Выступление профессора Стэнфорда и гранты стартапам: что ждать от конференции «CONNECTED-2024» в Астане
18-19 октября состоится конференция «CONNECTED-2024» в Астане. Мероприятие пройдет в комбинированном формате, предлагая...
25 жастағы кәсіпкермен біз Гоголь мен Қайырбеков көшелерінің қиылысындағы залда кездестік. Бұл – SK boxing аталатын екінші зал; біріншісінің тұсаукесері 2015 жылдың қазан айында өтті, тура бір жыл өткен соң екіншісі ашылды. SK – Аяланың әкесінің аты-жөні. Серік Қонақбаев Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы және екі рет Әлем кубогының иегері атанған. Бірақ бизнесті көпшіліктің ойлағанындай боксшының өзі емес, қызы басқарады.
Күндіз болғандықтан, екіқабатты залда адам аз: ортада бір жігіт грушаны соққылап жатыр, рингте бойжеткенге жаттықтырушысы соққы беріп үйретуде, құлаққа жүгіру жолағының дыбысы келеді. Бір-екі сағаттан соң бұл жер әйелдер мен ерлер және балалармен толығады.
Аяла – сабырлы, сымбатты қадамын тік басқан қалпында залмен кетіп барады. Бокс грушаларын айналып жүріп ол кәсіби спортпен айналыспайтын қаржыгер неге осындай бизнес ашқанын түсіндіріп берді.
«Бокс – таусылмайтын адреналин, драйв. Бәрі де өмірдегідей – үнемі қозғалыста болу және бәсеке. Өмір сені соққыға жықса да, сен қайта тұрып алға ұмтыласың, сабақ аласың. Әрине, бокс – физика, тек 10 пайызға ғана, ал қалғаны – ақыл».
Идея
4 жыл бұрын Америкада жүрген кезімде салмақ тастаймын деп шешіп, бокспен айналыса бастадым. Мен толық болатынмын, бірақ толықтығым сенімділігіме кері әсер еткен емес. Тек қана өзімді басқа қырымнан көрсеткім келді. Ал боксты таңдағаным, әкем боксшы болғандықтан, мен кішкентайымнан жаттығулардың әсерін біліп өстім. Күн сайын 5:30-да тұрамын, бір күндік тамағымды дайындап жаттығуға жүгіремін, одан ары универ. Менің портфелім кітаптар мен тамақ контейнерлеріне толы болатын. Аптасына 6 рет бір жарым сағаттан жаттықтырушыммен жеке дайындалдым. Фильмдегі сияқты: жертөле, спарталық атмосфера, тамаша душ пен киім ауыстыратын бөлме деген жоқ. Төрт айдың ішінде мен 20 келі тастадым.
Бір жылдан соң университетті (The University of Maryland) «қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанға келдім, тұрмысқа шықтым, ажырастым, уақытты текке өткізбейін деп арманымды жүзеге асыруға кірістім. Нақтырақ айтсам, өз бизнесімді, бокс мектебін, ашуды ұйғардым. Барлығын да әкемнен жасыры бастап, 25 қазанда, оның туған күнінде, өзіне лентасын қиғызғым келді. Ол кезде 2015 жылдың қаңтары еді. Әлі 9 ай уақытым бар болатын.
Іске қосу
Боксшылар залын жоспарлағанда ең бірінші рингтің қалай орналасатынын қарастыру қажет. Біз мұны кейіннен білдік. Бірінші залда қабырғалардың арасын есептемегендіктен арнайы 4х4 көлемді рингке тапсырыс бердік. Екінші залда ринг стандартты, көлемі 6х6.
Біз жасақтаған ғимарат отбасымыздың меншігінде еді, сондықтан жеңіл түсті, ештеңені жалға алудың қажеті болмады. Аумағы – 400 ш.м. Жөндеу жұмыстарын архитекторды іздеуден, залдың қалай болатынын ойластырудан басталды. Барлығына да анам көмектесті. 24 жасыңда көлемді құрылыспен бетпе-бет келгенде кішкене өзіңді жоғалтып аласың. Сәуірде басталған жөндеу жұмыстары қазанда аяқталды. Ғимараттың құрылымын қайта жоспарлағандықтан, екі ай көлемінде көтергіш қабырға мамандарының қорытындысын күтуге тура келді. Барлығына 150 мың доллар қаражат жұмсалды. Ақшаны жартылай отбасымнан алсам, жартылай қарызға алдым.
Екінші зал
Гоголь мен Қайырбеков көшелерінің қиылысында орналасқан залды осы жылдың қазанында аштық. Оны да 25-іне туралаймыз деп едік, бірақ ертерек ашылды. Бұл ғимаратты жалға аламыз, аумағы – 750 ш.м. Бірінші зал адам көбейген соң, тарлық ете бастады, сондықтан наурызда біз екінші залға лайықты орынды іздестіре бастадық. Біз көптеген клиенттеріміз бірінші залға осы ауданнан қатынайтынын білген соң осы аумақты таңдап алдық. Хабарландырудан көңілімізден шыққан ғимаратты таңдап алдық, тағы да бір үш айдай ойланып жүріп ақыры соңында жалға берушімен келісімге келіп, маусымда жөндеу жұмыстарын бастадық. Бірінші залға қарағанда тез бітірдік және арзанға түстік. Айналасы 120 мың доллар жұмсадық.
Ашылудың алдындағы 3 күн мен сонда тұрдым десем де болады. Форс-можорсыз болды дей алмаймын – құрылысшылар үлгермеді, желім төгіліп қалады, кафель ажырап кетті, еденде еңбектеп жүріп желімді керосинмен кетірдік. Ашылатын күні таңғы 6:30-да соңғы рет еденді жуып болғанымыз сол алғашқы клиентіміз келді.
Бизнес-үлгі
Бокс, Fitbox, тай боксы, балалар боксы, жеке жаттығулар, Седешованың бағдарламасы – бұл клуб көрсететін қызмет түрлері. Жаттығу залына да баруға болады, ал Қайырбековта фин моншасы да бар.
Әрине, пайда жылдық немесе бір айлық абонемент сатып алған клиенттерден түседі. Тимирязев көшесіндегі залда 80-ге жуық адам, ал Қайырбековтағы залда 120 адам жаттығады. Топтық абонемент айына 15-25 мың теңгенің айналасында болады. Бәрі де жаттығудың ұзақтығы мен жиілігіне байланысты. Жиі-жиі жеңілдіктер мен акциялар ұйымдастырып отырамыз: мерзімді, отбасылық, жылдық немесе 1+1.
Абонемент бағасы шығындар есебінен қойылады. Жаттықтырушылардың жалақысынан аянып қалмаймыз, бастысы соған мән береміз. 7 жаттықтырушымыз бар. Олардың ішінде спорт шеберлері бар, көпшілігі «Шаңырақ» резервтегі олимпиада мектебінен келген. Олардың айлық жалақысы 280-320 мың теңге. Жалақы қоры шығынның негізгі бөлігін құрайды. Компания штаты 22 адамнан тұрады. Жаттықтырушылардан бөлек екі орталықты басқарушы бар, администраторлар, бухгалтер мен финансист және еден жуушы бар.
Біз нарыққа талдау жасадық,басқа боксшылар клубына қарағанда біздің бағаларымыз жоғарылау. Бірақ жағдайы жағынан біз бірінші орындамыз. Бізде жертөле емес, барлық жағдайы жасалған жайлы орталық. Біз көптеген адамдар үшін бұл бірінші орында екенін білеміз.
Компанияның айлық айналымы 5-6 миллион теңгенің айналасында. Мен жарты жылдан соң шығынды ақтаймыз деген мақсатым болған, ал біз үш айдан соң шықтық. Және де, мен бір жылдан соң екінші кешен ашамыз деп ойлаған жоқпын, кемінде екі-үш жылдан соң деп жоспарлаған едім.
Салған қаражатымызды әлі толықтай қайтарып алған жоқпыз. Бизнес-жоспар бойынша мұны бес жылда жасауымыз қажет, бірақ ертерек жетеміз деп ойлаймын. Желі болған жерде бұл тез жүзеге асады дейді, бірақ екінші залдың ашылғанына енді бір ай өтті, сондықтан қазір ештеңе дей алмаймын.
Маркетинг
Басты фишкамыз – жаттықтырушылардың кәсібилігі. Орталық әкемнің құрметіне аталғандықтан, осы тұғырдан таймауымыз қажет. Алматының көптеген орталықтары, тіпті, ең үлкендері де, өкінішке орай кәсіби деңгейі төмен жаттықтырушыларды жалдайды. Ал біз барлық жаттықтырушыларымыздың спорта табыстары мен жеңістері болғанына баса назар аударамыз; біздің ұранымыз – «Чемпионнан чемпионға».
Мен маркетолог емеспін; мен үшін залдың ісін жүргізу басқа іс сияқты болды. Алғашқы клиенттеріміздің ашылу күні келгеніне таң-тамаша болдық. Олардың барлығы да орталықтың салынып жатқанын көргендер мен «сарафан радиосы» арқылы естіген жергілікті тұрғындар болды. Оның үстіне мен әл-Фараби көшесінің бойынан баннер сатып алған едім, мұным басында ақымақтық болып көрінгені рас. Бірақ ол да нәтижесін берді. Телевидениенің рөлі де керемет болды. Ашылу болатын күні журналистер келді, біз оларды шақырған жоқпыз, өздері біліп келген болатын. Ашылуында менің ғана әкем болған жоқ, бізді Серік Сәпиев те қолдады.
