Зерттеу: «Ғылымдағы әйелдер үлесі аз»

1 минута Динара Тілеубек
Зерттеу: «Ғылымдағы әйелдер үлесі аз»

Әлемнің 500 ғылыми институты ұсынған дерекке сәйкес, жаратылыстану бағытында оқитын студенттердің тең жартысын құрайтын әйелдердің аз бөлігі ғана ғылыми жолын жалғастырады. Мәселен, жаратылыстану ғылымдары саласында профессор дәрежесін алған төрт азаматтың тек біреуі ғана – әйел.


Cell Stem Cell журналында жарияланған зерттеуге АҚШ, Еуропа мен Австралияда орналасқан 38 мемлекеттегі 541 университет пен ғылыми институт ұсынған дерек негіз болған. Әр мекемеге байланысты өзгеріп отыратын көрсеткіштердің жалпы көрінісі мынадай:  әйелдер доценттердің – 42, профессорлардың 23 пайызын құрайды.

Аталған деректер әйелдердің ғылымнан кетуіне ықпал ететін аз жалақы мен кәсіби өрлеудегі қолдаудың жоқтығы, жыныстық бопсалау сияқты мәселелерді жоюға бұрынғыдан да көбірек күш салу керегін дәлелдеп отыр. Лондондағы империялық колледж докторы Джессика Уэйдтың пікірінше, әйелдерді ғылымнан кетуге мәжбүрлейтін жүйе өзгермесе, оларды ғылымға ынталандыру шараларынан нәтиже болмайды.

Патшалық химиялық қауымдастықтың Ұлыбританияда жүргізген зерттеуі де осыған ұқсас нәтиже берген. Зерттеу қорытындысына сәйкес, химия саласы бойынша білім алғандардың 44%, ал осы салада профессор  дәрежесін алғандардың  9% ғана — әйелдер. Профессор Джо Рейнольдс BBC-ге берген пікірінде “Біз сұхбаттасқан әйелдердің 99% ғылым жолында кедергілерге кездескенін растады. Бұл – алаңдататын құбылыс”, – дейді. Сәуір айында Мельбурн университетінің ғалымдары «ғылымдағы гендерлік алшақтық» тақырыбында зерттеу жүргізіп,  “Қазіргі қолдау шараларының қарқыны артпаса, физика саласындағы әйелдер мен ерлердің үлесін теңестіруге жүздеген жылдар кетеді” деген қорытындыға келген.

Статьи STEPPE

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі. Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде,...

3 минуты
3 минуты
Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі подкаст индустриясы айтарлықтай жанданып келеді. Көбінесе әлеуметтік желі мен YouTube алаңында...

3 минуты
3 минуты
Алматы халыққа арналған қала ма? 10 жылға болжам

Алматы халыққа арналған қала ма? 10 жылға болжам

Кейінгі онжылдықта Алматы қаласында урбанистикаға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп келеді. Бұрын урбанистика десе — жол, көлік,...

7 минут
7 минут
Неге 400 мың теңге жалақы алатындар несиеге тәуелді? Қарызсыз өмір құпиясы

Неге 400 мың теңге жалақы алатындар несиеге тәуелді? Қарызсыз өмір құпиясы

Бүгінгі таңда несиесіз өмір сүру — біреуге қиял секілді көрінсе, енді біреулер үшін бұл нақты мақсат пен өмір салтына айналып...

12 минут
12 минут