ҚҚС-тың 12%-дан 20%-ға өсуі: бизнес пен қоғамға әсері қандай?

2 минуты Дана Бақытжан
ҚҚС-тың 12%-дан 20%-ға өсуі: бизнес пен қоғамға әсері қандай?

Сарапшылар дабыл қағуда STEPPE Finance негізін қалаушысы Арман Құсайынов пен қаржы сарапшылары бұл шешімнің пайдасынан гөрі қаупі көбірек екенін айтады. Қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 20%-ға көтерілуі кәсіпкерлер үшін – шығындардың артуы, қаржылық үзілістерге ұшырау, ал қарапайым халық үшін – тауарлар мен қызметтердің қымбаттауын білдіре ме?


ҚҚС-ның көтерілуі шағын бизнеске ауыртпалық артты ма?

Бұл өзгеріс әсіресе шағын бизнеске қиындық туғызады. Көптеген кәсіпкерлер ҚҚС төлеуден қашу үшін бизнестерін бірнеше ұсақ компанияларға бөлуі немесе заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл көлеңкелі экономиканың ұлғаюына алып келіп, мемлекеттің салықтық түсімдерден үмітін азайтады. Нәтижесінде, заңды кәсіпорындар салықтық бақылаудың күшеюінен зардап шегеді, ал салық жүктемесінен құтылудың жолын тапқандар көлеңкелі нарыққа көшеді.

Жаңа талаптар шағын кәсіпорындарға қосымша әкімшілік жүктеме артады. Салықтық есептілікті жүргізу қиындап, бухгалтерлік міндеттер күрделене түседі. Шағын кәсіпкерлер үшін салық төлеу мен есеп беру қиынға соғып, олардың біразы заңсыз жұмыс істеуге көшеді. Бұл мемлекеттік бақылаудың әлсіреуіне және салық түсімдерінің күтілген деңгейге жетпеуіне себеп болуы мүмкін.

ҚҚС-тың көтерілуі өндіріс шығындарының артуына және бизнес шығыстарының көбеюіне әкеледі. Бағаны көтерсе – тұтынушылар азаяды, ал бұрынғы деңгейде ұстаса – пайдасы төмендейді. Әсіресе қазақстандық өнімдердің көрші елдердегі тауарлармен салыстырғанда қымбаттауы отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Оң өзгерістер болуы мүмкін бе?

Дегенмен, кейбір оң өзгерістер де болуы мүмкін. Салықтық бақылаудың күшеюі бизнесті автоматтандыруға итермелеп, заңды кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікті арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, қаржылық консалтинг пен салықтық кеңес беру қызметтеріне сұраныс көбейіп, нарықтағы ашықтық жоғарылауы ықтимал. Бірақ бұл оң үрдістердің көрінуі үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары қажет.

Қарапайым халық үшін қандай өзгерістер болмақ?

ҚҚС-тың көтерілуі бөлшек сауда, көлік, құрылыс және қоғамдық тамақтану салаларында бағаның күрт өсуіне себеп болуы мүмкін. Бұл халықтың күнделікті шығындарының артуына әкеліп, олардың сатып алу қабілетін төмендетеді. Әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін бұл ауыр соққы болмақ.

Экономикалық тұрақтылық: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?

Бұл өзгерістің экономикалық тұрақтылыққа ықпал етуі екіұшты мәселе. Егер үкімет салықтық түсімдерді тиімді пайдалана алмаса, шағын және орта кәсіпкерліктің әлсіреуі жалпы экономиканың баяулауына әкелуі мүмкін. Керісінше, егер бұл қаражат инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларына дұрыс бөлінсе, ұзақ мерзімді перспективада халыққа пайдасын тигізуі мүмкін. Бірақ басты мәселе – салықтың көтерілуі қысқа мерзімде кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтарға ауыр тиетіндігі.

Жалпы алғанда, ҚҚС-тың көтерілуі экономиканың барлық саласына әсер етеді. Бизнестің салық жүктемесі артып, кейбір кәсіпорындар жабылуға мәжбүр болуы мүмкін. Ал халық үшін баға өсімі мен табыстың төмендеуі қиындық тудырады. Сарапшылардың пікірінше, салық жүйесін жақсартудың ең тиімді жолы – салық базасын кеңейту, көлеңкелі экономиканы азайту және салықтық бақылауды оңтайландыру. Осы өзгерістер жүзеге аспайынша, жаңа салық реформасы қоғам үшін ауыр сынақ болуы ықтимал.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Кәріс шоулары қазақстандықтарға несімен қызықты

Кәріс шоулары қазақстандықтарға несімен қызықты

Кәріс шоулары соңғы жылдары әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие болып, Қазақстанда да жастар арасында ерекше қызығушылық...

5 минут
5 минут
6 заманауи қазақ ақыны: täuel[x]sız арт-жоба аясында өзекті мәселелерді поэзия арқылы көтеру

6 заманауи қазақ ақыны: täuel[x]sız арт-жоба аясында өзекті мәселелерді поэзия арқылы көтеру

täuel[x]sız — поэзия мен заманауи өнерді ұштастыратын арт-жоба аясында өткен JERGE TABYN ADAM ENDI қорытынды кешінде...

3 минуты
3 минуты
Қазақстанның жазу тарихы: ежелгі түркі жазуларынан латын әліпбиіне дейін

Қазақстанның жазу тарихы: ежелгі түркі жазуларынан латын әліпбиіне дейін

Қазақстанда жазу бірнеше дәуір мен реформаларды бастан өткерді: ежелгі түркі жазуларынан бастап ХХІ ғасырдағы латын әліпбиіне...

5 минут
5 минут
Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты