықтарда кездеседі. Моңғолдарда сүт қосылған шәйді сорпамен теңестіреді. Өйткені оның ішіне қақталған ет пен май қосады.

    Ертеректе ұйғыр халқы әткеншәйға қойдың шыжығы мен майын қосатын болған. Ондай шәйді тандыр шелпекпен жеп алған ұйғыр шаруа егістікке барып емін-еркін жұмыс істей алады. Күні бүгінге дейін шәйді тандыр нанмен қоса береді.

    Әткеншәй — әйелдер отырысының айнымас атрибуты.


Материал «Уйгур авази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Асматов пен Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аблет Камаловтың келісімімен әзірленді. 

Аталған материалдың мазмұны — автордың жеке жауапкершілігінде, Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Статьи STEPPE

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)
Партнерский

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)

Помните, как в детстве мы с нетерпением ждали наступления Нового года, а потом спешили к елке, чтобы распаковать подарки? Мы...

3 минуты
3 минуты
Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

В преддверии Дня независимости собрали подборку, которая поможет погрузиться в культуру и историю страны через книги, фильмы и...

2 минуты
2 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут