Құсбегілік — атадан балаға қалған мирас өнер

4 минуты Молдир Мухит
Құсбегілік — атадан балаға қалған мирас өнер

Саятшылық — әркім түсіне бермейтін, қолынан келе қоймайтын, тіпті екінің бірі бағалай білмейтін өнер. Абылай хан 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған делінеді, хакім Абай да аталған өнердің мән-мазмұнын шығармашылығы арқылы жеткізуге тырысты, өзгеде әнші-композитор, сал-серілер айналысып, ән-жыр арнаған. Жемсауын толтырып, баптауы қанша қиын десек те бабадан балаға мұра болған бекзат өнерден қазақ бас тартпақ емес. Осындай кәсіппен айналысып келе жатқан отбасының бірі Алматы обласы, Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылында тұрады.

Сейтжан Алмас құсбегілікпен бала кезінен айналысады. Ол өнер оған жеті атасынан бері мұра болып жеткен.

«Көзімізді ашқалы бері құсты көрдік, құспен бірге өстік. Таңертең тұрғанда құстарды күнге шығарамыз, байлаймыз, тамақтандырамыз. Біраз сергіген соң, асықпай еттерін жылытып, бірінші кіші құстарды ұшырып аламыз. Күн сайын жаттығу жасайтын алаңға барамыз. Осы жерде құстарды ұшырып, еттерін уақытымен, нормасымен береміз.Күніне бір мезгіл тамақ ішеді. Тұздалған ет жесе бірден өліп қалады және ауыратын малдың етін жеуге болмайды», — деді Алмас.

Құстардың күнделікті күтімі

«Құстар күнделікті қой, қоян, жылқы еттерін жейді. Қойдың еттері жарысқа барарда оларға ауыр болады, сол себептен бермеуге тырысады. Жағдайы жақсы, денсаулықтары мықты болса құстар өмір сүре береді. 13 пен 14 жасында аңшылыққа шықпай, жалқаулана бастайды. Сол кезде табиғатқа жібере саламыз».

Қаршығаның көзі жабылмайды, олардың жанары бөлек болады. Бүркіт пен ителгілердікін жабады. Бүркіттердің көзін адамдарды, жанында тұрған құстарды тістеп алмас үшін, бір орында қозғалмай көп отыру үшін қорғаныш үшін жабады.

«Бізде қазір аңшылық маусымы аяқталды, енді қазан айынан бастап қайтадан шығамыз. Жазда құстар түлекте отырады, семіреді, қанат қауырсындарын тастайды, жаңалатады».

Жұмыстап шаршап келіп, құстарыңды баптаудың өзі біраз жылы сезім сыйлайды. Демалып қаламын.

Чемпионаттар қалай өтеді

Бұл қаршығаның есімі — Көкжендет. Ол екі жаста. Жарыстарға қатысады. Жақында Қазақстан чемпионатына барып келді. Жарыстың мақсаты — жасөспірімдер ұлттық өнерге қызығушылығымызды дәріптеу. Алмастың айтуынша, көп қатысушылар Алматы облысынан келді. Олардың ауылдарында 10-15 бүркіт бар. Бұрын олардың саны көп болатын, қазір құстарды баптайтын үлкен кісілердің көбі қайтты.

Жарыстар мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитеті және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бекіткен ережесіне сай өткізіледі. Ереже бойынша құсбегінің киімін, өзінің және құсының түр тұлғасын, күйін, сипатын, құсбегілік жабдықтарын, ерекшелігін бағалаудан басталады. Құсты қолға шақыру әдісі қолданылады. Одан соң, бүркіттің еркін ұшып, қолға қонуы, шырғаға салу, ителгені, қаршығаны кептерге салу кезеңі өтеді. Сайыстың соңғы күні құстардың ақтық бәсекелері өтеді. Жеңімпаздар осы кезеңде анықталады.

Қаршыға, бүркіт, ителгі жарыстары бөлек өтеді.

«Жарыстарда бірінші қаршығаларды қолға шақырады. Сосын оларды кептерге, қоянға жібереді. Осы жолы қоян ұстауға екі қаршыға өтті. Бірі шымкенттік қаршыға болды, екіншісі менің қаршығам болды. Бұларда кәдімгі спортсмендер сияқты ғой. 100 метр жерге секундомерді қосып, кімнің көрсеткіші аз болса, сол жеңетін болды. Содан менің қаршығам бір секундқа артқа қалып қалды».

Атадан тараған өнер

«Біздің аталарымыз бұрыннан құс салып өскен. Қазақтың ең жерінде саятшылықпен айналысқан. Содан атадан балаға қалған мұра саналады. Біздің есігіміздің алдынан құс кетпеген. Сол дәстүрді ары қарай жалғастырып кетеміз деген үміттемін. Алла бұйыртса, ата-баба аманатын жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Әркімнің өзі жақсы көретін нәрсесі болады ғой», — деді Алмас.

Біреуге машина ұнаса, бізге ат пен құс жақын. Өзіміздің құндылықтарымыз ұнайды. Құстарымыз отбасымыдың мүшесі болып кеткен.

«Балам, босағамыздан құс кетпесін. Бұл ата-бабымыздан қалған салт-дәстүр. Ұшырмасаңда, ұстамасаңда босағаңа байлап қой. Құсты қолдарыңнан тастамаңдар деп айтып кетті. Ертеде құстарды байлар, ақсүйектер ұстаған ғой. Тарихқа көз салсақ, Жошы ханның 3000 бүркітшісі болған ғой. Сол сияқты бізде», — деп Алмастың атасы мирас етіп айтып кеткен.

Адамда дүниеден озады. Құста ауырады, аңға түскенде жарақат алады. Дәрісін береміз, емдейміз, керек болса мал дәрігеріне барамыз. Бұның алдында менде екі құс болды, олар ұшып кетті. Қаршығалар жасы келген сайын қуланып, жұмыс жасағысы келмей, табиғатқа кеткісі келеді. Туатын кезі келгенде қаршығаларды жібере саламыз. Тез қашып кетеді. Бүркіт сияқты емес. Жылдам

Құсбегіліктің табиғатқа пайдасы қандай

«Құсбегіліктің табиғатқа пайдасы орасан зор. Біз шакал сияқты аңдарға құстарды салуға тырысамыз. Олар қырғауылдарды, түлкінің балаларын, тіпті қасқырды жеп кетеді. Бұлар тобырмен өмір сүргесін, басқада аңдардың өсіп жетілуіне кедергісін келтіреді. Аңның саны азайып жатқаны байқалады. Бұрынғыдай емес, қазір түлкі аз. Қара торғай сияқты құстар азайып кеткен. Бұлардың негізгі азықтары, тышқан жейді. Күнделікті қоян ала бермейді ғой».

Мемлекет тарапынан қолдау

«Жарыстарға баратын кезде әр облыс өз ақшасын бөледі. Бізде бүркітшілер көп. Мемлекеттік тараптан көмек болмаса, бүркітшілер өз ақшасына бара береді. Бүркіттерімізге өзіміз инвестиция жасаймыз.Керек заттарын өзіміз сатып аламыз.Жыл сайынғы жарыстардың ерекшеліктері — жаттығуларда. Кейде жаңадан жаттығулар қосылады. Жұмыстың салдарынан, шаруаның көптігінен құстарды дайындауға уақыт болмай жатады. Кейбір қарбалас сәттерде құстарды үй жақтан ұшыруға тырысамыз».

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты