Кәріс шоулары қазақстандықтарға несімен қызықты
Кәріс шоулары соңғы жылдары әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие болып, Қазақстанда да жастар арасында ерекше қызығушылық...
Жылдар бойы «Оскар» әртістердің шоқтығы биік ойынын және сюжетті әңгімелеу өнерін салтанатты марапаттау рәсімі болып саналатын Голливудтың алтын стандарты болатын. Бірақ сыншылар «Оскар» сыйлығы соңғы кезде киноиндустрия өнеріндегі бәйгеден озып келген сәйгүліктерді марапаттауды азайтып, мәдени, әлеуметтік немесе саяси күн тәртібі туралы көбірек айтатынын бетке басады.
Оскардың марапаты кезінде жеңген номинанттары қарапайым алғыс білдіретін күндер артта қалды. Бүгінде марапаттау рәсімі көбінесе саяси мәлімдемелер болып естіледі. Климаттың өзгеруі, гендерлік теңдік немесе нәсілдік әділеттілік болсын, жеңімпаздар фильмнен тыс тақырыптар туралы көбірек айтады. Фильмдер әсіресе саяси объектив арқылы көбірек қаралады — нәсілдік теңсіздік және әлеуметтік әділеттілік тағы басқалар. Кейде сарапшылар марапаттау рәсіміне кәсіби шеберліктен гөрі, саясат басым әсер етеді деп санайды.
Биыл «Анора» мен «Бруталист» арасындағы жарыс соңғы трендті қайта анықтайды. Өткен жылғы «Барби» мен «Оппенгеймер» арасындағы ең үлкен жекпе-жек поп-мәдениеттің үстемдігін көрсетсе, биылғы шайқас күш, тарих және сәйкестік немесе идентификация сияқты маңызды тақырыптардың айналасында болды. «Бруталист» фильмі « Ең үздік режиссер» номинациясын алса, «Анора»«Ең үздік фильмі» номинациясына ие болды.
Режиссер Брэди Корбеттің «Бруталист» фильмі Холокосттан аман қалған және соғыстан кейінгі Америкаға қоныс аударған венгр-еврей сәулетшісі Ласло Тоттың (Адриен Броди рөлін сомдаған) өмірін баяндайтын, үш жарым сағаттық амбицияға толы одиссея. Фильм иммигранттар өмірін сүзгісіз объективпен зерттейді. Бұл фильмде Тот идеалды кейіпкер емес, күрделі, кейде ақауы бар фигура ретінде бейнеленеді. Корбет үшін фильмнің тақырыптық салмағы оның өндірістік қиындықтарымен пара пар келеді. 9,6 миллион долларлық Оскар стандарты бойынша аз ғана бюджетке түсірілген фильм Голливудтың блокбастер үрдісіне қарсы тұрып, терең түрде талданатын жеке адамның өмірі әлі де үлкен сахнада орын ала алатынын дәлелдейді. «Бруталист» сонымен қатар бүгінгі өзгермелі мәдени ландшафттың аллегориясы ретінде қызмет етеді. Фильмнің атауы — эстетикадан гөрі функционалдылықты бірінші орынға қоятын архитектуралық ағымға немесе стильге бас иеді. Сонымен қатар американдық арманның қатал шындығына метафора ретінде қолданылады.
Корбет бала кезінен актер болып киноға түскен және кейіннен артхаустан келген болатын. Ол Ларс фон Триер және Майкл Ханеке сияқты авторлардың тәрбиесінен өткен еуропалық кинематографияда өмір жолын құрған режиссер. Оның соңғы жұмысы осы әсерді анық көрсетеді. Корбет қазіргі заман мен бұлыңғыр эммиргацияның сынын ұсынады.
Адриен Броудидің «Пианист» (2003) фильміндегі рөлі оны «Бруталист» фильміне дайындық болды деп айтса болады. Оның бұл киномен жеке байланысы — анасы Сильвия Плачи венгр босқыны болған. Сондықтан Броди өз өнерін өзінің жеке отбасы тарихынан алынған нюанстармен толықтырды. Оның нағашы атасы нағыз шығыс еуропалықтарға тән қырсықтығымен , айтқанынан қайтпайтын мінезімен Бродидің есінде қалып, сол естеліктер рөлді сомдауға көмектесті.
Өзінің кинематографиялық артықшылықтарынан басқа, «Бруталист» кең әлеуметтік-саяси климат туралы әңгімелерді тудырады деп айтсақ болады. Корбетті АҚШ-та Трамптың, Италияда Мелонидің және Францияның Rassemblement National партисының алдыңғы қатарға шығуы алаңдатады. АҚШ пен Еуропадағы әсіре оңшыл қозғалыстардың қайта жандануы қауіпті жағдай. Фильм ашық саяси мәлімдемеден аулақ болғанымен, оның тақырыптары қазіргі заманғы алаңдаушылықтармен резонанс жасайды. Голливуд уақыт өткен сайын поляризацияланған әлем дәуірде «Бруталист» тарихи күрестің көрінісі және қазіргі уақытқа түсініктеме ретінде қолданылуға тұрарлық. Бұл уақиғаны әңгімелеудің салтанаты ма, әлде Оскардың саяси көзқарасының үлгісі ме деп шешу ол сіздің шешіміңіз.
Үздіксіз пікірталастарға қарамастан, «Оскар» марапаттау рәсімі Голливудтың әлемдегі ең үлкен салтанатты мейрамы болып қала береді, бұл киноның ой мен эмоция тоғысқан күшінің көрінісі. Саясат пен мәдениет тоғысқан сайын, сұрақ әлі де туындайды: «Оскар» әлі де кинодағы сәйгүліктер туралы ма, әлде ол идеологиялық шайқастардың кезекті кезеңі ме? Жауап, әдеттегідей, ортасында бір жерде жатыр.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)