Клетки-зомби: как они влияют на нашу кожу и можно ли от них спастись
Научные исследования подтверждают, что замедлить старение кожи возможно при воздействии на нее на клеточном уровне...
11 маусым күні Швеция мен Қазақстанның онкологтары онкологиялық науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін талқылап, екі елдегі заманауи онкологиялық терапия саласында тәжірибе алмасты. Іс-шараны Швеция Елшілігі мен Business Sweden, Швед сауда және инвестициялық кеңесі AstraZeneca британдық-швед биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Дөңгелек үстел аймақтағы онкологиялық ауруларды емдеуде тиімділікті арттыру мақсатында Еуразияда Денсаулық сақтау бойынша Швед альянсының тақырыптық іс-шаралар сериясын іске қосты.
Онкологиялық аурулар бүкіл әлемде өлім-жітімнің екінші орындағы себебі болып табылады. 2020 жылы 10 миллионға жуық адам қатерлі ісіктен көз жұмды. Бүгінгі таңда Қазақстанда онкологиялық көмек Денсаулық сақтау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары және Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспары шеңберінде жүргізілуде.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 2023 жылдың соңында онкологиялық аурулардан зардап шегетін 218 213 пациент медициналық бақылауға алынды. Онкологияның ең көп таралған түрлері қатарына сүт безі қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік және өкпе обыры кіреді.
Жиын барысында бас штаттан тыс онколог Диляра Қайдарова бастаған ҚазОРҒЗИ отандық онкологтары және Швециядан келген мамандар, соның ішінде Швецияның онкология бойынша ұлттық координаторы Щелл Иварссон онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру деңгейін арттыру үшін онкологиялық аурулармен күресу стратегияларын әзірлеу мен енгізудің маңыздылығын талқылады. Ерте диагностикаға, ресурстардың шектеулі жағдайында бюджеттеу мәселесіне және терапиядағы инновациялық әдістерге қол жеткізуге ерекше назар аударылды.
Щелл Иварссон, м.ғ.д., Швецияның бас онкологы, SALAR Швецияның муниципалдық билік және аймақтар қауымдастығы
«Швеция Еуропадағы қатерлі ісік ауруынан туындайтын өлім-жітімнің ең төменгі көрсеткіштерінің біріне ие бола отырып, обаны емдеуде үнемі керемет нәтижелерді көрсетіп келеді. Бұл жайтты біздің елдегі қатерлі ісік ауруын емдеудің кешенді және жүйелі тәсілімен түсіндіруге болады. Швецияда кеселдерді олардың ерте сатысында анықтауға және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді скринингтік бағдарламалар бар. Сонымен қатар, біздің денсаулық сақтау жүйемізде емдеудің ғылыми негізделген ұсыныстарына ерекше назар аударылады, соның арқасында пациенттер ең тиімді емдеу әдістерін уақтылы ала алады».
Маттиас Линдрген, Еуразия, Түркия, Польша және Румыния жөніндегі аймақтық директоры, Швед сауда және инвестициялық кеңесі (Business Sweden)
«Біздің бүгінгі диалог Еуразиядағы денсаулық сақтау саласындағы Швед альянсы жұмысының ресми бастайды. Бұл бастама медицина мамандары, ғылыми орта өкілдері, өнеркәсіп және үкімет арасында тығыз серіктестік платформасын құруға бағытталған. Біз осы ынтымақтастықтың денсаулық сақтау, емдеу мәселесі және денсаулық сақтауды басқару саласындағы жаңа жетістіктерге жол ашатынына сенімдіміз. Бастаманы Швед сауда және инвестициялық кеңесі үйлестіреді. Альянс мүшелері қатарына AstraZeneca, SOBI, Acino, Elekta медициналық компаниялары кіреді, ал олардың өкілдері бүгін залда және бейне байланыс арқылы да қатысуда. Бастаманың Швеция Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауына ие болғанын айта кеткен жөн. Осы Альянс арқылы біз денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында үздіксіз ынтымақтастық пен білім алмасуды қамтамасыз ете отырып, осы дөңгелек үстел шеңберінен тыс ұзақ мерзімді серіктестіктерді де дамытуға тырысамыз».
Қазақстандағы AstraZeneca директоры Мария Шипулева
«AstraZeneca компаниясының маңызды мақсаттарының бірі – қатерлі ісікті өлім себептерінен алып тастауға мүмкіндік ашатын және адамдарға жоғары өмір сапасын сақтауға көмектесетін инновациялық дәрілік препараттарды әзірлеу. Біз иммуноонкология (қатерлі ісікпен күресу үшін ағзаның иммундық жүйесін белсендіру); жасушалық терапия (онкокеселмен күресу үшін тірі жасушаларды пайдалану); мақсатты терапия (генетикалық мутациялар мен төзімділік механизмдеріне бағытталған терапияны дамыту) сияқты медицинаның инновациялық салаларында зерттеулерімізді жүргіземіз. Бүгінгі таңда қазақстандық пациенттерге өкпе қатерлі ісігі, қуық асты безінің обыры, сүт безі мен аналық без обыры, сондай-ақ созылмалы лимфоцитарлы лимфолейкоз сияқты онкологиялық ауруларды емдеуге арналған бірқатар AstraZeneca препараттары қолжетімді. Біз пациенттердің инновациялық тиімді терапияға қолжетімділігін кеңейту, соның ішінде тәжірибе алмасу мен елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бастамалары арқылы жұмысымызды жалғастыра түсеміз».
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айында Қазақстан мен Швеция фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл құжат елдер арасындағы жемісті өзара іс-қимылдың негізін құрады. Бүгін Еуразиядағы денсаулық сақтау жөніндегі Швед альянсы халық денсаулығы мәселелері бойынша еларалық диалогты жалғастыру мақсатында өз жұмысын бастады.
AstraZeneca компаниясы туралы
AstraZeneca онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан AstraZeneca компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)