Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Шет елде қызмет ететін жастар көп. Солардың бірі және бірегейі Нәрікби Мақсұт Booking.com-да жұмыс жасайды. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар программист IT саласындағы жаңалықтары мен хоббиі жайлы сыр шертті.
Мен Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінде оқыдым. Ең алғаш лицейге түскенде бірден үйрене алмадым, себебі мектеп физика-математика бағытын тереңдетіп оқытатын. Сыныптастарымның көбі оқымысты балалар, оларға ілесу қиын болды. 9 сыныптан бастап, информатика пәнінен олимпиадаларға қатыстым.
ІТ әлеміне қызығушылығым өзге балалар секілді компьютерге әуестігімнен емес, олимпиадаларға қатысуымнан басталды.
11-сынып бітіргенше республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері болып, кейін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне оқуға түстім.
Өткен күндерге қайта оралсам, алғаш рет кодты 13 жыл бұрын мектепте жазған екенмін.Turbo Pascal деген тіл болатын, қазіргі күні көп программисттердің есінде де жоқ шығар. Орта мектептерде код жазуды қай сыныптан бастайтынын білмеймін.
Менің ойымша, IT саласына қызығатын оқушы 5-7 сыныптардан бастап дайындалуына болады. Осы мектеп аралығында базалық логика мен математикадан біраз түсінік қалыптасады. Қай сала болмасын баланы ерте жастан еңбекке баулыса,сол бала болашақта үлкен асуларды оңай бағындырады. Елімізде мықты IT мамандарын дайындап шығару әлі күнге дейін бәсеңдеп тұр. IT саласына қызығушылықты мектеп кезінен бастау керек деп ойлаймын. Мысалы маған информатика пәні өте қызықсыз болды. Себебі, мені оқыған кездерде жүйе ескі еді.
Қазіргі заманға сай информатика пәні өтуі үшін Counter-Strike, Dota ойындарын оқу бағдарламасына енгізсек те болады.
Өйткені, бүгінгі таңда жасөспірімдер киберспортқа қызығады. Мысалы, қазақстандық киберспортшылар, Virtus.pro, AVANGAR, k23 сияқты топтар жастар арасында танымалдыққа ие және үлкен нарыққа қосылып жатыр.
Менің мамандығым — программист инженер. Нақтырақ айтсақ, мобильді қосымшаларды жасаумен айналысамын. Booking.com компаниясына өз түйіндемемді тапсырып, интервьюден сәтті өтті. Интервьюдің соңғы кезеңі Амстердам қаласында болды. 2019 жылдан бері Booking.com-ның негізгі IOS қосымшасымен айналысамын. Яғни, сол қосымшада пайда болатын жаңа функцияларға жауаптымын. Жұмыс барысында Apple нұсқаулығына (guidelines) жүгінемін.
Қазақстандық көп жастар Booking.com компаниясына түйіндеме жіберіп, іріктеуден өте алмай жатады. Өзім осы компанияның ішкі тынысымен таныс болғасын, жастарға жұмысқа тұру үшін бір қатар кеңестер бергім келіп тұр: Ең біріншісі, жастар резюмеге мұқият мән бермейді — ол бір парақ болу керек. Программалау ісінен 3-5 жыл тәжірибе қажет. Келесі кезеңде интервьюге жақсылап дайындалыңыздар. Себебі, интервью алатын компания қызметкерлері ойлап тапқан жобаңыздың сізге немесе қолданушыларға қаншалықты пайдалы болғанына мән береді. Өнім жасау арқылы қанша ақша жасадың, потенциалды клиентті шақыра алғаның ескеріледі. Сіздің жеткен жетістігіңізді салыстырмалы түрде есептей алатын «qualitative and quantitative» метрикалары болуы керек. Жобаның авторы ретінде алған әсеріңізді интервьюде ашық баяндаңыз.
IT мамандарына аналитикалық және кодингті дамыту керек. Stakeholder management деген түсінік бар. Яғни бірге жұмыс жасайтын әріптестеріңізбен дұрыс қарым-қатынаста болу. Стратегияны қою арқылы, мәселенің түйінін таба алатын қасиетіңізде болуы шарт. Себебі, жобаға қатысты мәселені шеше алсаңыз, сол кезде ғана мықты программист бола аласыз. Программаны меңгеріп ғана қоймай, дағдыны да қалыптастырыңыздар. IT-да тәжірибе жинағыңыз келсе, сол тәжірибеге апарар жолды іздеңіз. Жолдың өзін мақсат етіп алу керек. Сондай-ақ, қандай қиындық көрсеңізде табанды болыңыз.
Әрбір нәрсенің екі жағы болады. Booking.com сияқты алып компанияларда жұмыс жасайтын қызметкерлерде «Импостер синдромы» кездеседі. Импостер синдромы- адамның өз жетістіктерін өзінің қасиетіне, қабілетіне, күш жігеріне жатқыза алмайтын психологиялық құбылыс. Бірақ, жұмыс жасай келе, өзіңді лайық көрмеудің қажеті жоқ екенін түсінесіз. Жұмыста тәжірибе жинау арқылы да синдромнан құтылуға болады.
Booking.com компаниясының көп құндылығы табиғатыма жақын. Компанияда Think customers first — біздің клиенттер әрқашан бірінші орында деген ереже бар. Одан бөлек, learn forever— әрдайым оқы, own it— жетік игере білу, do the right think— дұрыс әрекет жасау, succeed together— табысқа жету. Егер осы құндылықтарды ұстансаңыз, сөзсіз жетістікке жетесіз деп ойлаймын.
Қазақстанда IT мамандары бірігіп, пікір алмасатын қауымдастығымыз бар. Жаңадан бастап келе жатқан программистерге көмектесуге тырысамыз. Еліміздегі инженерлік кадр дайындау саласы орасан зор пайдасын тигізіп жатыр. Қауымдастықтар жақсы дамып жатыр, алдағы 10 жылда біртіндеп мақсатқа жететін болармыз.
2021 жылдың жаз айларында шетелдік компанияларда істейтін достарым Алибек Датбаев пен Аман Утемуратов үшеумізге идея келді. Білесіздер, программист — елімізге жетіспей жатқан мамандықтың бірі. Мен бұл саламен мектеп кезінен айналыса бастадым. Нәтижеге жетуге мықты мұғалімдеріміз бен жақсы ресурстар әсер етті. Бірақ, ресурстардың бәрі орыс немесе ағылшын тілінде еді. Мен толықтай қазақ мектебінде оқыдым. Бірақ, бағдарламалау бойынша бірде бір қазақша кітап болмады. Ал, еліміздегі мектептердің көбі қазақ тілінде. Әріптестеріммен Анттидің Competitive Programmer’s Handbook деген кітабын аударуды ойладық. Компьютер ғылымы (computer science) негіздерінің ең қажет бөлімі — алгоритмдер. Бұл алгоритмдерді білмей бірде бір дұрыс жүйелер құра алмайсыз. IT-компанияларға жұмысқа шақырғанда осы алгоритмдерді білу міндеттелген. Бұл кітаптың арқасында біраз адам Google мен Facebook жұмысқа орналасқан, оқушылар олимпиадаларда жеңіске жеткен. Болашақта тегін қазақ тілді алғаш программалау кітабын шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Осы арқылы келешекте әлемдік алаңда талай қазақтың программисттерінің шығуына септігін тигіземіз.
Екі жыл бұрын Narikbi LIVE атты авторлық подкасттымды бастадым. Осыған дейінгі 46 аса эпизодымыз аудио подкаст платформаларда жүктеулі тұр. Подкастта кәсіби және рухани даму тақырыптарында сұқбат жүргіземін. Бірнеше рет Apple Podcast charts-та топ бір болған. Мен адамдармен сөйлескеннен ләззат аламын. Елден кеткеннен кейін танысу мүмкіндігінен айырылдым. Физикалық түрде кездесу мүмкін емес. Сондықтан подкаст маған нетворкинг платформа секілді көрінді. Кейін жобаға айналып, өз тыңдарманымызды таптық. Расында қазіргідей сұранысқа ие болады деп күтпедім.
Подкаст тыңдарманға арналса, оқырман қауымға телеграмдағы Narikbi LIVE каналым бар. Каналым подкаст жүргізуге де көмегін тигізді. Ал, қазір оқырман көбейген сайын әлі де каналымды дамытқым келеді. Ағарту ісі өзіме ұнайды. Ағарту ісі арқылы жастарға бағдар бергім келеді. Бәрімізді дүр сілкіндірген қаңтарда болған шеруде тонаушылар жаппай қылмыс жасады. Бұның бәрі надандықтан пайда болды деп ойлаймын. «Ағартушылық — надандықпен күресудің бір жолы», — деп санаймын.
Әлихан Бөкейханның: «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден», — деген сөзі бүгінгі кейіпкерімізді айқындап тұрғандай. Жат елге кетсе де, қазақтың жастарын заманға сай сауаттандыруды өзіне мақсат еткен. Бұл мақсаттың көп күтпей орындалатынына сеніміміз кәміл.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)