Ядролық қаруы бар елдердің жай-күйі

10 минут Гүлбақыт Жанұзақ
Альтернативный текст

2017 жылдың шілдесінде Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында көптеген мемлекеттер ядролық қаруға тыйым салу туралы қол қойды. 2017 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде қабылданды. Алайда кейбір елдер бұл бастаманы қолдамаған. Келісімге келмеген елдердің қазіргі жай-күйі қалай? Ядролық қаруы бар елдерге шолу жасадық.


Бүгінгі таңда әлемде шын мәнінде тоғыз ядролық держава бар екендігі мәлім. Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) 2017 жылғы қаңтардағы мәліметі бойынша олардың қарамағында 15 мыңға жуық ядролық оқ қарулары бар екені растады. Жер шарындағы барлық ядролық оқ қаруларының 93% АҚШ пен Ресейдің үлесіне тиеді.

Ресей

Әлем бойынша ядролық қаруы көп ел — Ресей. Аталған ел өзінің ядролық қаруын ең бірінші болып 1 949 жылы сынақтан өткізді. Сынақ Семей полигонында өтті, жарылыстан кейін Кеңес үкіметі 1949-1990 жылдар аралығында 715 сынақ жасалған. Полигонда 40 жыл ішінде жасалған барлық жарылыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2 500 есе күшті. Түрлі есептеулер бойынша, Қазақстанда полигондағы сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 6 257 болған

АҚШ

Америка Құрама Штаттары 1945 жылы 16 шілдеде Аламогордо шөліндегі (Нью-Мексико) американдық әуе күштерінің полигонында 20 килотондық алғашқы ядролық жарылысты жүзеге асырды. АҚШ 1945 жылы тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады. Жарылыс салдарынан бірден 80 мың адам қайтыс болды, 1945 жылдың аяғында қатерлі ісік пен аққандылық (сәуле) ауруынан қайтыс болғандардың жалпы саны Хиросимада 166 мыңға жетсе, Нагасакиде 80 мыңға дейін адам болды. Содан бері АҚШ 100-ден астам түрлі 66,5 мың атом қаруын шығарды. Бір қызығы, АҚШ 2017 жылдың көктемінде басталған Ядролық қарудан толық бас тарту туралы келіссөздерге қатысудан бас тартты.

АҚШ-тың әскери доктринасында Америка өзінің және одақтастарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін жеткілікті қару қалдырады делінген. Сонымен қатар, АҚШ ядролық қаруы жоқ  мемлекеттерге соққы бермеуге уәде берді. 1945-1992 жылдары 1032 сынақ өткізген. 2021 жылы ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 5 600 жеткен.

Ұлыбритания

Алғашқы сынағын 1952 жылы Монте-Белло аралдарының аумағында өткізген. Ұлыбритания — өз аумағында сынақ жүргізбеген ядролық бестіктің құрамындағы жалғыз ел. Британдықтар барлық ядролық жарылыстарды Австралия мен Тынық мұхитында жасауды жөн көрді. Осы сынақтың жапа шеккен тұрғындар әлі де үкімет билігінен өтемақы күтіп отыр. Егер 1990-шы жылдардың басында Ұлыбритания 500 ядролық оқтұмсықтың арсеналына ие болса, 2010 жылға қарай оның саны — 225-ке, ал 2020-шы жылдары — 180-ге дейін қысқартуды көздеген. Бұл мемлекет 1952-1991 жылдар аралығында 45 сынақ өткізді. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саным — 225 болған.

Франция

Франция өзінің алғашқы ядролық қаруын 1960 жылы сынап көрді. Сахара мен Тынық мұхитындағы объектілерде жүргізілген ядролық сынақтар саны 210 жеткен. Ядролық баллистикалық төрт зымыран сүңгуір қайығы бар, әлем бойынша ядролық қаруы бар төртінші ел саналады. Бұл елде 1960-1996 жылдары 210 сынақ жасалды. Disclose зерттеу авторларының пікірінше, радиоактивті жауын-шашын 1966-1974 жылдары шамамен 110 мың адамға әсер еткен. Папеэтенің 80 мың тұрғыны жапа жеккен болуы мүмкін деген болжам бар. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 290 болған.

Қытай

Қытай-ядролық емес мемлекеттерге ядролық соққы жасамауға (және оларға қауіп төндірмеуге) міндеттеме алған жалғыз ел. 1964 жылы Лобнор өзенінің маңайындағы полигонда атом бомбасының жарылысын өткізген. Ал 2011 жылдың басында Қытай өзінің қару-жарағын ең төменгі деңгейде ғана қолданатынын мәлімдеді. Алайда, содан бері Аспан асты елінің қорғаушылары ядролық оқтұмсықтарды көтере алатын жаңа баллистикалық зымырандардың төрт түрін ойлап тапты. Бұл мемлекетте ядролық қарудан құрбан болғандардың саны бүгінгі күнге дейін белгісіз. 1964-1996 жылдар аралығында 45 сынақ өткізген. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 350 болған.

Үндістан

Үндістанда алғашқы ядролық жарыс 1974 жылы бір рет өткен. Бұл ел өзінің ядролық держава екенін өткен ғасырдың соңында ресми мойындаған. 1998 жылы мамыр айында 3 ядорлық құрылғыны жарып жібергеннен кейін, екі күн өткесін Үндістан ядорлық сынақтардан бас тартқанын жариялады. 2021 жылғы 18 желтоқсанда Үндістанда екінші сынақ өтті. Agni-P атты баллистикалық зымыраны Абдул Калам аралындағы кешенді сынақ алаңында болды. Бірінші сынақ 2021 жылдың маусымында болған. 2021 жылы ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 160 жеткен.

Пәкістан

Үнді-Пәкістан қақтығысы 1947 жылдан бері жалғасып жатыр. Үндістан мемлекеті өзінің ядорлық сынағын 1974 жылы жүргізді. 1974 жылғы Үнді жарылысынан кейін Исламабадтың жағдайы мәз емес еді. Пәкістанның 10-шы премьер-министрі бұл шиеленіске қатысты Зульфикара Али Бхутто «Егер Үндістан өзінің ядролық қаруын жасаса, біз шөп жеуге тура келсе де, өзімізді жасаймыз» деп бейресми хабар таратқан

1998 жылы Үндістан сынақтарын өткізгеннен кейін Пәкістан жедел түрде өз жұмысын жүргізіп, Чагай қаласында бірнеше ядролық бомбаны жарып жіберді. Чагай қаласының жанында орналасқан ядролық полигонда 6 жерасты ядролық жарылысы өткізілген. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 165 болған.

Израиль 

Израиль мемлекеті ядорлық қаруларды пайдаланатыны туралы ешқандай ақпарат бермеген. Бір қызығы, бұл ақпаратты жоққа да шығармаған. 2010 жылы Израиль ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоюдан бас тартты. Ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін басшылыққа ала отырып, ЯҚТШ-ға қосылмау құқығын пайдаланған. 2021 жылы қарашада ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 90 болған.

КХДР

КХДР ядролық қаруы бар елдердің тізіміне кірді. Солтүстік Кореядағы атом мәселесі өткен ғасырдың ортасынан басталды, КХРД-дің бұрынғы президенті Ким Ир Сен АҚШ-тың Пхеньянды бомбалау жоспарынан қорқып, президент КСРО мен Қытайдан көмек сұраған. Ядролық қаруды дамыту бұл елде 1970 жылдары басталды. Елде 90-жылдардағы саяси жағдайдың жақсаруымен бұл іс тоқтап қалды. КХДР елінің жағдайы нашарлаған кезде заңды түрде қайта жалғасты. 2004 жылдан бастап ядролық сынақтар өтті. Әрине, корей әскери ядорлық сынақты  ғарышты игеру мақсатында қолданылғанымен түсіндіреді. КХДР ядролық оқ қаруларының нақты саны белгісіз. Бір деректер бойынша олардың саны 20-дан аспайды, басқа ақпараттарда 60 бірлікке жетеді. 2021 жылы ядролық оқтұмсықтардың болжамды саны — 45 болған.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

«IT мамандыққа қызығушылығым олимпиадаларға қатысуымнан басталды»: Амстердамдағы программист инженермен сұхбат

Booking.com-ның іріктеуінен өту үшін не қажет, компанияның басты құндылықтары қандай, Қазақстандағы IT бас қосу қандай деңгейде өтеді.

11 минут
11 минут

Карантин енгізілмеген елдер қалай өмір сүреді?

Швецияның пандемиямен сәтсіз күресі, Түрікменстан үкіметінің статистиканы жасыруы, Бразилия президенті мен денсаулық сақтау министрлерінің вирусқа қатысты келіспеушілігі.

13 минут
13 минут

Қаңтар айынан бастап елде тараған 15 фейк ақпарат

Соңғы 10 күндегі ең көп таралған жалған ақпараттар бөлісеміз

11 минут
11 минут

1465music: қазақша музыка лейблі

Мақалада ХХІ ғасырдағы әлемдік музыка лейблінің дамуы және елде жаңадан бастау алған 1465music лейбілі туралы сөз қозғаймыз.

8 минут
8 минут