Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Гаджеттер біздің әр басқан қадамымызды аңдитыны туралы ой әсте әбестікке ұқсамауда. Бұл материалда өзіміз құрастырған техникалардың қыр-сыры мен олардан төңкеріс күтудің дұрыс-бұрысын айтамыз.
Денсаулығымызды бақылайтын қосымшалар, фитнес білезіктер және тағы сол тектес құрылғылардың пайда болуымен «Биометрия» түсінігі біздің өмірімізге тығыз ене бастады. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл адамдардың бір немесе бірнеше әрекет ерекшеліктері, яғни, үшөлшемді фотосуреттері, саусақ іздері, қолдағы тамыр суреттері,арнайы көз жанарының суреті арқылы тану жүйесі.
Биометрия технологияларға кеңінен енгізілуде, ал олар өз кезегінде, ақпаратқа және материалды обьектілерге қолжетімділікті басқару, ақпарат қорғау және тұтынушылар идентификациясы секілді көптеген салаларда пайдаланылуда.
Бүгінде, цифрландыру және ақпарат ашықтығы заманында биометрия технологияларын көптеген әлем елдері белсенді пайдалануда.
Осылайша, қай елдерде биометрия ақпараттарын ең көп жинайтыны және неге екендігі Comparitech компаниясын қызықтырған болатын.
Мамандар жеке деректерді пайдалану және қорғау бойынша 50 елді зерттеді. Әр елге сәйкес ұпай берілді (ең жоғары — 25). Ұпайы жоғары болған сайын, сол мемлекеттің биометрия деректері де қауырт жиналуда. Компания 2019 жылы мемлекеттер тізімін жариялады.
Қытай 24 ұпай жинаған. Одан кейін Пәкістан мен Малайзия — 21, АҚШ — 20. Алғашқы бестікті 19 ұпаймен Үндістан, Филиппин және Тайвань аяқтауда. Ресей бұл тізімде 16 ұпай жинаса, Қазақстан аталмыш тізімге мүлде кірмеген де.
Forbes баспасы 2019 жылы Қазақстанда қолма қол құжаттарды көрсетпей-ақ мемлекеттік қызметтерді саусақ іздері мен бет суреті арқылы алуға болатын биометрия деректерін тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылғандығын хабарлайды.
2016 жылдың соңында алғаш рет ішкі істер органдарына қазақстандықтардың, шет ел азаматтарының және елде тұрақтаған азаматтығы жоқ тұлғалардың саусақ іздерін жинауға мүмкіндік беретін «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң қабылданған болатын.
Қаржысын банктерде сақтайтын және әртүрлі банктік операцияларды жүзеге асыратын қазақстандықтар елдегі биометрияның қаржы саласында қарқынды дамып келе жатқанын білетіні анық. Бірінші несиелік бюроның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, Қазақстанда бұл технологиялар ұлттық деңгейде, коммерциялық және мемлекеттік секторда белсенді түрде дамитын болады.
Көптеген жылдар бойы құпиясөз смартфондардың аутентификациясының жалғыз сенімді әдісі болды. Біз смартфондарымыздағы биометрияны қолданудың жылдам өсуіне куә болудамыз. Бұл технология әлдеқайда ыңғайлы және оңай болып шықты.
Он жыл бұрын смартфон өндірушілер үшін бұл үлкен қиындық, ал сіз бен мен үшін мүмкін емес болса, бүгінде біз еш қиындықсыз смартфонды күніне он рет саусақ ізі немесе FaceID арқылы ашамыз.
Смартфоныңыз сіз туралы сізден де көп білетіні үйде орнатылған камералардан да қорқынышты болуда. Ең қызығы, бұған біз өзіміз рұқсат беретіндігімізде. Мысалы, қандай да бір қосымшаны орнатқанда орналасқан жерді анықтауға рұқсат береміз.
Қосымшалар мен әлеуметтік желілер сіз бірнеше сағат бұрын ғана талқылаған нәрсенің жарнамасын ұсына бастағанда қорқыныш тіпті үдейе түседі.
Google мен Facebook-тің жасанды интеллектісіне бар болғаны бір ескертпе жасасаң болғаны, сізге керектің бәрін тауып, кейін сәйкес жарнама жіберетін сияқты көрінеді. Жәй ғана Google listening us немесе Facebook listening us-ты қарап көріңіз.
Google – дың бұрынғы қызметкері Тристан Харрис Google мен Facebook-ке бізді тыңдаудың әсте қажеті де жоқ деп түсіндіреді. Өйткені олар ендігіде, бәрін зерттеп, талдап, біздің сандық аватарымызды — вуду қуыршағын құрастырып қойған.
Google – дың дизайн этикасы бойынша бұрынғы маманы Тристан Харрис технологиялық компаниялар біздің әңгімелерімізді расында құпия түрде тыңдамайтынын айтады. Олар бізді онсыз да жақсы білетіні сонша, оларға тыңдаудың әсте керегі де жоқ. Толық талқылауды мына жерден қарауға болады.
Алайда, құпия тыңдаудың болатыны анық. «Касперский лабораториясының» антивирус эксперті Виктор Чебышевтың айтуынша, біз жарнамалық модулі бар қосымшаны жүктесек болғаны, ол біздің деректерімізді үшінші тарапқа таратады екен. Сонымен қатар, смартфон қажетті жерде болған кезде микрофонды қосатын тыңшылық бағдарламалар да бар.
