Кәріс халқының сіз білуіңіз тиіс 5 дәстүрі

5 минут STEPPE
Кәріс халқының сіз білуіңіз тиіс 5 дәстүрі

RUS|UZB

Қазақстан қонақжай әрі көпұлтты мемлекет саналғанымен, бізбен біте қайнасып өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті жайлы аса көп біле бермейміз.

Пандемия олардың салт-дәстүрлерін түбегейлі өзгертіп жібермей тұрғанда Еуропалық одақтың қолдауымен отандастарымыз — казактар, өзбек, кәріс, ұйғыр және түрік халқының дәстүрлерімен таныстырғанды жөн көріп отырмыз.


Кәріс халқы — Қазақстандағы алғашқы этникалық диаспора.

Оларды осыдан 83 жыл бұрын, 1937 жылы КСРО Халық комиссарлар кеңесі қаулысымен Қиыр Шығыстан Орта Азияға мәжбүрлеп депортациялайды.

Соның нәтижесінде жаңа жерге орныққан кәріс халқының мәдениеті біршама экономикалық және тарихи өзгерістерге ұшырайды. Бірақ бірегейлігін теңіз және құрлық дәстүрлерін ұштастыру арқылы сақтап қалған. 

  1. Той рәсімі

    Кәріс халқы тойды екі түрлі форматта өткізеді: дәстүрлі және батыс. Дәстүрлі той бақта өтеді. Мерекелік ұлттық киімдері ханбок киген адамдар, айналада — ағаштар. Бақтың ортасында биік той үстелі — тэресан, оның екі шетінде — қалыңдық пен күйеужігіт.


    Үйленіп жатқан жігіт күн шығыс жақта «янды» білдіріп, қалыңдық «иньді» білдіріп батыс жақта отыруы тиіс.  



    Той үстелінің дәстүрлі атрибуттары — ююба жемістері, талшын және тауық. Олар ізгі ниет — ұзақ жыл ғұмыр, бақыт және жемістілікті білдіреді. Той рәсімінде әсіресе, көк және қызыл майшамның орны ерекше.


    Күйеужігіт пен қалыңдықтың аналары залға кіріп келе жатқанда шамдарды «ян» және «инь» белгілері ретінде міндетті түрде жағады. Сөйтіп той екі кезеңен тұрады: алғашқысы желпуіштің ашылып, асабаның «чимне», «Хэн чхинённе!» («Рәсім басталды!») деп дауыстауынан басталады.  


    Екінші кезеңде «кёбэре», яғни күйеужігіт пен қалыңдықтың арасындағы иілу болады. Бұдан кейін рәсімнің басты бөлігі «хапкыл-ле» басталады. Күйеужігіт пен қалыңдық үш кішкене ыдыспен ішімдік ішеді.


    Оның біріншісі — аспан мен жерге ант беруді, екіншісі — ерлі-зайыптының неке сертін, үшіншісі бір-бірін сүйіп, қорғап, береке-бірлікте өмір сүруді білдіреді. Үшінші ыдыс ретінде қауақ асқабақты екіге бөліп, соны ожау қылып пайдаланады. Күйеужігіт пен қалыңдық ожау алмасып, ішіндегі ішеді. Одан кейін ортасынан қақ бөлінген асқабақты қайта біріктіреді.


  2. Алғашқы туған күн

    «Толь, или тольджанчхи» — кәріс халқының туған күн тойлаудың ең маңызды дәстүрінің бірі. Балаға ерекше ханбок пен бас киім кигізеді. Қыздарға — чобави, ұлдарға — поккон немесе хогон.


    Бұл рәсім қазақтың «Тұсау кесеріне» ұқсайды. Кәріс халқы баланы үстелдің ортасына отырғызып, айналасына түрлі тамақ пен зат қояды: жіп, кітап, қылқалам, сия, ақша. Бала не таңдаса, болашағын сонымен байланыстырады.


    Мысалы егер бала қылқалам мен кітаптың таңдаса — ғалым, ақша мен күріш таңдаса — бай, басқа тамақты таңдаса — шенеунік, семсер не садақты таңдаса — әскери адам, жіпті таңдаса ғұмыр жасы ұзақ болады деп сенеді.


    Бұл күні отбасы мүшелері өсіп келе жатқан баланы қорғайтын «самсин» құдайларына алғыс айтады. Құдайларға миёк балдырларынан жасалған сорпа, күріш, күріштен жасалған бәліш — тток әкеліп қояды. Миёктен жасалған сорпаны әр туған күн сайын қояды. Сол арқылы анасының босанған кездегі жан қиналысын еске түсіріп тұрады-мыс.

  3. Еске алу рәсімі


    «Хансик» — бейресми «ата-аналар күні». Жылына үш рет тойланады. Таң атпастан марқұмның туған-туыстары зиратқа барады. Арамшөптерді жұлып, қабірді тазалап, жаңартып, айналасына ағаш пен гүл егеді. Өздерімен бірге тамақ әкеліп, «деса», яғни еске алу рәсімін жасайды.


