STEPPE AWARDS 2025: Өтінім қабылдау аяқталды
Steppe Awards 21 Августа, 2025

STEPPE AWARDS 2025: Өтінім қабылдау аяқталды

STEPPE AWARDS — креативті индустриялар саласындағы премия. Ол жас креаторлар мен олардың жобаларын мойындау, қолдау және ілгерілету құралы болып табылады.


Бірнеше ай бойы біз 16 санат бойынша өтінімдерді қабылдадық. 15 қыркүйекте премияның лонг-листі, ал 25 қыркүйекте шорт-листі жарияланады. Сонымен қатар, премия аясында көрермендер дауыс беруі қарастырылған. Бұл дауыс беру арқылы STEPPE аудиториясы Smart Influence номинациясының шорт-листіндегі сүйікті жобасын таңдай алады.

29 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында (ҚазҰОБТ) өтетін салтанатты рәсім барысында STEPPE AWARDS 2025 жеңімпаздары белгілі болады.

Премияға қатысты жаңалықтар мен апдейттерді біздің әлеуметтік желілерімізде қарай аласыз.

Автор статьи

STEPPE