Қазақстан интерьерлік дизайн саласындағы ең беделді көрмелердің бірі — Salone del Mobile Milano көрмесіне алғаш рет қатысты
Бүкіл әлемнің назары биыл 13-24 мамырда өтетін 78-ші Канн кинофестиваліне ауғанымен, осы аптада Миланда шығармашылық...
Бүгін біз ALPHA тобының әншісі Абулхайыр Мадешпен (A.boo) сұхбаттасамыз. Ол сахнаға қалай келді? Бокс пен ән арасындағы таңдау қалай жасалды? Топпен жұмыс, жеке шығармашылық және шоу-бизнеске деген көзқарасы – бәрі осы сұхбатта.
— A.boo, алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз.
Менің атым — Абулхайыр Мадеш. 24 жастамын. Өнер жолына осы Project X продюсерлік жобасы арқылы келдім. Бірақ бұл менің өнерге алғаш қадамым емес. Оған дейін Чайковский атындағы музыкалық колледжге түскенмін. Онда төрт жыл эстрада бөлімі бойынша білім алдым. Ал одан бұрын 8-9 жасымнан бастап бокспен айналыстым. Әкем бокстан жаттықтырушы болды, мен 6 жыл бойы бокспен шұғылдандым.
Арманым боксшы болуы еді. Алғашында спорт мектебіне түстім, ұнамаған соң екіншісіне түсуге талпындым. Бірақ сәтсіздік болды. Сол кезден бастап «сынып қалғандай» болдым. Ал 9-сыныпта қолым сынып, боксты қойған едім.
— Қай өңірденсіз? Балалық шағыңыз қайда өтті?
Алматы қаласында туғанмын, бірақ балалық шағым Ұзынағаш ауылындағы Қазыбек бекетінде өтті. Апам мен атамның қолында өстім. Үшінші сыныпқа дейін ата-анамның қолында, қалада өстім.
— Бокстан сахнаға өтуіңіз қалай болды?
Бастапқы арманым — боксшы болу еді. Бірнеше спорт мектептеріне тапсырып көрдім. Бірақ бірінен-бірі болмай, жарақаттар болды. Бір жолы қолымды сындырып алып, содан кейін боксты тастауға тура келді. Ол сәт мен үшін бетбұрыс болды. Музыка мені қайтадан өзіне тартты.
Оқи отырыңыз: «Әртіс боламын деп ойламадым»: ALPHA тобының мүшесі қалай өнерге келді?
— Музыка сіз үшін не білдіреді? Бұл жолды таңдауға не себеп болды?
Музыка мен үшін — ішкі еркіндік. Бұл жолды таңдауға себеп — өзімді білдірудің, жан дүниемді жеткізудің ең мықты тәсілі осы деп сезінуім. Ән арқылы эмоциямды, ойымды, ішкі жан-дүниемді жеткізе аламын.
— Қазіргі таңда өзіңіз топ ішінде қандай рөл атқарасыз?
Өзімді композитор ретінде көремін. Әндерге өз үлесімді қосуға тырысамын. Басында композиторлық жағына қатты араласпаған едім, кейіннен өз идеямды, музыкалық ойымды іске асырып келемін. Топтағы рөлім — музыкалық мазмұнға тереңдік беру.
— Топ пен жеке шығармашылықты қалай қатар алып жүрсіз? Бұл топтың саясатына қайшы емес пе?
Бұл топта еркіндік бар. Өз жобаларымды қатар жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл мен үшін өте маңызды нәрсе. Еркіндік — менің шығармашылығымның ең басты шарты.
Ал жеке шығармашылыққа келсек, жалпы үш әнімді шығарғанмын. Біреуі Ayau-мен Feat, Tartady әні. Жақында ғана. Соның біреуі бір ай бұрын ғана «Көшеде» деген жеке әнім жарыққа шықты. Оның продюсері — Олжас Най.
— «Өстің бе?» деген клипте вокалдық шеберлігіңіз ерекше байқалды. Бұл табиғи дарын ба, әлде жаттығудың нәтижесі ме?
Бұл — тек дарын емес. Мен 14 жасымнан бастап дауысыммен жұмыс істеп келемін. Өз бетімше жаттықтым, түрлі әншілердің техникасын зерттедім. Мелизматика, тембр, диапазон — барлығына мән бердім. Бұл – дайындық пен еңбектің нәтижесі деп ойлаймын.
— Фонограмма жайлы не ойлайсыз? Жанды дауыспен айту сіз үшін қаншалықты маңызды?
Жанды дауыспен айту — басты қағидам. Әрине, кейбір әншілер фонограмманы қолданады, оған қарсы емеспін. Бірақ өзімнің таңдауым — жанды дауыс. Сахнада нағыз эмоция мен шынайылықты жеткізгің келсе — тірі дауыс қажет.
— Сізге шабыт беретін шетелдік немесе отандық әртістер кімдер?
Көбіне шетелдік әртістерден мотивация аламын. Өзімді олармен жиі салыстырамын: дауыс, би, сахнада өзін ұстау, харизма — бәріне мән беремін. Поп мәдениетінің «корольдері» деп аталатын әлемдік деңгейдегі әртістер мені ерекше шабыттандырады. Солардың бірі — Джастин Бибер.
— Қазақстан шоу-бизнесіне қандай жаңалық алып келгіңіз келеді?
Мен жаңа бағыттағы әндермен елдің музыкалық талғамын кеңейткім келеді. Қазір түсініксіз болып көрінуі мүмкін кей әндерім уақыт өте келе өз орнын табады деп сенемін.
— Сахнаға шығар алдындағы арнайы ритуалдарыңыз бар ма?
Иә, сахнаға шығар алдында өзімше ішкі дайындықтан өтемін. Кейде қобалжымас үшін дұға етемін. Бірақ амулет, медальон сияқты заттарды тақпаймын.
— Қоғамда кездесетін кейбір дәстүрлі таптаурын идеялар, мысалы «Қашан үйленесің?» деген сұрақтар туралы не айтасыз?
Иә, ондай сұрақтар жиі қойылады. Жасым 20-дан асты, сондықтан да «үйленетін кезің болды ғой» дейтіндер табылады. Бірақ қазір менің басты мақсатым — карьерам. Ата-анам бұл жолды таңдағанымды түсінеді, қолдайды. Сондықтан да ондай қысымға аса мән бермеймін.
Оқи отырыңыз: Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)