    Қабір басына тамақ әкелу — отбасының бұрынғы мүшелеріне деген құрмет, құрбандық шалу іспеттес. Алдымен қабір иесі — жер рухына құрбандық шалынады.


    Туыстардың ішіндегі үлкендердің бірі арақ құйып, қабірдің жанына үш рет төгеді. Одан соң үш рет қабірге бас иеді. Осыны жасап болған соң ғана қабірдің айналасын реттеп, ағаш пен гүл отырғызуға болады.


    Кореяда өлген адамның денесін өртейтін болса, Қазақстанда православ дәстүріне сәйкес, үшінші күні жерлейді. 


  4. Жаңа жыл


    Соллаль — ай және күн күнтізбесінің алғашқы күні. Жаңа жыл үш күн тойланады: жаңа жылдан бір күн бұрын, жаңа жыл күні және оның ертесі.


    Жаңа жылда кәріс халқы ата-аналарымен бірге елдің шығысына барады. Ондағы мақсат — күн сәулесін алғашқы боп көру. Сондай-ақ, өмірден өткен ата-бабаларын да осы күні еске алады. Жаңа жыл күні таңертең ттоккук — күріш шелпегі мен тұздық желінеді.


    Ттоккук тәрелкесін алғаш боп тауысқан адам бір жылға есейген болып саналады. Кейде кәріс халқы жасыңызды тұспалдап сұрау үшін «Қанша тәрелке ттоккук тауыстыңыз?» деуі мүмкін.


    Дәл осы күні балалары ата-анасын құттықтайды. Басын еденге тигізіп иіп, тілегін арнайды. Ата-аналары болса, өз кезегінде ақша беріп, жаңа жылдағы ақыл-өсиет — токтам айтады.  


    Тойлау кезінде бәрі ойын ойнайды. Мысалы юннори деген бар. Үстел ойының басты мақсаты — мәреге дейін өз фишкаңызды бірінші болып жылжыту. Ойын сүйектерінің орнына иероглифтер жазылған таяқшаларды қолданады. Ежелде оларды теріс күштерді қуып жіберетін тұмар ретінде пайдаланған деседі. Сөйтіп оның үстіне иероглифтерді ойып не жазып қоятын болған.


  5. Чхусок


    «Чхусок» — сегізінші айдың 15-не тойланатын егін тойы. Биыл ол 1 қазанға түсіп, Қарттар күнімен тұспа-тұс келді. Бұл мейрамда үстел үстінде міндетті түрде сонпхён, яғни күріштен жасалған бәліш тұруы тиіс.


    Оны қарағай қылқандары шашылған тақтай бетіне илейді. Сонпхён пісіріп жатқандп отбасының бүкіл мүшесі қатысып, бәрі ханбок киюі керек деседі. Сөйтіп бәрі бірге марқұмдарды еске алу рәсімін жасайды. Чхусок күні күлкілі маскалар тағып, би биленеді. 


    Биыл коронавирус пандемиясына байланысты бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. «Чонсон» кәріс орталығы Чхусок күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды жөн көрді.


    Кореяның бас елшілігі бүкіл Қазақстан бойынша этноорталықтарға 100 кәріс маскасын таратты. Ал Ақмола облысындағы орталық бөлімшесінің қызметкерлері қарттарға ішінде маска, антисептик, қолғабы бар қайырымдылық себеттерін берді.


    Одан бөлек, қазанның соңғы аптасында азық-түлік себеттерімен Щучинск пен Көкшетаудағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қамтамасыз етті.



Материал «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Лимнің келісімімен әзірленді. 

Аталған материалдың мазмұны — автордың жеке жауапкершілігінде, Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. 

Статьи STEPPE

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...

5 минут
5 минут
Онлайн-курсы — очередной обман или пора присоединяться?
Партнерский

Онлайн-курсы — очередной обман или пора присоединяться?

Про онлайн-курсы в Казахстане сегодня говорят много и с разных сторон. Есть факт: рынок постепенно, но уверенно растет...

7 минут
7 минут
Как прошел осенний шоукейс резиденции BATYR LAB empowered by Visa с Иваном Дорном в Алматы

Как прошел осенний шоукейс резиденции BATYR LAB empowered by Visa с Иваном Дорном в Алматы

Общественный фонд имени Батырхана Шукенова при поддержке лидера индустрии цифровых платежей Visa и бренда Tic Tac организовал...

2 минуты
2 минуты
Чем отличаются регионы Казахстана

Чем отличаются регионы Казахстана

Вы когда-нибудь замечали, как сильно отличаются разные уголки одной страны? Взять к примеру, Казахстан, разделенный на 17...

23 минуты
23 минуты