Арбаға таңылса да мойымаған Аружан

9 минут Гүлбақыт Жанұзақ
Альтернативный текст

Көз — адамның айнасы. Әлемді шексіз сүйетін көздер ғана мына әлемді нұрланырады. Бұл сөзімізге дәлел — Аружан Мукаш. Ол кішкентайынан жүре алмады, бірақ қайтпас-қайсар мінезінің арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда танымал брендтерге логотип жасайды. Кейіпкеріміз бос уақытында сурет салады, танымал брендтердің логотипін жасайды, тіл үйреніп, мобилографиямен айналысады. Домбыра тартқанды да ерешке ұнатады. Сондай-ақ сұлулық байқауының жеңімпазы.


 «Мен әлемді бөлек таныдым»

Мен Батыс өңірі, Орал қаласында дүниеге келдім. Сегіз айлығымда нейробластома диагнозы қойылғаннан кейін балалық шағым басқалардан өзгеше өтті. Нейробластома дегеніміз — жетілмеген жүйке жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік түрі. Мектепке бара алмаған соң, ұстаздар үйге келіп оқытатын. Сегіз жасқа дейін менде коляска болмады. Сол үшін ағаларым айналадағы түрлі қызықтан шет қалмасын деп, өздерімен алып жүрді. Кішкентайымнан алғыр болдым. Алғаш рет коляска алғанда мүмкіндікті жібермей, бірден жақын достар табуға тырыстым. Ешқашан ренжіп, көз жасымды көрсеткен емеспін. Қазірдің өзінде кішкентай, қайсар Аружанды мақтан тұтамын.


Буллинг

Ауылда өссем де, ата-анам қарапайым адамдар болса да — өзіме әрқашан ұқыпты қарап, еңсемді түзу ұстап, жарқын күліп жүрдім. Соның әсерінен шығар ешкім іспен немесе сөзбен тиіскен емес.  Менің ең мықты қаруым мықтылық болды.

Мектептегі бағдарламадан бөлек, дүниетанымымды кеңейту үшін көп іздендім. Ағылшынша, түрікше өз бетімен үйреніп, тым бөлек әлемді тануға талпындым. Тоғызыншы сыныпты аяқтайтын кезде тандау жасауым керек болды. Біріншісі — он бірінші сыныпты аяқтау, екіншісі — тоғызыншы сыныптан кейін колледжде оқу. Болашағым үшін маңызды таңдау екенін түсіндім. Өзім ұнататын бағыт-бағдарды қағазға тізіп жазып шықтым. Суретті жақсы салып, бизнеске қызығатыным үшін дизайн мамандығын таңдадым. Нәтижесінде Алматыға киім дизайны мамандығына түстім. Графика дизайнын жасауды мектепте жүргенімде бастап кеткенмін. 

Логотип-маркетингтік стратегия

2018 жылдан бері графика дизайнымен айналысамын. Осы уақытта ерекшелігімді қалыптастырдым десем де болады. Сүйікті стилім — монограмма, яғни, шрифтті бизнес темасымен сәйкестендіру. Өте мықты маркетингтік стратегия деп айтар едім. Бұл стратегияны әкем екеуміз былайша іске асырдық. Әкем жұмыстан келген соң жер үстел жасағанды ұнататын. Солай этно-стилдегі жер үстелдерді шығарғымыз келді. Мен брендті дамыту үшін бірінші нэймингтен бастағым келді. Нәтижесінде бренд атауын Qonaq bol деп атадық. Қазақтың қанына дарыған қонақжайлылық қасиетті дәріптегіміз келді. 

Әлеуметтік желідегі оқырмандар

Оқырмандарым үшін алғаш рет фотосессия жасадым. Кейін 2018 жылы Мисс Уральск байқауына қатысып, көрермен назарына іліктім. Ал парақшам табиғи жолмен көбейіп жатты. Шынымды айтсам, Instagram парақшама мүлдем назар аудармаған едім. Бірнеше ай ешқандай контент салмайтын кезім де болды. Оқырмандарым сонда да мені күтуден шаршамады.

