«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей
30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...
Қазақстан қонақжай әрі көпұлтты мемлекет саналғанымен, бізбен біте қайнасып өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті жайлы аса көп біле бермейміз.
Пандемия олардың салт-дәстүрлерін түбегейлі өзгертіп жібермей тұрғанда Еуропалық одақтың қолдауымен отандастарымыз — казактар, өзбек, кәріс, ұйғыр және түрік халқының дәстүрлерімен таныстырғанды жөн көріп отырмыз.
Түрік халқы Қазақстан аумағында 75 жылдан бері тұрып келеді. 2018 жылғы мәлімет бойынша, олардың саны шамамен 200 мыңға жуық екен. Түріктер Орта Азия халқын құрметтеп, осы аумақты ата-бабаларының туған жері деп санайды.
Кеңес одағының кезінде түрік халқы биліктен көп қысым көрді. Ал зиялы қауым өкілдері болса, репрессияға ұшырады. 1956 жылы оларға тарихи отанына оралуға мүмкіндік берілді. Бірақ басым көпшілігі Қазақстанда қалуды жөн көрді.
Елдегі этникалық алуандықтың арқасында олар мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтап қалып, күні бүгінге дейін ұстанып келеді. Бұл ретте этноорталықтардың маңызы зор екенін айта кету керек. Түрік этноорталығының басым бағыттары — білім, спорт, мәдениет, ауыз әдебиеті мен қайырымдылық.
Карантин кезінде орталық өкілдері онлайн-форматқа бейімделумен шектелмей, түрік тілін үйрену курстарын ұйымдастырып, түрлі қайырымдылық ұйымдарына ерікті болып та үлгерді. Оның ішінде жеке де, Қазақстан халқы ассемблеясымен бірлесіп құрылған ұйымдар да бар.
Шәй ішу рәсімінің түрік халқы үшін маңызы зор. Әңгімелесу, келісімдер жасасу не отбасылық мәселелерді талқылау кезінде шыныаяқ шәйсіз болмайды. Кейде бір емес, бірнеше шыныаяқ ішіледі.
Дәл қазақтардағыдай, шәй — қонақжайлықтың белгісі, сол арқылы ортақ тіл табысуға болады. Түріктің бәрі күніне кемі үш рет шәй ішеді. Олай болмаса, жөнді әңгіме өрбімейді деседі.
Түрік шәйі кішкене, сүйкімді шыныаяқтан ішіледі. Құдды қызғалдақ не алмұрт бейнесіне ұқсайды. Ал шәйдің негізгі шикізаты ретінде сәлбенді арнайы әдіспен кептіріп жасайды. Ол шәйдің исін аңқытып қана қоймай, емдік қасиетке де ие.
Дәстүрлі түрік кілемдерінде үлкен мән жатады. Ондағы бейнеленген белгілер ескі мифологияға негізделеді.
Мысалы танымал мотивтердің бірі — әйел бітімі бейнеленгендері. Бұл отбасылық ошақ пен ана белгісі саналады. Ал қасқыр сұлбасы отбасын қорғауды білдіреді.
Қазіргі таңда килимді кәдуілгі кілем есебінде пайдаланады. Дегенмен қолдан жасалған, бағалы кілемдерді қабырғаға іліп қояды.
Бұл — ағаштан жасалатын музыкалық аспап. Жеті ішектен тұрады. Дәстүрлі әуен — түрік халқының кантриін сонымен шертеді.
Аңызға сенсек, адам саздың бірінші ішегін қойдың күн астында әбден кеуіп, желдің әсерінен музыкалық дыбыстар шығара бастаған ішегінен жасаған деседі. Баалама — түрік халқының ең көп таралған музыкалық аспабы. Дыбысы гректердің базукасына, түркмендердің дутарына ұқсайды. Кейде қазақтың домбырасының үнін де естігендей әсер қалдырады.
Бааламаны ағаштан жасайды. Мойны — шие ағашынан, басы жаңғақтан жасалады. Бірақ аспаптың негізгі бөлігін жасау үшін тұт ағашын пайдаланған жөн. Себебі материалдың түріне қарай оның үні де өзгереді.
Түрік халқының мейрамдарының жиынтығы. Мысалы түрік халқы бір ай ораза біткен кезде — Ораза-байрам, құрбандық шалу рәсімін атап өту үшін Құрбан-байрам тойлайды.
Биыл карантинге байланысты түрік орталығы Рамазанды кең көлемде тойлай алмады. Есесіне қайырымдылық топтарын ұйымдастырып, азық-түлік жеткізіп беріп, мұқтаж отбасыларға қажет заттармен қамтамасыз етумен айналысты.
Түрік мәдениетінің тағы бір белгісі ретінде бейресми мейрам — Хыдырлезді айтуға болады. Ол 5-6 мамырда тойланады. Тамыры терең мифологиядан шығады. Ал мейрамның өзі Ислам мен тәңіршілдік қосылған, ескі және жаңа нанымдардың қосындысы саналады.
Наным бойынша, мамырдың 5-нен 6-на ауысқан түні екі пайғамбар — Қыдыр мен Ілияс жолыққан деседі. Олар құрғақ пен теңізді бейнелейді. Сол кездесудің арқасында көктем келіп, пайғамбарлар өздерімен бірге Жердегі бүкіл тұрғынға жайдары көңіл-күй, жайлылық әкелген деседі.
Молшылық пен береке тойы қазақтың Наурызына ұқсайды. Оны түріктер жамағатпен тойлайды. Көшеге шығып, жұрт болып жиналып, әндетіп, билейді. Бозбала мен бойжеткендер от жағып, әйелдер қамырдан бұйым жасап, «Қыдырға» арнап көшеге алып шығады.
Хыдырлезді тойлаған кезде тұрғындар әдетте үлкен ағашты таңдап алады. Содан түрлі-түсті орамалдарға тілектерін жазып, таңдаған ағаштың бұтғына байлайды. Тілек ретінде өзіңіз бен жақындарыңыз үшін көңіліңіз қалаған нәрсені — махаббат, денсаулық, ақша сұрасаңыз болады.
Түрік асханасы бір бойына түрлі аймақтың ерекшеліктерін жиған, жерорта теңізі басытқыларына да, ет тағамдарына бай. Бұл құдды Азия, Кавказ, Еуропа халықтарының дәстүрлерін біріктірген, үлкен бір аспаздық тарих іспеттес.
Түрік халқы жеңіл басытқыларды, яғни мезе — салат, тұздалған өнімдер, ірімшік, саңырауқұлақ, ішіндегі салмасы ет не теңіз өнімдерінен жасалатын қуырылған боректерді сүйіп жейді.
Сонымен қатар түрік асханасында еттен жасалатын тағамның түр-түрі бар. Соның ішінде кәуаптың кәдімгі іспараға тізілген кесек ет те, ұсақтап туралған кебабтар мен кішкентай кофтелерді атап өту керек.
Тағы бір танымал ас — долма. Ішіндегі салмасына ет пен күріш салынады да, жүзім не қырыққабат жапырақтарымен оралады. Түрік халқы теңіз өнімдері мен көкөністі де көп жейді. Мысалы бір ғана баялдыдан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше тамақ түрін жасай алады.
Материал Нұр-Сұлтандағы Түрік этноорталығының төраағасы Аскет Пириевтің келісімімен әзірленді.
Аталған материалдың мазмұны — автордың жеке жауапкершілігінде, Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)