Спортпен айналыспасаңыз, неден айырыласыз? Дүниетанымызбен спорттың байланысы

4 минуты Аяна Сейтхан
Спортпен айналыспасаңыз, неден айырыласыз? Дүниетанымызбен спорттың байланысы

Қайғы мен бос қуыстай сезім көкірекке тола бастағанда, жағымсыз күйлерге түспеу үшін ең қарапайым қеңес – уақытында серуендеу. Біздің миымыз айналысатын ештеңе таппаса, ол қажетсіз ойларға, көбінесе қорқыныш пен алаңдаушылыққа, одан да жиі – шындықпен еш байланысы жоқ ойларға жабыса бастайды. Серуенге немесе жүгіруге шығу назарыңызды қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Қанға оттегінің келуі және жүрек соғуының жиілеуі пайдалы гормондардың бөлінуін бастатады, сонда сіз өзіңіз байқамай да, ішіңіздегі уайымды сезбей, көңіл-күйіңіз өзгереді.

Егер симптом бір апта немесе одан ұзақ уақыт бойы байқалса, бірінші кезекте маманға (психологқа, психотерапевтке, психиатрға) жүгіну маңызды.

Біздің денеміз стресс пен алаңдаушылыққа кернеу, қысылу, шиеленіспен жауап береді. Біздің тынысымыз баяулайды, ағзамызға оттегі аз түседі, барлығы кернеуден қысылады. Белсенді тыныс алу және денемізді оттегімен қамтамасыз ету, керісінше, организмнің жасушаларының қоректенуіне және босаңсуына мүмкіндік береді, бұл жүйке жүйесінің табиғи релаксациясымен жалғасады – шиеленіс пен алаңдаушылық басылады.

Егер біз кернеу мен алаңдаушылық арқылы әрекет етсек, бәрі күрделі болып көрінеді, міндеттер мәселелерге айналады, біз жетістіктерімізден сирек қанағаттана бастаймыз. Барлығы 180 градусқа өзгереді. Ал егер біз ішкі тыныштық пен бейбітшілік жағдайынан әрекет етсек: қиындықтар оңай өтеді, басқа адамдардың қателіктері шашымызды тік тұрғызбайды, біз өмірден қанағат ала бастаймыз. Өмірден ләззат алу – біздің отынымыз. Мазасыздық күйде ләззат алу мүмкін емес, себебі ондай сәтте бүкіл денеміз өз энергиясын аман қалуға жұмсайды (оған қоршаған ортамыз ондай жағдайда өте қауіпті және дұшпандық болып көрінеді).

Адам ағзасы бастапқыда белсенді өмір салты үшін жаратылған. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз аң аулау, азық-түлік жинау және баспана салу үшін күн сайын ұзақ жол жүріп өткен. Қозғалыс олардың өмірінің ажырамас бөлігі болып, олардың аман қалуына және өркендеуіне көмектесті. Дегенмен, қазіргі әлемде біз күннің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізіп, кеңсемізбен шектелеміз. Бұл өзгеріс біздің өмір салтымызды түбегейлі өзгертті, және өкінішке орай, денеміздің пайдасына емес.

Қозғалыс табиғи қажеттілік ретінде

Біздің денеміз бен санамыз тарихи түрінде белсенді өмір салтына үйренген. Күнделікті физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлардан жүйке жүйесіне дейін барлық дене жүйелерінің жұмысын ынталандырады. Біз қозғалған кезде қан айналымы дұрысталады. Бұл органдар мен тіндерді оттегімен және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, олардың қалыпты жұмыс істеуіне және регенерациясына ықпал етеді.

Спорт кезінде бөлінетін гормондар

Дене белсенділік кезінде әртүрлі гормондар бөліне бастайды, олардың әрқайсысы психикалық денсаулықтың сақтауында рөл атқарады.

  1. Эндорфиндер – табиғи ауырсынуды басатын ем ретінде жұмыс істейді, ауырсыну сигналдарын блоктап, эйфория сезімін тудырады. Эндорфиндерді жиі «бақыт гормондары» деп атайды. Жаттығу кезінде эндорфиндердің жоғарылауы сіздің көңіл-күйіңізді көтеруге және ішкі стресс деңгейіңізді төмендетуге көмектеседі. Бұл әсері кейде «runner’s high»  (жүгірушінің эйфориясы) деп аталады және депрессия мен алаңдаушылықпен күресуге көмектеседі.
  2. Дофамин – мотивация гормоны. Ол пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және бізді кез келген істі істей беруге ынталандырады. Спортта жаңа мақсаттарға қол жеткізген кезде дофамин деңгейі жоғарылайды, бұл өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға және белсенді әрекеттерге ұмтылдырады.
  3. Жаттығу кезінде бөлінетін тағы бір маңызды гормон – серотонин. Ол көңіл-күйді, ұйқыны және тәбетті реттейді. Серотонин тапшылығы көбінесе депрессия мен мазасыздықпен байланысты. Тұрақты физикалық белсенділік оның мидағы деңгейін арттырады, бұл баянды жақсы көңіл-күйді сақтауға және ұйқының сапасын дұрыстауға көмектеседі.

Тәртіп және оның психикалық денсаулық үшін маңызы

Спортпен айналысу тәртіп пен жүйелілікті қажет етеді. Тәртіп сіздің күнделікті рутинаңыздың бір бөлігіне айналатын салауатты әдеттерді дамытуға көмектеседі. Жаттығумен жүйелі түрде айналысу күніңізді құрылымдап өз өміріңіздің бақылау сезімін тудырады. Бұл әсіресе мазасыздықтан зардап шегетін адамдар үшін өте маңызды, өйткені болжау және құрылым алаңдаушылық деңгейін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, спорттық мақсаттарға жету өзін-өзі бағалау мен сенімділікті арттыруға көмектеседі. Біз өзіміздің күш-жігеріміздің жемістерін көргенде, ол физикалық дене пішінінің жақсаруы немесе жаңа спорттық жетістіктерге қол жеткізу болсын, бұл өзін-өзі бағалауға және жалпы эмоциялық күйге оң әсер етеді.

Қызықты факт

Соңғы жылдардағы ең таңғаларлық жаңалықтардың бірі – жаттығудың мидың нейропластикасына деген әсері. Нейропластика – тәжірибе мен оқу нәтижесінде мидың өзгеру және бейімделу қабілеті. Зерттеулер көрсеткендей, тұрақты жаттығулар когнитивтік функцияларды жақсартады және тіпті мидың қартаю процесін баяулатуы мүмкін.

Тұрақты жаттығу – бұл физикалық кемелдікке апаратын жол ғана емес, сонымен қатар психикалық салауаттылықтың негізі. Спортты күнделікті өміріңізге енгізу арқылы сіз оның барлық жағымды әсерлерін сезіп, өз әлеуетіңіздің жаңа қырларын аша аласыз. Бірақ спорт панацея еместігі есіңізде болсын, егер сіз депрессия немесе мазасыз ауытқулардың белгілерін байқасаңыз, психологтың білікті көмегіне жүгіну маңызды. Сенімді маманды әрқашан Sezim платформасында таба аласыз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Клетки-зомби: как они влияют на нашу кожу и можно ли от них спастись

Клетки-зомби: как они влияют на нашу кожу и можно ли от них спастись

Научные исследования подтверждают, что замедлить старение кожи возможно при воздействии на нее на клеточном уровне...

6 минут
6 минут
11 важных вопросов кардиологу
Партнерский

11 важных вопросов кардиологу

Сердечно-сосудистые заболевания (ССЗ) остаются одной из главных причин смертности в мире, и Казахстан не является исключением...

7 минут
7 минут
Ничто не вечно: как, сколько и где стоит хранить косметику

Ничто не вечно: как, сколько и где стоит хранить косметику

Сейчас попробуем предположить, что стоит на вашей полке в ванной комнате: помимо мыла и зубной щетки,  гель или пенка для...

6 минут
6 минут
В Алматы прошла презентация новой зубной пасты ProScience Advanced
Партнерский

В Алматы прошла презентация новой зубной пасты ProScience Advanced

Мероприятие прошло под концепцией «Магия утра», в рамках которого была подчеркнута важность утренних ритуалов для правильного и здорового начала дня.

1 минута
1 минута