Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты

7 минут Сандугаш Бейсенбекова
Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты

Бүкіл әлемнің назары биыл 13-24 мамырда өтетін 78-ші Канн кинофестиваліне ауғанымен, осы аптада Миланда шығармашылық индустрияның тағы бір маңызды оқиғасы өтуде. Бұл әлемдік интерьер дизайнының ең беделді алаңы саналатын Salone del Mobile көрмесінің 63-ші мерекесі.


Канн-ның сиқырлы әлемі бәрімізді өзіне баурап алуы мүмкін. Кино — әмбебап тіл, ол жүректерге жетіп, бізді күнделікті күйбең тіршіліктен алшақтатып ғажайып сезімге толтырады. Бірақ күннің соңында біз шынайы өмірге ораламыз — айналамыздағы кеңістікке, өзімізді жайлы сезінетін орындарға. Интерьер дизайны тек әсемдік қана емес, ол біздің өміріміздің ырғағын, шығармашылығымызды, өнімділігімізді және көңіл-күйімізді қалыптастыратын кеңістік.

Интерьерная выставка. Salone del Mobile, интерьер, конкурс интерьера, участие казахстана на выставке в италии.

Бүгінде жасанды интеллект, виртуалды және аугументтік өмір дәуірінде тактильді сезімнің, қолмен ұстап денеңмен сезіне білу маңызы арта түсті. Мата, ағаш, мәрмәр секілді материалдардың табиғи жылулығы бізді экрандарға байланған әлемнен шығарып, шынайылықты сезінуге мүмкіндік береді. Сол себепті де Salone del Mobile көрмесіне киноиндустрияның ең мықтылары биыл дене және сезіну тақырыбына көп оралуда.

Биыл көрменің басты қонағы хедлайнер — әйгілі режиссер Паоло Соррентино. Ол «Күту» тақырыбын ұсына отырып, бізді асығыс тіршіліктен гөрі, өмірдің әр сәтінен ләззат алуға шақырады. Өйткені дизайн да, өмір де тек соңғы нәтижеге емес, бізді қоршаған кеңістіктің бізге қандай әсер ететініне байланысты.

Қазақстанның қатысуы және жаңа мүмкіндіктер

Алайда эстетика мен философиядан бөлек, тағы бір маңызды мәселе бар — ол өзіңді көрсете білу. Биыл Қазақстан үкіметі креативтік индустрияны қолдауға арналған арнайы бағдарлама іске қосқандықтан, әлемдегі ең беделді дизайн көрмелеріне қатысу — жай ғана имидждік қадам емес. Бұл — отандық қолөнершілер мен өндірушілерге жаңа нарықтарға жол ашудың мүмкіндігі. Дегенмен, Salone del Mobile-ге қатысып отырған 2100 компанияның ішінде бірде-бір қазақстандық брендтің болмауы өкінішті. Бұл үрдісті өзгерту қажет.

Жақсы жаңалық — алғашқы қадам жасалды. Salone del Mobile көрмесі Milan Design Week-тің маңызды бөлігі болып табылады және бұл жерде көріну мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Биыл Қазақстан да өз орнын қадап тұрып белгілеуде. Асель Нусупқожанова мен Аида Адильбековп бастаған DUNIE design компаниясы Alcova-мен бірлесіп 2025 өз инсталяциясын Миланның қақ ортасында құрды. Милан дизайн апталығының инновациялық платформаларының бірі саналатын Alcova биыл Villa Bagatti Valsecchi-де өтеді.

Бұл — еліміздің дизайнерлері мен өндірушілері жаһандық трендтерді тек бақылап қана қоймай, оларды қалыптастыра алатынын көрсететін маңызды қадам. Бір күні қазақ шеберлері: «Біз алыптардың иығында тұрмыз, енді 64-ші Salone del Mobile көрмесінде өз орнымызды аламыз». — деп айтатынына сенеміз.

Айтып кететін жайт, бұл жобада ши мен текеметті тоқуда кем дегенде 25 адам қатысқан. Асель Нусупхожанова мен Аида Адильбек идея авторлары болса, техникалық орындаушылары немесе продукт дизайнерлері Гүлжахан Унгарова мен Айгүл Қырықбаева  қолөнер және көркемсурет шеберлері. Гүлжахан ханым Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі және 20 жылдан астам тәжербиесі бар хас маман. Күзем жүн инсталяциясы  текемет пен шиден тұрады. Ені 4.6 метр, ұзындығы 4.60 текеметті асар жасап шығармашылық топ 1 күнде бітірген. Әдетте бұндай жұмысты кем дегенде 10 күн жасайды. Гүлжахан тапсырысты тез орындау үшін 25 шәкірттерін жобаға қатыстырған. Наурыз мейрамы қарсаңында жасалған жоба барысында наурыз көже пісіріліп, бауырсақ берілген. Сондықтан Гүлжахан ханым үшін ол тек өнер жобасы ғана емес, татулық пен ауызбіршіліктің көрсеткіші болды. Бұл жерде киіз басу мен аппликация техникалары қолданылған.