Қазір адамдар бізді әлеуметтік желілер арқылы тауып немесе достары мен туыстарынан есіп келіп жатады. Сонымен қатар, мастер-кластар ұйымдастырып отырамыз. Танымал боксшыларды шақырамыз. Жақында Василий Левит келді. Василий Жиров келуі қажет болған, бірақ уақыт таяғанда келе алмайтын болды.
Аудитория
Клиенттеріміздің 65-70% – ер кісілер. Ал адам құрамы әр түрлі: безнесмендер, заңгерлер мен журналистер, дәрігерлер, студенттер. Бұл бір жағынан қызықты; кейде топтық жаттығуарға келіп, сырттай бақылаймын, адамдар менің сол жердің иесі екенімді білмейді де.
Мен әйелдер көп болады деп күткен едім, бірақ үмітім ақталмады. Біздің менталитетіміз оған әлі дайын емес сияқты. 35 жасқа дейінгі қыз келіншіктерде қызығушылық бар, бірақ ары қарай күйеулері әйелдерін жіберуге қорқады. Біз оларды супербоксер етіп шығармаймыз ғой.
Жұмыстағы ең жағымды сәт – көңілі тоқ клиенттерді көру. Чемпионаттардар жеңіске жеткендер бар. Ашылуынан бері келіп жүрген балалар және бір ер кісі бар жыл бойына бір де бір жаттығуды қалдырған емес, оның үстіне таңы сағат 7-де келеді. Жақында ол кісіге ең құрметті клиентіміз деген марапат бердік.
Салауатты өмір салтына ынталандырып жүргеніміз үшін бір клиентіміз әкемнің атына алғыс хат жазыпты. Бұл біз үшін өте қымбат. Бір кездері Өзбекстан бокс федерациясының президенті келген болатын. Оған біздің ортылығымыз қатты ұнап, франшиза сатып алуға дайын екендігін айтқан болатын.
Негативсіз де болмайды. Бір клиентіміз жаттығу барысында аяғын қайырып алғанын айтып шағымданған еді, бірақ дәрігерлер қорытындысы мұны дәлелдей алған жоқ. Бәрібір де басты мәселе техниканың аясында ғана туындайды, мысалы, трубалардың сынып қалатындығы дегендей.
Өзім туралы
Менің күнім таңғы 6-дан басталады. Демалыс күні ме жұмыс күні ме еш айырмашылығы жоқ. Сағат 7-де жаттығуым болса, таңғы асымды ішіп үлгеру үшін 5:30-да тұрамын. Болмаса, таңғы асымды ішіп кеңсеге барамын. Қызметім — мұнай компаниясында ішкі есеп директоры. Кейде күні бойы сонда болсам, кейде SK boxing-те күнімнің жартысын өткіземін. Кешке университетке барамын. ҚазҰУ-нде заңгер мамандығы бойынша магистратурада оқимын. Ал спортпен күнде шұғылданамын. Бір күні бокс болса, бір күн бал биі.
Қойын дәптеріме барлығын жазып жүремін. Сонымен қатар өзімді уақытпен жұмыс істеуге үйреттім. Егер есеп-қисапқа жарты сағат бөлсем, ісімді сол уақытта бітіремін. Барлық дүниеге зер салып қарасаң бәріне де үлгеруге болады. Жұмысымда да тез орындауым қажет заттарды стикерге жазып көз алдыма жабыстырып қоямын.
Кітаптардан Адизестің «Кемшіліксіз жетекшісін» атап өтер едім. Адамдармен жұмыс істеуде ол маған өте жақсы көмектесті. Жалпы бизнес мені шыдамдылыққа үйретіп жатыр, алдын мен тік мінезді болатынмын.
Мен достық ниеттегі басшы болуға тырысамын, бақылаушы емес, барынша өзім де үйренуге бейіммін. Біз тату ұжымбыз, біреудің жасай алмағанын біреу орындайды. Ресепшнге өзім де жиі шығамын, тіпті, балаларды жаттықтырған кезім де болған.
Жеке бизнесін ашқысы келіп жүргендерге кеңесім – идеяңыз өте керемет болса да, білімді қаржы аналитиктеріне ақша үнемдемей, көмегіне жүгініңіз. Нарыққа талдау жасап, болжам түзіңіз. Ал тіптен сенімді болсаңыз, қорықпай бастай берсеңіз болады.
Жоспар
Ең үлкен мақсатымыз – Астанадан зал ашу. Онда кеңсе қызметкерлері, оның ішінде ерлер, көп болғандықтан, маңызын жоғалтпайды деп ойлаймын. Ссонымен қатар басқа қалалар мен мемлекеттерден франшизаға ұсыныс түсіп жатса серіктес болуға дайынбыз. Қазір жұмыс істеп тұрған залдармен де келісімге келуге болады. Қайырбековтегі залдың тағы да 80 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Қазақстанда бокс орталықтарына деген сұраныс бар. Бізде бокстың беделі болғанымен, жалпылама дами қойған жоқ.
Фото: Анвар Ракишев
Қазақша нұсқасын жасаған 7kun.kz
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)