Анна Франктың күнделігінің ізімен: ксенофобия, нәсілшілдік пен жеккөрушілікке жол жоқ

2 минуты STEPPE
Анна Франктың күнделігінің ізімен: ксенофобия, нәсілшілдік пен жеккөрушілікке жол жоқ

Холокостты еске алу күні біз Израильдің Қазақстандағы елшісі Лиат Векселман; Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Андре Карстенс; БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бірлесіп жазған хатпен бөлісеміз. 

Осы күн аясында өткен аптада әлеуметтік желілерде #AnneFrank челленджі басталған болатын, оны Аружан Саин және Динара Сәдуақасова қолдады. 

2021 жылдың 27-қаңтары — Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні.


Біріккен Ұлттар Ұйымы 27-қаңтар – Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні деп жариялады.  Бұл Аушвиц-Биркенау концлагері азат етілген күн.

Бұл күні халықаралық қауымдастық Холокост құрбаны болған алты миллион еврейлерді еске алады.


Біз Холокостың жан түршігер сұмдықтары мен әділетсіздіктерін еске түсіру арқылы, жас ұрпаққа осындай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбауы қажет екендігін  көрсетеміз. Біздің міндетіміз – толеранттылықты қолдайтын және халықтардың алуан түрлі екендігін түсініп, бағалай білетін ұрпақ тәрбиелеу.  Нәсілшілдікпен, антисемитизммен және жеккөрушілік пен дискриминацияның кез-келген түріне қарсы ашық түрде күресетін ұрпақ тәрбиелеу.

Биыл біз Холокостың ең танымал құрбандарының бірі – Анна Франкке ерекше назар аударып отырмыз. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашистердің Нидерландыны жаулап алуы кезінде, Анна Франк жасырына жүріп, өзінің «Қыз күнделігін» жазды. Аннаның бұл күнделігі – Холокост құрбаны болған әлемдегі балалар туралы жазылған ең керемет айғақтардың бірі. Анна өз жанұясымен бірге жасырына жүріп, өзінің армандарын, үміттері мен уайымдарын шын жүректен және әсерлі түрде сипаттайды. Және таңғалдыратыны, оның армандары, үміттері мен уайымдары бүгінгі күні де өте анық. Күнделік алғашқы жазылған кезіндегідей маңызды болып қалуда. Бұл күнделікті оқыған кез-келген жасөспірім өзін тани алады.

1999 жылы «Time» журналы Анна Франкты 20-ғасырдың батырлары мен кумирлерінің  («Ғасырдың ең ықпалды адамдары») тізіміне қосты.

Анна Франктің күнделігі қазірдің өзінде голланд тілінен 70-тен астам өзге тілге аударылған. Жақында бұл күнделік қазақ тіліне аударылды.

Біз Аннаның күнделігін бала кезімізде оқып, қатты толқыдық. Анна өзінің күнделігі арқылы әлемдегі миллиондаған адамдарға шабыт беруді жалғастыруда. Кітап еркіндікке ұмтылған жас рухтың жеңілмейтін күшін еске салады. Анна: – «Әр адамның ішінде жақсы жаңалықтар болады. Жақсы жаңалық – сіз өзіңіздің қаншалықты жақсы екеніңізді білмейсіз! Сіз қаншалықты жақсы көре аласыз! Сіз не істей аласыз! Сіздің әлеуетіңіз қандай!», – деп жазды.  Анна жақсы өмір, бейбітшілік туралы армандады және біздің әрқайсысымыздың бақытты  болашақты  құруда өз рөліміз бар екендігіне  нық сенді. Ол: «Әлемді жақсарту үшін ешкімге бір минут күтудің қажеті жоқ», – деп жазды.

Ксенофобиялық пікірді естігенде, нәсілге бөлу мен кез келген төзімсіздікті көрген кезде, бізді есту үшін әрекет етуіміз керек. Осы істі жүзеге асыруға жастардың қатысуы өте маңызды! Анна Фрэнк: «Сіз адамдардың аузын жаба аласыз,  бірақ олардың ойлауына кедергі жасай алмайсыз, өйткені олар тым жас» – деген дана ой түйеді.

Холокост құрбандары еске ала отырып, Анна Франктың: «Болған оқиғаны қайтара алмаймыз, бірақ алдын алуға болады», – деген сөздерін есте сақтайық.

Сізді Аннаның күнделігін оқу барысында, сізге шабыт берген  дәйексөздермен  #AnneFrank хэштегін қолдана отырып  әлеуметтік желілерде бөлісуге шақырамыз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты