6 заманауи қазақ ақыны: täuel[x]sız арт-жоба аясында өзекті мәселелерді поэзия арқылы көтеру
täuel[x]sız — поэзия мен заманауи өнерді ұштастыратын арт-жоба аясында өткен JERGE TABYN ADAM ENDI қорытынды кешінде...
Кәріс шоулары соңғы жылдары әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие болып, Қазақстанда да жастар арасында ерекше қызығушылық тудыруда. Бұл шоулардың шынайы, эмоцияға толы сюжеттері мен шығармашылық форматтары көрермендерді өзіне баурайды. Бірақ, неліктен дәл осы кәріс шоулары қазақстандықтар үшін ерекше тартымды?
Кәріс мәдениеті соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазақстанда да бұл үрдіс белсенді түрде дамып келеді. K-pop музыкасынан бастап, кәріс дорамасы мен сәнге дейінгі барлық сала қазақстандықтардың назарын аудартты. Алайда, ерекше сұранысқа ие болған тағы бір аспект — кәріс реалити-шоулары. Бұл шоулардың қазақстандықтар үшін неге тартымды екенін түсіну үшін, олардың мәдениеті мен өнерінің қырларына тереңірек үңілу қажет.
Кәріс шоулары — бұл айдолдар мен танымал жұлдыздардың, қарапайым танымал емес адамдардың да қатысуымен түсірілетін арнайы бағдарламалар. Бұл шоулар музыкалық, реалити немесе түрлі байқаулар форматында болуы мүмкін.
Қазақстанда жастар тек кәріс әндерін тыңдап қана қоймай, айдолдармен бірге шоу бағдарламаларына қатысып, пікір алмасып, фан-культураға белсене араласа бастады. Айдолдар — бұл кәріс поп-мәдениетінің жұлдыздары, олар ұзақ уақыт бойы дайындалып, өнер көрсететін танымал тұлғалар. Бұл шоулар олардың жеке өмірі мен кәсіби шеберліктерін көрсететін танымал бағдарламалар болып табылады.
Қазақстандық көрермендер үшін кәріс шоуларының тартымдылығы көп қырлы. Біріншіден, екі халықтың менталитетіндегі ұқсастықтар кәріс мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қазақтар мен кәрістердің отбасыға деген құрметі, бір-біріне деген адалдығы мен қонақжайлығы көрермендерге жақын. Адамдардың арасындағы қарым-қатынастар, олардың арасындағы сезімдер мен эмоциялар өте шынайы және кейде күрделі болады, сондықтан көрермендер осы сәттермен толықтай байланысып, әсер алуы мүмкін.
Екіншіден, екі халықтың қоғамдық қарым-қатынастарға деген көзқарасы да ұқсас. Қазақтар мен кәрістер достық пен әлеуметтік байланыстарды жоғары бағалайды. Кәріс шоуларында адамдардың бір-біріне деген құрметі, сенімі мен достық байланыстары ерекше орын алады, бұл қазақстандықтарға да таныс және жақын. Көрермендер мұндай қарым-қатынастарды көріп, өздерінің өмірдегі әлеуметтік құндылықтарымен салыстырып, одан ерекшеліктерін өздеріне алады.
Үшіншіден, екі елдің де еңбекқорлық пен табандылыққа деген көзқарасы ұқсас. Қазақстан мен Кореяда адамдар табысқа жету үшін көп еңбек етуге, қиындықтарды жеңуге дайын. Кәріс шоуларында адамдардың еңбекқорлығы мен табандылығы айқын көрініс табады, бұл әсіресе түрлі реалити-шоулар мен байқауларда байқалады. Қазақстандық көрермендер осындай бағдарламалардан мотивация алып, өздерінің өмірінде де табанды болуға ұмтылады.
Мысалы, Running Man,Single’s Inferno, I Can See Your Voice сияқты шоулар жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ өзге елдерде бұл шоулардың франшизасын сатып алып жатты.
Қазақстандықтар арасында кеңінен танылған 8 кәріс шоулары:
Running Man. Танымал айдолдар мен актерлер қатысатын әртүрлі миссияларды орындап, бір-бірімен жарысады. Бұл бағдарлама түрлі қызықты тапсырмалар мен креативті ойындарды қамтиды, олар қатысушылардың физикалық қабілеттері мен жылдамдығын көрсетеді. Шоудың әзілге толы атмосферасы көп көрермендерді өзіне тартады.
Knowing Brothers — 2015 жылы жарық көрген бұл шоуда жанры комедия аралас ток-шоу. Бұл шоу мектеп форматында өтеді. Қонақтар «мектепке ауысып келген жаңа оқушылар» рөлінде келіп, әр актер немесе айдол өзін жаңадан таныстырады. Жүргізушілер түрлі ойындар арқылы қонақтардың құпияларын білуге тырысады.
King of Masked Singer. Музыкалық сайыспен өтетін шоу осыдан 2015 жылы жарық көрген. Ал бұл шоуда әншілер бетперде киіп, дауыстары арқылы ғана өз таланттарын көрсетеді. Көрермендер мен төрешілер олардың кім екенін білмейді.Бұл шоуға дәлме дәл ұқсас Қазақстанда 2021 жылы жарық көрген.
Single’s Inferno. Бұл шоудың 1 маусымы 2021 жылдың желтоқсанында жарық көрді. Қарым-қатынас пен махаббат туралы шоу, мұнда танымал емес қатысушылар бір-бірімен танысып, сезімдеріне негізделген шешімдер қабылдайды. Бағдарламаның форматы көрермендерге романтикалық және эмоциялық сезімдерін ұсынады.
I Can See Your Voice — танымал кәріс музыкалық шоу, оның негізінде қатысушылардың шынайы дауыстарын анықтау мақсатында түрлі ойындар мен тапсырмалар орындалады. Шоудың форматында вокалдық қабілеттерін жасыратын қатысушылар жиналады, олардың арасында шын әнші мен өзін әнші ретінде көрсететін қарапайым адамдар болады. Бұл шоу алғаш рет 2015 жылы 14 тамызда Кореяда шықты. Қазақстандық танымал Q-pop бойз-бендтік топ Ninety one да дәл осы кореялық шоуға қатысып, жеңгенін айта кетуге болады.
Weekly Idol. Алғаш рет 2011 жылы 23 шілдеде эфирге шықты. Айдолдар өздерінің өнерін көрсетіп, жаңа альбомдары мен әндерін таныстырады.
Physical 100 — бағдарламада 100 түрлі дене бітімі мен дағдылары бар атлеттер (100 ер адам және 100 әйел) бір-бірімен өте қиын және экстремалды сынақтарда бәсекеге түседі. Олардың басты мақсаты — ең мықты атлет атанып, үлкен жүлдені жеңіп алу.
Culinary Class Wars. Бағдарламада 80 сәтсіз аспазшы мамандары («қара қасық») мен 20 элиталық аспаз («ақ қасық») арасында ең үздік аспаз атағы үшін қатаң шайқас өтеді. Олар 100 қатысушыдан құралған күресте бір-бірімен сайысады.
Қазақстанда кәріс реалити-шоуларының танымалдығы күннен-күнге артып келеді. Жергілікті қазақстандық продюсерлер кәріс форматына негізделген жаңа жобаларды іске қосуға дайын. Бұл қазақ аудиториясының талаптарына сай жаңа контент жасаудың мүмкіндігін береді. Қазіргі кезде елімізде кәріс мәдениетіне деген қызығушылық артып, жастар арасында K-pop-қа бейімделген жаңа музыканттар мен шығармашылық тұлғалар көбейіп келеді.
Кәріс реалити-шоулары — бұл тек көңіл көтеру мен әуендер ғана емес, ол мәдениет алмасудың, жаңа сезімдер мен эмоциялардың көзі. Қазақстандық көрермендер үшін бұл шоулардың тартымдылығы олардың шынайы, эмоцияларға толы болуында жатыр. Бұл шоулардағы мәдени ұқсастықтар, қызықты форматтар мен қолжетімділік факторлары қазақстандықтардың көңілін аударуда. K-pop, кәріс дорамалары мен реалити-шоулар әлеміне деген қызығушылықтың артуы осы трендтің болашақта одан әрі дамитынын көрсетеді.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)