Алматыдағы кітапқұмарларға арналған 5 кафе

7 минут Медина Рахмедулла
Альтернативный текст

Алматыда жайлы мекемеде шынаяқ кофемен емін-еркін кітап, журнал мен газет оқып, ескі ашыхаттар мен буккроссинг арқылы кітап айырбастау үшін қайда баруға болады? Қазіргі таңда кофеханалар сән үрдістерін ұстанып, бүкіл әлемде кітапқұмарлар үшін кафелер ашылуда.

Алматы қаласында да кітапқұмарларға арналған кітап толы сөрелері бар кафелер жетерлік. Оқыған кітабыңды басқа кітапқа алмастырып немесе ұнаған жанрды таңдап, шынаяқ кофе тапсырыс беріп уақыт өткізуге болатын мекемелермен бөлісеміз.

Book cafe

Book cafe — кітапқұмарлар жиі жиналатын жердің бірі. Ересектерге ғана емес, кішкентай балаларға да арналған қазақ және орыс тіліндегі түрлі-түсті иллюстрациялармен салынған кітаптар да бар. Тұтынушылар өз кітаптарын белгілі жанрға байланысты ауыстыра алады, масалы, көркем әдебиет жанрдағы кітапты фантастикаға. Көпшіліктің сұранысы бойынша «Book кафе» клубы ашылып, әр айдың үшінші бейсенбісінде кітап талқылауға жиналады. Әрі инстаграм парақшасында дәйексөздер мен кітаптарға жазылған рецензиямен бөлісіп отырады. Жұмыс уақыты таңғы 09:00-дан кешкі 20:00-ге дейін.

Мекен-жай: Бұхар-Жырау, 35
Байланыс телефоны: +7 705 279 79 55

Angel-in-us Coffee

Angel-in us кофе желісі тұтынушылар үшін ыңғайлы жерде орналасқан. Кофеханада тек ыстық тағамдар мен сусындар ішіп қана қоймай, кітап пен газет оқуға болады. Кітаптарға келетін болсақ, сөрелерде сапалы әртүрлі авторлар мен жанрдағы кітаптарды кездестіруге болады. Жұмыс кестесі: 09:00-22:00

Мекен-жай: Кабанбай батыр, 85 және Назарбаев, 226
Байланыс телефоны: +7 707 394 65 21, +7 747 981 66 47, +7 707 394 65 24


Geronimo

Geronimo кофеханасында терезеден әдемі көріністі тамашалай отыра, әртүрлі жанрындағы кітаптарды оқуға болады. Өзіңізбен алып келген кітапты алмастыруға да мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бұл пиццерия отбасымен жиналуға болатын жайлы орындардың бірі. Мұнда достармен бірге көңіл көтеруге арналған үстел ойындары да бар. Мекеме таңғы 09:00-дан кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мекен-жай: Жамакаев, 175
Байланыс телефоны: +7 777 127 88 55, +7 778 529 48 29

Luffy

Кітапқұмарлар үшін таптырмайтын мекеме, себебі, сөрелерде орналасқан кітаптар жаңа бестселлермен жаңартылып отырады. Сондай-ақ, бұл жерде достармен кездесу үшін де, іскерлік әңгімелер және келіссөздер жүргізу үшін де өте қолайлы. Бұл жердің ерекшелігі кітап оқып қана қоймай, өз кітап сөрелеріңді жаңа кітаптармен толықтырып, басқа да ұнаған заттарды сатып алуға болады. Жұмыс кестесі: 08:00-21:00

Мекен-жай: Желтоқсан, 132
Байланыс телефоны: +7 777 713 35 41

Браунис

«Браунис» — кондитерлік дүкен, наубайхана, әрі кофе мен бірге әр түрлі әдеби шығармалар ұсынатын арт-кафе. Оқыған кітапты достарыңмен талқылап, өз жұмыстарыңмен жайбарақат айналысуға болатын жайлы орын. Жұмыс күндері сағат 08:00-ден түнгі 00:00-дейін, ал демалыс күндері 10:00-нан түнгі 00:00-дейін жұмыс істейді.

Мекен-жай: Рысқұлбеков, 19
Байланыс телефоны: +7 707 222 29 40

 

Статьи STEPPE

Смартфондар бізді қалай бақылайды?

«Гаджеттер біздің әр қадамды аңдиды» дегенді жиі естиміз. Бұл қаншалықты рас? Болашақта «машиналар көтірілісі» болуы мүмкін бе? Бұл видеода сматфондар бізді қалай бақылайтынын тарқатып айтамыз.

0 секунд
0 секунд

Серіктестік босануға қатысқан ерлер әңгімесі: «Жұбайыңызға қолдау көрсетіп қана қоймай, түрлі эмоцияны бастан кешесіз»

Steppe редакциясы әйелінің босануы кезінде жанында болған екі ер адаммен сол сәтте бойындағы қорқынышы, серіктес болудың маңыздылығы туралы сөйлесті.

9 минут
9 минут

Альпинизм және спорттық құзға өрмелеуде жетістікке жеткен танымал бес қазақстандық

Мақала Қазақстан Республикасының альпинизм және құзға өрмелеу федерациясымен бірлесіп әзірленген.

12 минут
12 минут

BTS танымал болуының сыры неде?

Материалда BTS группасы неліктен танымал болғанын, олардың феномені неде екенін ашып айтамыз.

18 секунд
18 секунд