2018 жылы The New York Times журналисттері зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, Facebook он жылдан астам уақыт бойы, «қолданушы тәжірибесін» жақсартамыз деген сылтаумен, өзінің қолданушылары туралы ақпараттарды Apple, Samsung, Microsoft, Blackberry және басқа да елуден астам гаджет өндірушілерімен бөлісіп келген.
Белгілі болғандай, біз орнатқан қосымшалар, байланыс операторы, интернет-провайдер, деректерді беру жылдамдығы, Wi-Fi желілері мен Bluetooth құрылғылары, батарея деңгейі, жад көлемі, экрандағы терезелер мен жақын смартфондар туралы мәліметтер Facebook-ке мәлім болған.
Ал, біз қолданатын және денсаулығымыз туралы, етеккір циклі жайлы, жүрек соғысы, орналасқан жер және сол секілді ақпараттарды өз еркімізбен жүктейтін фитнес-білезіктер мен денсаулық қолдау қосымшалары ше?
Ең алдымен, 2017 жылы танымал Starva спорт қосымшасымен болған қызық оқиғадан бастайық. Құрастарушылар бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушылардың белсенділігін көрсететін жалпыға қол жетімді жылу картасын жариялайды. Бір қарағанда, ерекше ештеңе жоқ дерсіз, алайда мәселе кейінірек анықталады.
Белгілі болғандай, фитнес-гаджеттер кейбір араб және африка елдерінде айтарлықтай танымал болмаған. Трекерлерді көбінесе шетелдік әскерилер тағатын болған. Starva-ны құрастырушылар бүкіл әлемге АҚШ-тың Ауғанстан мен Сириядағы жасырын әскери орындарын, ЦРУ-дың Сомалидегі базасын және Йемендегі зениттік-зымыран кешенінің орнын ашқан.
2016 жылдан бастап АҚШ әскерінде видео немесе дыбыс жазуға, фотосуретке түсіруге немесе Wi-Fi арқылы деректерді тасымалдауға болатын жеке құрылғыларға тыйым салған екен. Обаманың «Салауатты әскер — салауатты ұлт» бағдарламасына сәйкес мемлекет бірнеше жылдан бері барлық сарбаздарды фитнес-трекерлермен қамтамасыз етіп келген.
Осылайша, елшілік қызметкерлерін, шетел қонақтарын, теңізшілерді, поляр зерттеушілерін, тіпті солтүстік Корея шенеуніктерін басқаша айтсақ, Жер планетасының кез-келген тұрғынын бақылауға болады.
2014 жылы АҚШ-тың Федералды Сауда Комиссиясы 43 танымал фитнес-қосымшалардың 20-сы жарнама берушілерге, сарапшыларға, сатушыларға, сақтандырушыларға және Google-дің еншілес компанияларына пайдаланушы туралы ақпаратты сататыны туралы деректерді анықтаған зерттеу жүргізді.
Белгілі болғандай, 70-тен астам сатып алушы аты-жөні, жынысы және жасы сияқты қарапайым мәліметтермен қоса, құпия ақпаратты да оңай біле алатын болған. Ендігіде, біздің ақпарат қауіпсіздігіміз бен деректеріміздің қайда түсетінін табу ғана қалды.
Фитнес-трекерлер мен денсаулықты және етеккір циклін бақылау қосымшалары біздің орналасқан жерімізді бақылағаннан басқа, біздің физикалық дайындығымыздың деңгейі, жүрек соғу жиілігі секілді деректерді жинап, сата алады. Бұл туралы 2019 жылғы есебінде The Wall Street Journal жазған болатын.
Аталмыш есепке сәйкес, FLO етеккірді бақылау қосымшасы пайдаланушылардың етеккірлері қашан болағандығы жөнінде Facebook-ке хабарлаған. Алайда, орнатқаннан кейін қосымшаның құпиялылық саясатының өзі бізді Google, Facebook, Twitter және бірнеше жарнама платформаларын қоса алғанда тоғыз түрлі компанияға деректер берілуі мүмкін екенін ескертеді. Ал, біз бұны оқып жүрміз бе?
BestVPN.com-ның құпиялылық жөніндегі сарапшысы Рэй Уолштың айтуынша, денсаулығымыз туралы осындай маңызды мәліметтер сақтандыру компанияларына сатылған жағдайда біздің ақпарат қауіпсіздігімізден гөрі қымбатқа түсуі мүмкін. Яғни, бұл деректер адамның өмірді сақтандыруға құқылы екендігін немесе сақтандырушыларға қауіп төндіретінін анықтауға пайдаланылуы мүмкін.
OpenVPN құпиялылық компаниясының бас директоры Фрэнсис Динья бұл тәжірибенің толық заңды болып саналатынын атап өтті. Әдетте, олардың әрекеттері осы платформалардың қызмет көрсету және құпиялылық саясатында айқын көрсетіледі.
Мұның бәрі қаншалықты қорқынышты көрінсе де, біз өзіміз қолданушы келісімінің шарттарын қабылдау немесе смартфонға FaceID, TouchID орнату арқылы деректер мен биометрияны жинауға рұқсат береміз.
Есіңізде болсын, әрбір қосымшаға құрылғыны пайдалануға шексіз рұқсат бергендей қарау қажет. Лицензиялы қосымшалардан басқалары еш зиянсыз болып көріне тұра, алдау арқылы қажетсіз әрекеттер жасатуы мүмкін.
Құрастырушылар тізімінде «Root құқықтар», «Wi-Fi үдеткіші», «батареяны үнемдеу» сияқты күдікті қосымшалардың бар-жоғына назар аударған жөн.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)