«Мен жастарды партнерлық тең отбасы құруға үгіттеймін»: қаржылық коуч Роза Аширбаева Қазақстандағы қоғамдық мәселелер жайында

11 минут Жулдыз Актаулова
Альтернативный текст

Роза Аширбаева — қаржылық коуч, бизнес-тренер, кәсіпкер және кәсіби ментор. Алайда оған тек қаржылық тәлімгерлік үшін ғана емес, отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша да жүгінеді. STEPPE редакциясы Розамен қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын қаржылық сауаттылық және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайында әңгіме өрбітті.


— Қаржылық коучтың негізгі ісі не және ол қандай сұраныстармен жұмыс істейді? 

— Қаржылық коуч жалпы кез келген адамға өз қаржысын басқару мақсатында жұмыс жасайды. Қаржылық мақсаттарға жету, стратегия құру, кіріс, шығыс дұрыс есептеу, жоспарлау, мақсаттарға жету жолында шығынсыз немесе аз шығынмен табысын арттыру. Ал мен кәсіпкерлермен жұмыс жасаймын. Жаңаша терминмен айтқанда трекермін.

— Қаржылық коуч ретінде жұмысыңызды қалай бастадыңыз?

— Маған қаржыгер ретінде сұраныс көп келеді — кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан. Сұраныс болғандықтан, коучинг ең тиімді шешім деп ойладым. Осы сала бойынша білімімді арттырып, кәсіби коуч атандым. 

Қаржылық мақсаттарға жету бойынша сұраныстар көп болғандықтан, жұмыс барысында кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылыққа қатысты ақпараттарға дұрыс мән бермейтінін байқадым. Осылайша, кәсіпкерлерге қаржылық сауаттылық бойынша жеке консультация бере бастадым. 

— Қазір қаржылық сауаттылық мәселесі қаншалықты өзекті?

— Қоғамда бұл қазір өте өзекті мәселе болып тұр.

Басым көпшілікте қаржылай сауат жоқ деседе болады. Ең басты көрсеткіш — көпшіліктің кредит көп алуы.

Мысалы, 2022 жылдың санақ көрсеткішіне сүйенсек жеке тұлғалардың кредит қарызы 12,7 трлн теңге құраған. Бұл жеке тұлғалардың қаржылай алған кредиттері. Ал бұған қосымша ипотека, автокөлік кредиттеу қызметіндегі қарызды да қосыңыз. 

Сонымен қатар, лудомания қазір қоғамдағы үлкен дерт. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы санақ көрсеткіші бойынша азарт ойындарға кеткен қаржы 138,8 млрд теңгені құраған. Демек осыншама ақша ойынға салынған. 

Және тағы бір мәселе гендерлік экономиканың жоқтығы. Бұл дегеніміз сауаты ашық, білімі бар әйелдердің басшылық қызметте аздығы, әйелдердің жұмысы ақталмайтындығында. Кеңес өкіметі кезеңінде әйелдерге еңбекақысы жоғары арнайы бір салаларда жұмыс жасауға тыйым салынған болатын. Қазір ол жоқ. Бірақ әйелдер бұл ақпаратты біле бермейді, сондықтан ерлерден аз ақша табады.

Әйелдер білімді, сауатты бола тұра, жұмыс істемейді. Себебі еңбек нарығында әйелдердің теңсіздігі белең алған. Үй шаруасы, қосымша қызметтік жұмыстар бағаланбайды. 

— Халық қаржылық сауатты болуды неден бастап үйренгені жөн?

— Ең бастысы, өз табысыңыды дұрыс санау мен оны ұлғайтудан сауатты болуы шарт. Тауып жатқан табыс пен шыққан шығыстың айырмашылығын сезіну. Адекватты түрде бағыт бағдар алып, мақсат қоя білу керек. Стратегия былай құрылу керек: табыс тауып үйрену, дұрыс жарата алу, қаражатты басқару және көбейтуді ойлау.

— Сіз тек қаржылық сұрақтармен ғана емес, бизнес-тренингпен де айналысатыныңыз белгілі. Жаңадан бизнес бастағанда мотивацияны қалай жоғалтпауға болады?

— Жалпы мотивация бірде болады, бірде болмайды, ол — қалыпты жағдай. Мотивацияның кейде болмауы да қалыпты. Ең басты мәселе сіз қойған миссия мен мақсатқа байланысты. Кәсіппен не үшін айналысып жүрсіз? Миссияңыз қандай? Мақсатыңыз ше? 

Аталған нақты миссияңыз сізге ұнауы керек және ол сізді әрқашан алға жетелеп тұруы керек. Кәсіппен айналысқанда, сізге ұнайтын кәсіп түрі нарықтағы сұранысты жаба алуы керек. 

Кәсіпкердің басты мақсаты — сұранысқа сай ұсыныс беру. Және де бұл ұсыныс кәсіпкердің өзіне өте қызық болуы керек. Ал егер тек табыс табамын, қаражатымды арттырамын деген ғана мақсат болса, бір күні жалығып, кәсіппен айналысуға мотивация қалмай қалады. Мотивация кетпес үшін, кәсіп бастар алдындағы мақсат пен миссияңызды еске түсіріп тұру керек. Не үшін кәсіппен айналысып жүрмін деп өзіңізге сұрақ қойғанда, мотивация өздігінен пайда болады. 

— Қарым-қатынас және жеке даму мәселелері бойынша жиі жүгінетіндер де бар екен. Олардың арасында қандай сұраныстар жиі кездеседі? Бүгінгі қоғамда қандай өткір мәселелерді көресіз?

— Қоғамдағы үлкен мәселелердің бірі — дұрыс коммуникация құра алмау. Мен қарым-қатынас жайлы ақылы консультация бермеймін. Қарым-қатынас жайлы өз блогымда, тікелей эфирлерімді ақысыз-ақ айтып жүрмін. Негізінде қарым-қатынас құра алмаудың нәтижесінде қаржы да болмайды. Есіңізге түсіріңіз, ақша айналымынан бұрын алмасу болған, яғни адамдар ақшаны ойлап таппаған заманда бір-бірімен келісіп тауар алмасқан. Сенің өз тауарыңды қаншалықты тиімді алмастыра алуың сенің коммуникация құра алуыңа тікелей байланысты. Қазіргі кезде де бұл заңдылық жоғалып кеткен жоқ, сен қаншалықты сапалы коммуникация құра алуың соншалықты ақшаңа әсер етеді.

Қазіргі таңда қаржыдан бөлек мені мазалайтын проблемалардың бірі — әйел адамның қоғамдағы, отбасыдағы ролі. Патриархалдық идеологияның басымдылығы әйелдің ақшасына тікелей кері әсерін тигізеді.

Қазақстанда магистр, доктор және профессорлардың арасында әйелдер көп, бірақ жұмыс істейтін әйелдер әлдеқайда аз.

Сұрақ: білімді қыздар қайда жоғалып жатыр? Олар алған білімін, потенциалын қайда салып жатыр? Айтпасам да әрбіріңіз біліп отырсыздар, әйелдер жұмыс істемей, ақша таппай үйде отырады. Патриархалдық қоғамда әйелдің құқығы әлсіз, ол тек ақша табу арқылы ғана өзін қауіпсіз сезінен алады. Бұл тақырыпты қозғай берсең түбі көрінбейді. 

— Сізге жас қыздар түрлі мәселелерге байланысты сұрақтармен жиі келетін сияқты. Оларды көбіне не мазалайды? Оларға жиі қандай кеңес бересіз?

— Ең көп келетін сұрақтарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бір топ қыз тұрмыс құрмаймын, біреудің үйінің тірлігін жасағым келмейді десе, екінші топ қалай ұнаған жігіттке тұрмысқа шықсам деген сұрақ. 

Екі топтық қыздарына да айтарым бір нәрсе: білім ал, өзіңді өзің жетілдір, тәрбиеле, қаржы жағынан өсуді ойла деймін. Ешкімге қаржылай да психологиялық та тәуелді болмай, өз жолын тап деп айтамын. Өз жолыңды табу, тәуесіз болу — тұрмысқа шықпа деген сөз емес. Мен жастарды партнерлық тең отбасы құруға үгіттеймін. 

— Жастарды тәрбиелеудегі қандай мәселелерді көресіз?

— Тәрбие отбасыдан басталады және орта машықтандырады. Жастарға тәрбие беру емес, үлгі болуды ұстанамын. Бала бәрібір ата-ананы қайталайды. Оларға үлгі болатын мысал ситуациялар, шешімдер, таңдаулар жасаған сайын балада арнайы білім пайда болып, қоғамда өз орнын табуға септігін тигізеді деп есептеймін. 

Мектеп қабырғасынан балаларға қаржылық сауаттылықты және жыныстық тәрбиені сауатты үйретсе, еліміздің экономикасы жоғары, азаматтардың елімізде өзін қауіпсіз сезіну көрсеткіші жоғары болар еді.

— Сіз баланың ата-анадан сепарациясы қаншалықты маңызды екендігі туралы жиі айтасыз. Қазақстандағы балалардың ата-анасынан сепарациялануы жағдайын бағалап кетесіз бе? Мүмкін болса, ұлдар мен қыздардың сепарация процесін салыстыра кетсеңіз.

— Бізде сепарация өте ұзақ әрі күрделі түрде іске асады. Бала 18-ге толғанда бөлек шығуды жөн санаймын. Неғұрлым қоғамда белсенді түрде араласқан сайын, соғұрлым ол өзіне жауапкершілік алуды ойлайды. Жауапкершілік деп, бірден салқ еткізе салу емес, алдын ала дайындау керек, әрине. 18 жасқа дейін ата-ана бар білімін, тәжірибесін береді. Баланы қыз ұл деп емес, жеке тұлға ретінде қарастырған дұрысырақ меніңше. Кім болса да, жауапкершілік бәріне бірдей және тең беріледі. Тек аражігін ажырату маңызды.

Статьи STEPPE

Қазақстандық стартаптар психикалық проблемалары бар адамдарға қалай көмектеседі?

Қазақстандағы психикалық денсаулықтың әл-ауқатына байланысты маманданған технология индустриясы бүгінде белсенді түрде дамып келеді.

13 минут
13 минут

Қазақ тіліне аударудағы негізгі бес қиындық

Аударма жұмысы қажырлылық пен шыдамдылықты талап ететін күрделі ой еңбегі.

11 минут
11 минут
Партнерский

Ұлы Абай тілімен махаббат жайлы — Ninety One & Raffaello музыкалық коллаборациясы

Осы көктемде махаббат сөзіне арналған Raffaello шектеулі топтамасының шығуына орай бренд әдемі әрі шынымен де маңызды — ерекше нәрсе жасауды ұйғарды.

2 минуты
2 минуты

Таныс болайық! Tentek: шағын, бірақ батыл баспа үйі

Tentek Publishing House баспа үйінің негізін қалаушы және бас редакторы Малика Кохан баспа үйінің ашылуы, өзінің балалар әдебиетіне деген сүйіспеншілігі және шығармашылық жолын енді бастаған авторлар мен баспагерлерді қолдаудың маңызы туралы айтып берді.

19 минут
19 минут