Бұл — бастама ғана. Бірақ ең бастысы — біз енді осы кеңістікте бар екенімізді көрсету.

Интерьерная выставка. Salone del Mobile, интерьер, конкурс интерьера, участие казахстана на выставке в италии.
Интерьерная выставка. Salone del Mobile, интерьер, конкурс интерьера, участие казахстана на выставке в италии.
Интерьерная выставка. Salone del Mobile, интерьер, конкурс интерьера, участие казахстана на выставке в италии.
Интерьерная выставка. Salone del Mobile, интерьер, конкурс интерьера, участие казахстана на выставке в италии.

«La Dolce Attesa: Паоло Соррентино уақытты тоқтатып, күту өнерін жаңа эстетикаға айналдырды»

Паоло Соррентиноның шығармашылығы — бұл итальяндық киноның шоқтығы биік шыңы. Оның фильмдері — нағыз кино поэзиясы, ал оның режиссерлік стилі — еуропалық кинематографтың ең үздік дәстүрлерінің заманауи көрінісі. Паоло Соррентино жай ғана оқиғаны баяндап қоймайды — ол оқиғаны уақыттың ішінде тоқтатып қояды. 2025 жылғы Salone de Mobile көрмесіне арналған La dolce attesa инсталляциясында Оскар иегері Паоло Сорентино күту сәтін өнерге, тәжірибеге, тіпті сана күйіне айналдырады. Сценограф Маргерита Палли мен дыбыс дизайнері Макс Казаччидің қолдауымен жасалған бұл жоба күтудің мазасыз күйін жоққа шығарып, оны мүлдем жаңа нәрсеге айналдырады — өткел, ауысу, үнсіз өзгеру уақыты.

Себебі күту — бұл жай ғана тоқтап қалу емес. Ол — көзқарасты өзгерту, белгісіздікке қарай еңкею, жүгірусіз ұмтылу. Бір күту бар — мазасыз, жүйкесі жұқарған, уақыт тоқтап қалғандай көрінетін. Ал Соррентиноның түсінігіндегі күту — бұл ой салатын, жерге ұрық себетін, баяу, бірақ қажетті процесс. Ойды, өзгерісті, қабылдауды тудыратын кеңістік. Хаос — ішкі және сыртқы — бір сәтте адам танитын нәрсеге айналатын уақыт. Өз сәті келгенде.

La dolce attesa-да Соррентино стерильді, жансыз күту бөлмелеріне қарсы шығады. Суық шамдар, қатты орындықтар, адамды тек санға айналдыратын экрандар — бұл жерде оларға орын жоқ. Оның орнына, ол сізді орайтын, еркіндікке жіберетін кеңістік жасайды. Гипнозға ұқсас саяхат, дауыл алдындағы тыныштық. Күту жаңа мағынаға ие болады.

Әдеттегі күту бөлмесі кинематографиялық кеңістікке айналады. Енді ол күту үшін ғана емес, саяхат үшін. Бос кеңістік емес, салмақсыз уақыт. Балалық шақтың жұмсақ қозғалыстарын еске салатын, құндақ тәрізді креслолар қатты орындықтардың орнын басады. Адамдардың жүздері жылы, күлімсіреген. Қызметкерлер жай ғана жұмысын істеп қоймайды — олар сендіреді, тыныштық сыйлайды. Ал ортасында, шынының артында, көрінер-көрінбес жерде — ең басты символ — жүрек соғып тұр.

Жылдамдық пен «бәрін дәл қазір алғымыз келеді» дәуірінде La dolce attesa — уақытқа құрмет көрсетудің бір көрінісі. Ол бізді тоқтауға, үзілісті сезінуге, уақыттың қадірін түсінуге шақырады. Өйткені күту — бұл бос кеңістік емес, өмірдің бір бөлігі.

Күту — бұл уақыт тоқтап қалған кеңістік болса, онда дыбыс оны толтырып қана қоймай, оның ырғағын да белгілей алады. Осы мақсатта Паоло Соррентино Макс Казаччиге өзіне тән акустикалық матаны жасауға сенім артты — бұл ырғақты белгілеумен қатар, кеңістікке сіңіп кететін нәзік, бірақ қарқынды соққы.

Макс Казаччи — музыкант, продюсер және дыбыс инженері, Италиядағы ең ықпалды музыкалық топтардың бірі Subsonica-ның негізін қалаушы және гитарист. Оның дыбысты зерттеу әдістері дәстүрлі музыканың шекарасынан шығып, қоршаған ортаның әуенін композицияға айналдыруға бағытталған. Жақында ол әйгілі суретші Микеланджело Пистолеттомен жұмыс істеп, Watermemories жобасы аясында Биелладағы судың дыбысын музыкаға айналдырды. Ол сондай-ақ Италиядағы ең маңызды рок фестивальдерінің бірі Traffic Torino Free Festival-дің арт-директоры болды және Italian Music Award-пен MTV Europe Music Award секілді беделді марапаттарға ие.

La dolce attesa инсталляциясы үшін Казаччи жасаған саундтрек — бұл кеңістікті толтыратын, кеңейіп, жиырылатын дыбыс толқыны, дәл күту сәтіндей. Музыкант ерекше акустикалық пейзаж құрап, оны күту сиқыры мен шиеленісі арқылы жеткізеді:

«Музыкалық аспапсыз музыка. Мұнда тек теңіздің дыбысы, орманның сыбыры, желдің тынысы мен кристалдай мөлдір әуен ғана бар. Бұл — уақыттың ырғағын тынысын және әуенін жеткізу»

Күту — үнсіздік емес. Ол ішкі ырғақ, ол тереңде бүлкілдеп, байқалмай өтеді. Осы гипнозға толы сапарда Казаччидің дыбысы уақыттың жасырын соғысына айналып, бізге күтуге тың құлақ, жаңа жүрекпен қарауды үйретеді.

Villa Héritage және La Dolce Attesa: Кинематографиялық сұлулық пен дизайн шеберлігі түйіскен мекен — SaloneDel Mobile 2025

Биылғы Salone del Mobile көрмесінің өзегі тек жиһаз ғана емес — бұл сезім туралы. 13 және 15-павильондарда аты аңызға айналған француз сәулетшісі, Нью-Йорктегі Waldorf Astoria қонақ үйінің интерьер дизайны авторы Пьер-Ив Рошон өзінің Villa Héritage немесе Вилла Мұрасы атты интерьер шедеврін ұсынады. Бұл жоба — шоурумға емесВисконти фильмінің сахнасына кіріп кеткендей әсер қалдырады. XIX ғасырдағы италияндық қысқы бақтардан шабыт алған бұл барлық сезімді баурап алатын инсталляция — өткен мен болашақтың, өнер мен қолөнердің, эксклюзив пен қолжетімділіктің поэтикалық түйісуі. Қырық дизайн студиясы бірлесіп, люкс талғампаздығын заманауи классиканы батыл қайта пайымдау арқылы дүниеге әкелді.

Рошонның айтуы бойынша: «Мұра — бұл шектеу емес, бұл еркіндіктің бастауы». Бұл еркіндікті инсталяцияға кірген сәттен терракота мен тастан жасалған кіреберістен бастапбастап сезінесіз. 

Әр бөлменің өз жаны бар. Қызыл бөлмедегі Мария Калласкиген көйлек, Массимо Листридің сәулеттік фотосуреттерісән салтанатына шомылдырады. Көк асхана — сауда жолдарының сән-салтанаты мен шығыс стиліндегі Chinoiserie бағытының үндестігі. Қою көк бүлдірген түсті кітапхана — естелік, техника және білімнің ғибадатханасы, Каллас-Висконти мұрасымен безендірілген. Айна бөлмесі — шексіз шағылысулардан тұратын арман тізбегі іспетті, ал Ақ жатын бөлме — Висконтидің «Венецияда өлім» фильміне сілтеме жасай отырып, Малердің музыкасы мен фарфордай нәзік жарыққа толы.

Алайда Музыка бөлмесінде Villa Héritage өзінің рухани шарықтау шегіне жетеді. Пантеон күмбезінің фотосыастында орналасқан Alpange роялі — акустикалық жүрегі бар технологиялық керемет — бөлмені Энн Ловетт пен Майкл Дженнингс дайындаған дыбыстық композициялармен толтырады. Эми Тайдың өнері, жылы түстер мен тірі музыканың сиқыры бұл кеңістікті нағыз сезім ғибадатханасына айналдырады. Salone 2025 көрмесінде дизайн — тағдырға айналады. Villa Héritage пен La dolce attesa арқылы бір нәрсе анық: болашақтағы сән-салтанат заттарда емес, сезімде.

Статьи STEPPE

«Әртіс боламын деп ойламадым»: ALPHA тобының мүшесі қалай өнерге келді?

«Әртіс боламын деп ойламадым»: ALPHA тобының мүшесі қалай өнерге келді?

Бүгінгі кейіпкеріміз — DARK — Амангелді Дарын Сабыржанұлы — ALPHA тобының мүшесі. 2002 жылы туған. Шымкент қаласында дүниеге...

3 минуты
3 минуты
Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Бүгінде фриланс — еркіндік пен икемділікке негізделген жұмыс формасы. Алайда тұрақты табыс көзі мен әлеуметтік кепілдіктердің...

12 минут
12 минут
Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Альфа — грек әліпбиінің алғашқы әрпі. Альфа болу бүкіл саладан бәрінен мықты болып шығу деген сөз емес, бұл өз өміріңде өзің...

9 минут
9 минут
Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі. Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде,...

3 минуты
3 минуты