1928-1950: Саяси қуғын-сүргіннің үш толқыны және Алматыдағы ізі
Steppe Qazaqsha 31 Мая, 2026

1928-1950: Саяси қуғын-сүргіннің үш толқыны және Алматыдағы ізі

31 мамыр — Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. ХХ ғасырдың бірінші жартысында болған бұл оқиғалар ел тарихында терең із қалдырды. Тоталитарлық жүйенің жүргізген жазалау шаралары бірнеше кезеңнен тұрды және оның іздері Алматы қаласындағы бірқатар тарихи ғимараттардың қабырғасында әлі күнге дейін сақталған.


Бірінші толқын (1928–1930 жылдар)

1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған Алашорданың бұрынғы қайраткерлерін қудалау мақсатында алғашқы жаппай тұтқындау басталды. Осы жылы 44 алашордашы ұсталып, оларға саяси айыптар тағылды. Олардың ішінде Жүсіпбек Аймауытов, Әбдірахман Байділдин, Дінше Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалды, ал қалғандары түрмеге қамалды. Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Міржақып Дулатов лагерьде көз жұмды. Ал жазасын өтеп келген Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаев кейінгі толқында қайта тұтқындалды.

31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар
Сурет: Наурызбай батыр көшесі, 108

Осы кезеңде Алматы астанаға айналып (1929 ж.), мұнда алғашқы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының нысандары бой көтерді. Солардың бірі – НКВД КазССР басқармасы және ішкі түрмесі (Наурызбай батыр көшесі, 108) болды. Қазіргі «Ұмай» өнер музейі орналасқан бұл ғимарат 1930-жылдары Алматыда тұтқындалған арестанттар мен зиялылардың тергеу арасында ұсталатын ішкі түрмесі қызметін атқарды. Қызығы, осы мекемені басқарып, «халық жауларын» іздеумен айналысқан НКВД-ның алғашқы жетекшілері Лев Залин мен Станислав Реденстің өзі де кейін, 1938 жылдың соңында тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар
Сурет: Қазыбек би көшесі, 50

Сонымен қатар Назарбаев даңғылымен қиылыста орналасқан Халық комиссариаттарының үйінде (Дом Наркоматов) 1930-жылдардың басында республиканың негізгі министрліктері — Наркомфин, Наркомзем және Наркомстрой орналасты. Мұнда Мәскеу мен Санкт-Петербургтен жер аударылған ірі профессорлар қызмет етті. Бүгінде бұл құрылыстың бір бөлігі бұзылған, ал ескі алматылықтар бұл жерді бұрынғы «Солянка» кафесі ретінде біледі.

Екінші толқын (1937–1938 жылдар)

Тарихқа «Үлкен террор» деген атпен енген бұл кезеңде И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жауларын түп-тамырымен жою» жөніндегі нұсқауы негізге алынды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне айып тағылды. Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 103 мыңнан астам адам қудалауға түсіп, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

Софийский соборы

1937 жылға қарай Алматыда православиелік шіркеулердің көбі жабылып немесе музейге айналдырылды. Софийский соборы сол тұста қаладағы жалғыз жұмыс істеп тұрған православиелік орталық болды. Оның настоятелі епископ Тихон (Шарапов) діни ұстанымы үшін адамдар жаппай тұтқындалып жатқан уақытта шіркеудің рухани өмірін сақтауға тырысты. 1937 жылдың тамызында оған «антисоветтік террористік ұйым құрды» деген айып тағылып, Алматы тау шатқалдарының бірінде атылды. Шіркеу ғимараты Кеңес үкіметі тұсында қиратылып, кейін тарихи орнында қайта тұрғызылды.

31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар

Сурет: Софийский соборы
31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар
Сурет: Бөгенбай батыр көшесі, 137

Ауқымды саяси шешімдер мен тергеу істері Алматының орталығындағы ірі әкімшілік ғимараттарда жүргізілді. Мәселен, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының ғимараты (Бөгенбай батыр көшесі, 137) 1931 жылы салынып, 1958 жылға дейін Қазақ КСР Үкіметінің (Совнарком) ресми кеңсесі болды. 1937-1938 жылдары мұнда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының көшпелі сессиялары мен НКВД-ның құпия отырыстары өтіп, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин және сол кездегі Тұңғыш Ағарту комиссары Т.Жүргеновтің өзіне ату жазасы туралы соңғы үкімдер осы ғимараттың ішінде кесілді.

31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар
Сурет: Наурызбай батыр көшесі, 83

Дәл осы жылдары Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында НКВД қызметкерлерінің клубы (Наурызбай батыр көшесі, 83) бой көтерді. Сәулетші В. Буровцевтің жобасымен салынған бұл нысан бастапқыда НКВД қызметкерлеріне арналған мәдениет орталығы мен кино-концерт залы ретінде жоспарланған. Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін ғимарат Орыс драма театрына, кейіннен М. Әуезов атындағы қазақ драма театрына берілді. 1969 жылдан бастап К. Қожамьяров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрына айналды.

Үшінші толқын (1940 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басы)

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған бұл толқын соғыстан оралған тұтқындарды, майдангерлерді және жаңа буын ғалымдарды шарпыды. Оларға «буржуазиялық ұлтшыл» деген айып тағылды. Ел тарихын зерттеген ірі ғалым Ермұхан Бекмаханов пен бірқатар жас зиялылар саяси көзқарастары үшін ұзақ жылдарға түрмеге кесілді.

31 мамыр. саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы репрессия. Алаш қайраткерлері. АЛЖИР лагері. Алматы тарихы. Үлкен террор. сталиндік қуғын-сүргін. қуғын-сүргін құрбандары. тарихи ғимараттар

Саяси жазалау шаралары тек айыпталған тұлғалармен шектелген жоқ. Олардың отбасы мүшелері, жақындары мен балалары да «халық жауының отбасы» ретінде жүйелі түрде қудалауға ұшырап, мүліктері тәркіленді, өздері лагерьлерге жабылды немесе жер аударылды. Ақмола маңында арнайы ашылған АЛЖИР лагерінде С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және басқа да көптеген қайраткерлердің жақындары тек туыстық байланысы үшін ғана жылдар бойы айдауда болды.

Автор статьи

Әсем Таменова