Қазақ тіліне аударылған 5 үздік әдеби шығарма

3 минуты Арай Қадылбек
Қазақ тіліне аударылған 5 үздік әдеби шығарма

Шығарманың өзге тілге аударылуы оған жаңа тыныс сыйлайды. Автор аударма арқылы басқа халыққа танылса, оқырман сол тілдегі туындыны ана тілінде оқу арқылы мүлде басқа елге сапар шегуге мүмкіндік алады. Әдебиеттің бір құдіреті осында болса керек.


Л. Толстой «Анна Каренина»

Орыс тілінен аударған: Ғали Орманов

Жарық көргеніне бір жарым ғасыр уақыт өтсе де оқырман қызығушылығын суытпаған бұл туынды әркімге әртүрлі ой қалдырады. Бір уақытта бірнеше отбасының, адамның басынан өткен тағдыр оқырманды ойландырмай қоймайды. Махаббатпен басталған қарым-қатынас соңы неге сәтсіз аяқталды?

Соңы қалай аяқталатыны белгісіз отбасылық өмір түсіністік пен сүйіспеншілікке ұласуының себебі неде? Опасыздыққа мейіріммен жауап беру мүмкін бе? Міне осы сұрақтар бұл шығарманы оқыған әр оқырман көкейінде қойылары анық. Роман XIX ғасырдағы орыс қоғамының түрлі тап өкілдері өмірімен (ақсүйектер, дворяндар, шаруалар) танысуға мүмкіндік береді.

«Бақытты семья біткен бір-біріне ұқсас та, әрбір бақытсыз семья өзінше бақытсыз», — деп басталған шығарма оқырманын тереңдігіне еріксіз тартып әкетеді. Шығарма театр сахналарында қойылып, бірнеше рет экранизацияланған.

Электронды нұсқасына сілтеме

Маршалл Алан «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» («I Can Jump Puddles»)

Орыс тілінен аударған: А. Садықова 

Аллан алты жасында полиомиелит ауруына шалдығып, сал болып қалады. Бұл оның шығармашылық жолына айтарлықтай әсер етті. «Мен балшықтан секіріп аттай аламын» повесі өмірбаяндық трилогияның бірінші кітабы. Шығармада жұқпалы вирус әсерінен жүру қабілетінен айырылып, төсекке таңылған баланың сезімдері, мақсатына жетер жолдағы қайсар рухы бейнеленген.

Сонымен қоса әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас та романда айырықша көрініс табады. Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхатында» соншама аянышты, қиын жағдайдағы өмірді жеңіл суреттеп, жеткізе білу стилі М. Алан шығармашылығына да тән. Кітап желісімен Аустралияда мини сериал түсірілген.

Электронды нұсқасына сілтеме  

Хаггард Генри «Сүлеймен патшаның кеніші» («King Solomon’s Mines»)

Орыс тілінен аударған: Мұхтар Мағауин

Шығарма жиһангез аңшы Аллан Куатермэннің естелігі ретінде жазылған. Аңшы кемеде кездескен таныстарының ұсынысымен ертеден келе жатқан картаны басшылыққа алып, ұзақ әрі тәуекелі көп сапарға аттанады. Ақыры Інжілде айтылған Соломон патшаның қазынасы жасырылған Кукуан еліне жетеді.

Шығарма басындағы кіріспеде Аллан Куатермэннің «Осыншама ен байлыққа ие болу үшін мен соңғы он бес-он алты ай бойы көргенімді, тіпті бәрі сәтті аяқталатынын, ырыс-дәулетке кенелерімді алдын ала біле тұра, тағы бір рет бастан өткеруге әсте келіспес ем», — деуінен-ақ сапардың қаншалықты қауіпті әрі шытырман болғанын бағамдай беруге болады.

Уинстон Черчилль романды 12 рет оқыпты деген ақпарат бар. Роман бірнеше рет экранизацияланған. Бірақ барлығы дерлік түпнұсқадан алшақ.

Электронды нұсқасына сілтеме

Орхан Памук «Менің атым — Қырмызы» («Benim Adım Kırmızı»)

Түрік тілінен аударған: Амангелді Құрмет

Түркі халықтары ішінен алғаш рет Нобель сыйлығын алған қаламгер О. Памук шығармалары әрқашан оқырманын түрлі кезеңдердегі Стамбулға сапар шектіреді. Аталмыш романда Осман империясының құлдырау кезеңіндегі оқиғалар суреттелген. Сол кездегі Ислам әлеміндегі сурет өнерінің жағдайы сөз болады.

Шығыстық бояуы қанық шығармаға детектив жанры шебер үйлестірілген. Романның басты ерекшелігінің бірі — болған оқиғаның әр тараптан баяндалуы: басты кейіпкерлер және күдіктілер, сондай-ақ «жаңа романға» тән өзгеше кейіпкерлердің әңгімесі (өлілер, ит, ағаш) — шығарманы барынша қызықты ете түседі. «Менің атым — Қырмызы» романын автор өзі «ең әдемі әрі ең жақсы көретін романым» деп атаған. Қаламгердің «Сезім музейі», «Үнсіз үй», «Жаңа өмір», «Менің оғаш ойларым», «Беймаза бозторғай» кітаптары да қазақ тіліне аударылған.

Ж.Роулиң Хәрри Поттер туралы романдар сериясы

Ағылшын тілінен аударған: «Steppe&World Publishing» баспасы

Фантастикалық романда сиқыршы бала Хәрри Поттердің қызықты хикаялары баяндалады. Жетім болса да жасымай, әрқашан адалдығынан таймай, зұлым күшке батылдықпен қарсы тұратын Хәрри мен достарының оқиғасы әлемге кітабы мен фильмі арқылы қатар таныс. Бұл шығарманы оқыған адам бір рет болса да ойша Хогуартс сиқыр мектебіне сапар шегері анық.

Шығарма шынайы достық, мейірімділік сынды асыл қасиеттерді дәріптеген, балаларға арналған туынды болып саналғанымен, ересектер арасында да сұранысқа ие. Алғашқы кітабы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» өткен жылы ақпан айында басылып шықты. Содан бері рет-ретімен «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны» «Хәрри Поттер мен отсауыт» болып жиыны төрт кітабы оқырманға ұсынылған. Соңғы уақытта шебер аударылып, көпшілік көңілінен шыққан шығармалардың бірі. Биыл романның басты қаһарманы Хәрри 41 жасқа толды.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты