Өнер мен ғылым тоғысқанда: 31 тамызда YEMAA ARTIST резидент суретшілерінің көрмесі ашылады

3 минуты Айдана Курмангалиева RU
Альтернативный текст

Көрмедегі әрбір жәдігер адамның табиғатпен байланысын бейнелейді. Суретшілер өз жұмысында биологиялық және экологиялық үйлесімділікті көрсетеді. Сондай-ақ инновациялық өнер әдістері арқылы әлем табиғатын тереңірек зерттеуге болатынын дәлелдейді.


Жұмыс авторлары — YEMAA ARTIST RESIDENCE екінші резиденциясының қатысушылары. Олар — Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген бес түрлі жас шебер. Жыл тақырыбы — «Бесінші элемент». Олар бір ай бойы био-арт әлеміне еніп, воркшоп, эксперимент пен зерттеу арқылы білім мен тәжірибе жинақтап, шығармашылық туындыларын ұсынуға дайын. 

«Резиденттер жоспарымызды қалай қабылдағанына таңғалдық. Қатысушылар ұсынылған идеяны біршама көтерді. Көрермен суретшілердің туындысын тамашалағанда бірден шабыт көзін, яғни табиғатпен тікелей араласуды көреді деп ойлаймын», — дейді резиденция кураторлары Әсел Ахметжанова мен Әсел Мұқашева.

Сондай-ақ көрмелерде резиденция тәлімгері, мексикалық суретші Лаура Родригестің био-арт бағытындағы жұмыстары қойылады. Ол туындыларында постгуманизм тақырыбын, материяның молекулалық құрылымы мен болмыстың философиялық аспектілерін қарастырады.

Көрме сериясы жас суретшілерге шығармашылық қабілетін көрсетіп, заманауи өнердің жаңа бағытында ерекшеленуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар қоршаған ортаға дұрыс көзқарас туралы тұжырымын ұсынып, өз түсіндірмесін жасай алады.

Көрмелер үш қалада — 31 тамызда Атырауда, 9 қыркүйекте Астанада және 13 қазанда Алматыда өтеді.

Көрмелер туралы толығырақ осы сілтемеден біле аласыз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Частичка красоты, которой можно поделиться — в Алматы прошла выставка открыток

Фотограф-художник Хуан Саликет запечатлел архитектуру и природу Алматы в формате открыток.

3 минуты
3 минуты

В Алматы прошла передвижная выставка «Искусство для трансформации сознания»

Ученики художника Армата Бектаса представили свои работы в музее Кастеева.

2 минуты
2 минуты

В Алматы прошел хореографический перформанс «Touch of art»

Театр современного танца «Самрук» отпразновал всемирный день танца.

2 минуты
2 минуты

В Алматы открылась выставка «Посмотри на меня»

Видеопортреты показывают участников так, как они хотят, чтобы их видели другие.

3 минуты
3 минуты