Стористе қандай болсам, өмірде де дәл сондаймын деп айта алмаймын. Дегенмен «этика» бар дегендей, сондықтан әлеуметтік желіде өзімді байсалды ұстауға тырысамын. Оған қарамастан экраннын арғы бетіндегі шынайы Аружан өзгермейді. Өзімнің нәзік тұлғаммен, меланхолик көңіліммен, берік және де мықты күшіммен қала беремін.
 


«Мен мықтымын»

«Мен мықтымын» жобасы маған берілген кезекті мүмкіндік болды. Мендегі мақсат — аз қаражатпен бизнесімді бастау, киім тігу. Күнделікті кэжуал, спорттық киімдерді тіккім келеді. Мен жаздық жиделерді тіктім. Жоба аясында Mkash.brand жарық көрді. Әр қуаныштың артында енбек тұрғанын, әр бір сәтті кездердін артында тоқтаусыз іс әрекеттердің жасалғанын көрсеткім келді. Көзің көріп, қолын жасап тұрғанның өзінде де тауларды төңкеруге болады деген лебізбен жобаны бастап, аяқтап шықтым. Жобада қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтамын.

Кімді мақтан тұтамын?

Жасөспірім шақта барлық адам еліктегіш келеді ғой. Мен мінезі дара, кез келген ересек адамнан үлгі алатынмын. Ал, қазір жанымда жүрген адамның әр қайсысымен мақтанамын, сол жандардан шабыт аламын.  Сол себепті, үлгі ететін жандар жанымда жүр.

 «Ештеңеден ешқашан қорықпа»

Осыдан үш жыл бұрын Шымкентке сурет өнерінен жарысқа бардым. Шымкентке пойызбен келе жатқан жолда көрші команданың ұсташысы заттарды жинастыруға көмектескен, бір мезетте ол маған қарап «батыр қыз, ештеңеден ешқашан қорықпа», деген еді. Сол бейне әлі күнге дейін есімнен кетпейді.


«Барша адамның бірдей болғанын қалаймын»

Дәл қазір мен өзіме нақты не керек екенін білемін. Өзімді болашақта тұлға ретінде елестетемін, тіпті политикаға барсам деймін. Қолымда билік болса, маған ұқсас жандардың өмірін жақсартқым келеді. Мен бала күнімде сурет үйірмелеріне барғым келді, алайда ондай жерлерде лифт болмайтын. Баспалдақтан қатты қорқамын. Мен бастан кешірген қиындықтармен олардың кездескенін қаламаймын. Ұққаным адам өзінің басына түскеннен кейін ғана, көп нәрсеге көзқарасы да  өзгереді. Әр ерекше адам ешнәрсені ойламай, өзінің сүйікті ісімен айналысып, сол нәрседен пайда тауып, барша адаммен тең болатындай мүмкіндік жасағым келеді. Өзімді осы жолда көремін.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

«Он саусағың жұмыс істесе, ернің қимылдайды»: әйгілі қолөнерші Бибажар Иманбекқызының өмірі

Қазақстанның еңбек сіңірген қолөнершісі кішкентай кезінен бастаған ісінің қалай өмір кәсібіне айналғанын бөлісті.

15 минут
15 минут

Таксиге отырғанда ұстанатын ережелер тізімі

Таксиге отырған кезде өзінізді қауіпті сезіну үшін, бірнеше маңызды ережелерді сақтаңыз.

7 минут
7 минут

Конничива: неліктен аниме қарқынды дамып келе жатыр?

Анименің шығу тарихы мен ерешеліктерімен қоса үздік аниме топтамаларымен бөлісеміз.

12 минут
12 минут

Шытырманға толы 5 мистикалық әңгіме

Қазақ әдебиетіндегі 5 мистикалық сюжеті бар әңгімені оқи аласыз.

11 минут
11 минут